Энергетика



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
саяси

«процесс деңгейі»
(process functions) деп аталады және ол қоршаған ортаның 
саяси жүйеге ықпал етуімен байланысты. Бұл саяси институттардың өз 
функцияларын қозғалыста, процессуалдық тіліктер негізінде жүзеге 
асыруынан көрінеді:
1) Мүдделер артикуляциясы (топтық бірлестіктер). 
2) Мүдделерді біріктіру (партиялар). 
3) Саяси бағытты анықтау (парламент). 
4) Саясатты жүзеге асыру (атқарушы әкімшілдік) 
5) Төрелік (сот органдары).
Екінші топтама 
«жүйе деңгейі»
(«system functions») деп аталады. Мұнда 
қоғамның саяси жүйеге бейімделуі жүзеге асады. Саяси жүйенің тұрақты өмір 
сүруі, келешегі немесе керісінше, түбірлі өзгерісі осыған байланысты. 
Біріншіден, бұл жеке тұлғалардың отбасы, мектеп, мешіт/шіркеу сияқты 
әлеуметтік институттармен байланысты саяси жүйенің стандарттары мен 
құндылықтарына үйренісуі, әлеуметтенуі. Екіншіден, жүйенің жақтастары 
немесе қарсыластарын, белсенді немесе енжар азаматтарды, кейін саяси 
қызметпен кәсіби түрде айналысуы мүмкін адамдарды өз жағына тарту, 
жасақтау. Үшінші - саяси байланыс. Бұл бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) 
мен басқа да ұйымдардың ақпараттық-насихат қызметі, манипулятивті 
жұмысы арқасында жүзеге асады. Әсіресе өтпелі кезеңдерде осы үш жағдайды 
(әлеуметтену, жасақтау және тиімді насихат) ескермеген, өз деңгейінде 
қамтамасыз етпеген саяси жүйе әлсіреп, соңында өмір сүруін тоқтатуы 
мүмкін. 
«Басқару деңгейі» 
(«policy functions») деп аталатын соңғы үшінші 
топтамада қоғамның ұжымдық ресурстарын басқарумен байланысты 
міндеттер шешіледі. Олар: 
1) Ресурстарды өндіру немесе игеру, оны елдегі салық жинаумен 
салыстыруға болады.
2) 
Ресурстарды құрылымдық реттеу (бір әлеуметтік немесе 
экономикалық саладан басқа бір салаға аудару).
3) Ресурстарды бөлу (әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақы беру, 
экономикалық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру, т.б.). Осы топтама 
жұмысының нәтижелері әлеуметтік ортаны өзгертіп басқарушының, яғни 
саяси жүйенің тұрақтылығын, орнықтылығын күшейтеді немесе әлсіретеді.
Саяси жүйенің теориялары К. Дойч, У. Розенбаум, Д. Элазар, Д. Дивайн, 
Дюверже, т.б. еңбектерінде жалғасын тапты. 
Ғылымда саяси жүйенің типологиясы жөнінде ортақ пікір жоқ. Саяси 
жүйені жіктеудің ең кең тараған түрлері: демократиялық, тоталитарлық, 


38 
авторитарлық және теократиялық. Дегенмен беделді ғалымдардың пікірлері 
төмендегідей:
Француз философы, саясаттанушы Р. Арон (1905-1983) пікірінше, 
қоғамның түріне қарай саяси жүйелер 
дәстүрлі, жаңартылған демократия
және 
тоталитарлық
болып үшке бөлінсе, қоршаған ортамен өзара қарым-
қатынасына қарай 
ашық
және 
жабық
болып екіге бөлінеді. Жоғарыда аты 
аталған Г. Алмонд саяси мәдениет және билікті ұйымдастыру формаларына 
қарай ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, индустрияға дейінгі 
және жартылай индустриялы, тоталитарлық деп бөледі. Марксистер саяси 
жүйені қоғамдық-экономикалық формация түрлеріне қарай құл иеленушілік, 
феодалдық, буржуазиялық және пролетарлық (социалистік) деп бөледі. 
Саяси жүйенің ашық немесе жабық деп бөлінуі оның сыртқы ортамен 
өзара қарым-қатынасына негізделеді. Жабық саяси жүйелер сыртқы ортамен 
шектеулі байланыс орнатқан, олар басқа жүйелердің құндылықтарына зейінсіз 
деуге болады. Олар даму ресурстарын жүйенің өз ішінде табуға тырысады. 
Ашық жүйелер сыртқы әлеммен белсенді байланыс орнатып, басқа 
жүйелердің де құндылықтарын қабылдауға, қозғалысқа, өзгеріске дайын 
болып келеді.
3. Тоталитарлық Кеңестер Одағының құрсауынан шыққан Қазақстан 
үшін жаңа мемлекет құру, оның саяси жүйесін қалыптастыру оңайға соққан 
жоқ. Саясаткерлер мен ғалымдардың пікіріне сүйенсек, тәуелсіздіктің 
алғашқы жылдары «бұл үрдіс өте қайшылықты, тартысты, қателіктер мен 
қатерлер арқылы жүрді». Еліміздің саяси басшылығы мен интеллектуалдық 
күштері алдында аса күрделі міндеттер тұрды. Әлеуметтік топтардың 
мүдделері мен қажеттіліктерін бұрынғы саяси жүйе қанағаттандыра алмады. 
Сол жылдары ең өткір мәселелердің қатарында азаматтардың саяси, 
экономикалық және әлеуметтік құқықтарын кеңейту, сөз бостандығы, 
азаматтардың қауіпсіздігін нығайтып, азаматтық татулық пен қоғамдық 
тәртіпті нығайту тұрды. Еліміз алдында тұрған ең бір күрделі 
проблема мемлекетті қалыптастыру еді. Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, 
сонымен бірге оның барлық кіші жүйелері мен салаларын қамтитын
біріктіретін, заңдар аясында олардың бүкіл қызмет-тіршілігін реттейтін, олар 
үшін біртұтас, ажырамас және бөлінбес ұйым болып табылады.
Қазақстан ғалымдарының мемлекет құрылысы, саяси жүйе табиғаты 
мен қызметіне қатысты ғылыми зерттеулеріне сүйене отырып, қазіргі кезеңде 
еліміздің саяси жүйесінің қызметіне тән мынадай негізгі функцияларды атап 
көрсетуге болады: 
- Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі 
заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару; 
- қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған 
сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру; 
- қоғам мүшелерін әлеуметтендіру; 


39 
- артикуляция яғни, қоғамдағы әртүрлі таптардың, топтардың 
мүдделерін анықтау, бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары 
қызметінде ескеру және тағы басқалары. 
Бүкіл халықтық референдумда 1995 жылғы қабылданған Қазақстан 
Республикасының Конституциясы еліміздің саяси жүйесінің жаңа бейнесін 
қалыптастырды. Осы жылдан еліміздің саяси жүйесінің дамуының жаңа кезеңі 
басталды. Еліміздің осы жылдардағы конституциялық дамуы оның іргелі 
негіздерінің 
беріктігін, 
өміршеңдігін, 
оны 
құраушы
институттық 
құрылымдардың 
міндеттері 
мен 
басқару 
мүмкіндіктерінің 
дұрыс 
анықталғандығын дәлелдеді. Еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған 
Президенттік институт, қос палаталы Парламент, көппартиялылық, азаматтық 
қоғам институттары тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдар қалыптасып 
қызмет жасауда. Бүгін Қазақстанда қоғамдық өмірдің барлық салаларын 
қамтитын жаңа азаматтық институттар қалыптасып, олардың қызметіне 
қажетті ұйымдық-құқықтық негіздер нығая түсуде. 
Бақылау сұрақтары 
1 Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз не? 
2 Саяси жүйе негізгі функциялары қандай? 
3 Саяси жүйені құраушы элементтерді атаңыз. 
4 Саяси жүйе теориялары туралы не білесіз? 
5 Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі қандай түрге жатады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет