Эндокринология



бет129/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   435
Байланысты:
document

3.22 сурет. Созылмалы АИТ кезіндегі қалқанша без қызметінің динамикасы

3.22 сурет.
ТТГ- ТТГ
Т4- Т4
Эутиреоидная фаза- Эутиреоидты кезең
Субклинический гипотиреоз- Субклиникалық гипотиреоз
Явный гипотиреоз- Нақты гипотиреоз
Нормальный уровень гормонов- Гормондардың қалыпты деңгейі



Патогенезі
АИТ-тің ағза үшін патологиялық маңызы гипотиреоздың даму қаупін туғызуында. АИТ маркерлары болып табылатын ҚБ-ге қарсыденелер тасымалдаушыларының бар болу фактісі бойынша популяцияда бірнеше рет гипотиреоздың таралуынан жоғары. Бұл басым жағдайларда сырқаттың гипотиреоздың дамуына әкелмейтінін, яғни ҚБ ұлпасының лимфоидты және фиброзды тінмен ауысуы белгілі бір критикалық деңгейден аспайтынын көрсетеді. Бірақ, науқастарда біреуінде ҚБ көлемінің үдемелі ұлғаюы (гипертрофиялық түрі) және екіншісінде үдемелі көлемінің кішіреюі (атрофиялық түрі) әлі күнге дейін түсініксіз.
АИТ-тің эутиреоидты кезеңнен гипотиреозға дейін үдемелі дамуы төмендегі 3.22 суретте көрсетілген. Эутиреоидты кезең көптеген жылдар немесе онжылдарға дейін созылуы мүмкін, тіпті кейде өмір бойы жалғасады. Егер үрдіс ары қарай үдесе ҚБ-дің бірте-бірте лимфоцитарлы инфильтрациялануы мен фолликулярлы эпителийдің деструкциясы нәтижесінде, тиреоидты гормондар өндіруші жасушалардың саны азаяды. Бұл жағдайда ағзаны қажетті мөлшердегі тиреоидты гормондармен қамтамасыз ету үшін ҚБ қызметін артық ынталандыратын ТТГ өндірілуі жоғарылайды. Осы гиперстимуляция арқасында бірнеше жылдар бойы (онжылдар) Т4 өндірілуі қалыпты деңгейде болады. Бұл субклиникалық гипотиреоз кезеңі (ТТГ↑, Т4 — қалыпты жағдайда). Кейін ҚБ-дің онан әрі зақымдалуы қызмет атқарушы тироциттердің санының критикалық деңгейден төмендеуімен сипатталады және қанда Т4 деңгейі төмендейді, гипотиреоз басталады (нақты гипотиреоз кезеңі).


Эпидемиологиясы
АИТ таралуы жиілігін бағалау қиын болып табылады, себебі эутиреоидты кезеңде тәжірибе жүзінде оның нақты диагностикалық критерийлері болмайды. Жалпы популяцияда тиреоидты пероксидазаға қарсы антидене тасымалдаушыларының жиілігі 10% және этникалық құрамына қарай ауытқиды. Тиреоидты пероксидазаға қарсы антидене тасымалдаушылығы мен АИТ нәтижесінде дамыған гипотиреоз ер адамдармен салыстырғанда әйелдерде 10 есе жоғары таралған. АИТ 70–80 % жағдайда біріншілік гипотиреоздың дамуына әкеледі, жалпы популяцияда таралымы 2 % және егде жастағы әйелдер арасында таралу жиілігі 10–12%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет