Энергетика



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
саяси

Бақылау сұрақтары 
1 Саяси элита дегеніміз не?
2 Саяси элиталардың өмір сүруінің объективті жағдайларын атаңыз. 
3 Саяси элиталарды қалыптастырудың қандай жүйелері бар? 
4 Саяси көшбасшылық дегеніміз не? 
5 Саяси көшбасшының негізгі функцияларын атаңыз. 
 
6 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі 
 
1 Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері.
2 Саяси жүйенің негізгі теориялары. Саяси жүйелердің типологиясы. 
3 Қазақстан Республикасының саяси жүйесі. 
Дәрістің мақсаты: 
Саяси жүйе туралы түсінік қалыптастырып, оның 
құрылымы мен түрлері, Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы 
білім қалыптастыру. 
1. Қоғамның саяси жүйесі – қоғамдағы билік пен басқаруды жүзеге 
асыратын, біртұтас нормативті-құндылықтар негізінде ұйымдасқан саяси 
субъектілердің (мемлекет, саяси партиялар, топтар мен жеке тұлғалар, саяси 
қозғалыстар, саяси ұйымдар мен бірлестіктер, жергілікті басқару органдары, 
т.б.) өзара қарым-қатынастарының, саяси санасы мен мәдениетінің және саяси 
нормалардың жиынтығы болып табылады. Саяси жүйе ұғымы нақты бір 
қоғамға тән саяси қызмет пен қарым-қатынастар құрылымын және саяси 
үдеріс түрлерін білдіреді. Шын мәнісінде, саяси жүйе - биліктің қалыптасуы 
мен өмір сүруінің күрделі механизмі.
Саяси жүйенің бірнеше басты құрылымдық элементтері және олардың 
әрқайсысынын өз ерекшеліктері мен атқаратын функциялары бар. Олар 
жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді және өзара тығыз 
байланыста. Саяси жүйенің негізгі құраушы элементтері мыналар: 


35 
-
институционалды құраушы. Мемлекет, саяси партиялар мен 
қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары
кәсіподақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни мекемелер, т.б. біріктіретін 
қоғамның саяси ұйымы; 
-
мәдени құраушы. Саяси билік пен саяси жүйенің психологиялық және 
идеологиялық қырларын (саяси мәдениет, саяси идея/идеология) сипаттайтын 
саяси сана; 
-
нормативті құраушы. Қоғамның саяси өмірі мен саяси билікті жүзеге 
асыру үдерістерін реттеуші әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар; 
-
коммуникативті құраушы. Жүйе элементтері арасындағы саяси билік, 
саяси жүйе мен қоғамға қатысты қалыптасқан ақпараттық байланыстар мен 
саяси қарым-қатынастар;
-
функционалдық құраушы. Саяси қызмет формалары мен бағыттары, 
билікті жүзеге асыру әдістерінен тұратын саяси тәжірибе.
Қоғамның саяси жүйесінің болмысы оның атқаратын функцияларынан 
айқын көрінеді. Саяси жүйенің қоғамдағы басты функциялары қатарына 
мыналарды жатқызуға болады: 
-
қоғам мүшелері немесе нақты бір әлеуметтік топтар үшін саяси билікті 
қамтамасыз ету (саяси жүйе билік жүргізудің нақты формалары мен әдістерін 
орнатып, 
жүзеге 
асырады. 
Олардың 
демократиялық 
немесе 
антидемократиялық, күштеу немесе күштеусіз болуы мүмкін); 
-
халықтың немесе нақты бір әлеуметтік топтардың мүддесі үшін 
қоғамның түрлі салаларындағы басқару қызметі (саяси жүйе басқарушы 
ретінде қоғамды дамыту жолындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындап, 
саяси институттардың қызметіндегі нақты бағдарламаларды белгілейді); 
-
белгіленген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында қаражаттар мен 
ресурстарды 
жұмылдыру 
(мақсат-міндеттердің 
орындалуы 
үлкен 
ұйымдастыру жұмыстарын, адами, материалдық және рухани ресурстарды 
қажет етеді); 
-
саяси қатынастардағы түрлі субъектілер мүдделерінің айқындалуы 
және уәкілдігі (субъектілердің мүдделерін сұрыптап, оларды нақты 
анықтамайынша ешқандай саясат мүмкін емес); 
-
қоғамның арман-мұраттарына сай материалдық және рухани 
құндылықтарды бөлу арқылы қоғамдық қатынастар субъектілерінің 
мүдделерін қанағаттандыру (сан-алуан адамдар қауымдастығының мүдделері 
осы бөлініс аясында түйіседі); 
-
қоғамды біріктіру, яғни оны құраушы түрлі элементтердің өзара 
әрекеттесуі үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру (саяси жүйе түрлі саяси 
күштерді біріктіру арқылы қоғамда болатын қайшылықтар мен жанжалдарға 
жол бермей, оларды барынша басуға тырысуы тиіс); 
-
саяси билікті заңды деп тану (шынайы саяси өмірдің ресми саяси және 
құқықтық нормаларға сәйкес келуіне қол жеткізу). 


36 
2. Саяси жүйелер теориясының негізін қалаушылар қатарында американ 
саясаттанушылары Д. Истон (1917-2014), Г. Алмонд (1911-2002) және К. Дойч 
(1912-1992) бар.
Д. Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» 
(1965), «Саяси зерттеулер үшін модель» (1960) атты еңбектерінде алғашқы 
болып саяси жүйе теориясын ұсынды. Ол саяси жүйенің әлеуметтік-
экономикалық немесе мәдени факторларға тәуелсіз, оның неғұрлым ортақ 
және әмбебап белгілерін бөліп көрсетуге құрылған теориялық моделін 
ұсынды. 
Ғалым саяси жүйені саяси шешімдерді қабылдау және орындауға ықпал 
ететін әртүрлі және өзара байланысты қызмет түрлерінің жиынтығы ретінде 
қарастырады. Саяси жүйенің өмір сүруін оның төрт элементі «кіріс» («input»), 
«өңдеу» («conversion»), «шығыс» («output») және «кері байланыстың» 
(«feedback loop») өзара ықпалдасу үдерісі деп сипаттайды. 
«Кіріске» қоғамның түрлі әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
талаптары немесе азаматтардың түрлі мәселелер бойынша билікпен 
ынтымақтастығы мен оны қолдауы енгізіледі. Мәселен, ол халықтың 
үкіметтің заңды қызметін қолдай отырып, табыс салығын азайту талабы 
болуы мүмкін. Екінші «өңдеуде» элитарлық топтар әрі қарай осы талаптарды 
қайта қарап, өңдеп нақты шешімдер қабылдайды. Бұл «шығысқа» жіберіледі. 
Онда ол шешімдер бойынша нақты мемлекеттік саясат актілері (заң, жарлық, 
қаулы) қабылданып, қоғамдық пікірге танысуға, одан әрі жүзеге асыруға 
жіберіледі. Жүйенің соңғы элементі қоғамның ойы мен пікірін, оның 
талаптарының орындалу деңгейін есепке алып «кері байланыс» механизмін 
іске қосады.
Д. Истонның пікірінше, саяси жүйе қоршаған ортамен тығыз байланыс 
орнатқан «ашық жүйе» болып табылады. Билікке қоғамнан жеткен 
ақпараттың құндылығын бейнелейтін мұндай механизмнің болуы саяси 
жүйенің өзін-өзі бақылауын, ішкі тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз 
етеді.
1 сурет - Д. Истонның саяси жүйе мен қоршаған ортаның әрекеттестігі 
моделі 


37 
Кейін Д. Истон өз тұжырымдамасын «Саяси құрылымды талдау» (1990) 
атты еңбегінде «Қара жәшіктің», яғни саяси жүйенің ішкі құрылымын зерттеу 
бағытында жалғастырды. 
Саяси жүйе туралы құрылымдық-функционалды тәсілдемені қолдаушы 
келесі бір американдық ғалым Г. Алмонд болды. Г. Алмондтың саяси жүйе 
моделі бойынша, үш талдамалы деңгей (топтама) бар. Бірінші топтама 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет