Бақылау сұрақтары
1 Ежелгі Шығыс ой-пікірінің негізгі ерекшеліктері қандай?
2 Ежелгі Греция ойшылдарының саяси ілімдерінің артықшылықтары
неде?
3 Қайта өрлеу кезеңі мен Ағартушылық дәуіріндегі саяси ойдың
дамуындағы айырмашылықтар қандай?
4 Қазақ ойшылдары мен батыс ойшылдарының философиясындағы
ұқсастықтар мен ерекшеліктерді атаңыз.
5 Қазіргі заманғы батыстық саяси ғылымның даму бағыттарын
көрсетіңіз.
19
3 тақырып. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
1 Саясат түсінігі және саясат қоғамдық құбылыс.
2 Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттестігі.
3 Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде.
Дәріс мақсаты:
саясат түсінігін ашып, оның қоғамдық құбылыс
ретіндегі ерекшеліктерін анықтау. Қоғамның басқа салаларымен
байланысын нақтылап талдау.
1.
Саясат – мемлекет билігі мен қоғамның саяси мәні, мазмұны мен
мақсатын түсінуге жол ашады. Ол қоғамдық білімдердің іргелі дүниетанымдық
және әдістемелік мәселелерін де көрсетеді. Бүгінгі күні саясаттан, қоғамдық
өмір жүйесінен тысқары өмір сүру мүмкін емес екендігі белгілі.
Шындығында, барлығымыз саяси қимыл-әрекеттердің шеңберінде өмір
сүреміз, оны күнде көріп сезінеміз.
Белгілі саясаттанушы М.Дюверже саяси өмір салаларының
ерекшеліктерін түсіндіру үшін қарама-қарсы жаққа қараған екі бетті ежелгі
Рим құдайы Янустың бейнесін пайдаланған. Бұл бейнелі теңеуде, ежелгі
Римнің аңыз-ертегілерінде Янус қоғамдық өмірдегі жаңа бастамалардың
қамқоршысы болып суреттелгені белгілі. Саясат та сол сияқты қоғамда
өзгерістер жасауға алып келетін, олардың қажеттілігін негіздеп, іске
асырылуын адамның жасампаздық қуатын қосу арқылы қамтамасыз
ететін қызмет саласы болып табылады. Дюверже осындай салыстырумен
жеке адамдардың, қоғамдық топтардың, қауымдастықтардың, қойған
талаптарына жауап ретінде қоғамдағы қайшылықтарды және ұдайы өзгерістерге
деген ұмтылыстарды нақты көрсете білген.
Саясатты қоғамдық құбылыс ретінде талдау кезінде, оның уақыт
пен кеңістіктегі өзгергіштігін түсінудің негізі адамдардың ұжымдасқан
өмірінің мазмұны болып табылатын өмір сүруші қоғамдық құрылымдарды
нақтылап анықтауда жатыр. Қоғамдық құрылымдардың негізгі элементтері ,
ірі қоғамдық топтар (таптар, ұлттар, жіктер, элиталар) және олардың
формальды ұйымдары (мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық-кәсіби
ұйымдар) болып табылады. Қоғамдық топтар мен олардың ұйымдары әр
түрлі құндылықтарды жасайды, ал бұларсыз қоғамдық-саяси өмірдің болуы
мүмкін емес. Басқа әлеуметтік институттардан саясаттың өзгешелігі, ол –
тек жеке бастын ғана емес, ең әуелі мемлекет билігінсіз іске асыру мүмкін
емес, топтық мүдделерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Қазіргі қоғамдағы саяси құбылыстар мен процестер негізінде
құндылықтардың басты үш тобына: қауіпсіздік пен ұлттық тәуелсіздік;
әл-ауқат пен экономикалық өркендеу; бостандық пен конституциялық тәртіп
жатады. Оларды нақтылап реттеу, әр қоғамдық топтардың жекелеген
доктриналары мен саяси тұжырымдамаларына баға берудің шарты, ал
оларды бағдарламалық мақсаттар түрінде нақтылау – кез келген саясаттың
20
міндеті болып табылады.
Жалпы саясат туралы пікір алуандылығын зерттеген ізденістер жүздеп
кездеседі. Француз саясаттанушысы Ж.М. Денкэн саясат көптеген пікір
жарысының объектісі болып табылатынын, әрі мұның табиғи заңдылық
екендігінайтқан болатын. Батыстың, әсіресе, англо-саксон және француз
ғылыми әдебиеттерінде «саясат» мемлекетпен, оны ұйымдастырумен әрі
басқарумен тікелей байланысты қызмет ретінде түсіндіріледі. Мысалы, белгілі
американдық саясаттанушы, профессор Куинси Райт саясаттың: «Саясат –
басқа топтардың қарсылығына тойтарыс бере отырып қол жеткізетін, топтық
мақсаттарды қамтамасыз ететін өнер және іс-әрекет» деген анықтама ұсынады.
Еуразиялық ғылыми әдебиеттерде «саясат» ұғымы, түпкі мақсаты
мемлекеттік билікті жеңіп алу, қолда ұстап тұру және пайдалана білу
проблемалары болып табылатын топтар мен ұлттардың және басқа да
әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынас саласы ретінде түсіндіріледі.
Сонымен, саясаттың мәнісін түжырымдасақ, саясат – үлкен қоғамдық
топтардың, әсіресе, таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің арасындағы
олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асырумен байланысты қатынастары
саласындағы және олардың күш-жігерін адамдарды басқару өнері ретіндегі
ерекше тәсілдермен, саяси билікті нығайту немесе оны жеңіп алу, қолда ұстап
тұру мақсатымен біріктіруге бағытталған мемлекеттік органдардың, саяси
партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың қызметі.
Саяси мақсаттарды іске асыру ерекше саяси әдістермен жүргізіледі.
Саяси әдістер – халықтың әр түрлі таптарының, әлеуметтік, ұлттық,
әлеуметтік-демографиялық топтарының мүдделеріне, қоғамдық пікірлерге,
демократиялық амалдарға негізделген наным және сенім құралдары. Қоғамдық
дамудың демократиялық сипатын әлеуметтік-саяси қорғаудың әдісі әр түрлі
қоғамдық қозғалыстарды дұрыс, принципті бағалау, олардың заңды және
әлеуметтік ережелерді сақтауына бақылау жасау өзекті мәселе болып
табылады. Қоғамдық қозғалыстарда пайда болатын халыққа қарсы бағытталған
ұлтшылдық пен экстремистік әрекеттердің барлығын батыл дәлелдермен
анықтай алу қажет. Аталған жағымсыз құбылыстарға тойтарыс беру үшін
демократиялық, ұлттық-жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғай алатын
жаңашыл, шығармашылық тәсіл қажет.
Саясаттағы мақсат пен құралдардың арақатынасын қорытындылағанда
біздің ойымша, адамдар қызметі осы екі маңызды буынының бірлігі идеясына
негізделеді. Мақсаттар мен құралдар бір кеңістік пен бір уақытта болған кезде
ғана, яғни, бір адамдардың құрал ретінде көріне отырып, бір мезгілде әрі бір
мақсаттан табылса ғана олар нәтижелі болады.Осыған байланысты, саясат
сияқты соншалық маңызды қоғамдық құбылыстың көп қырлылығы басқа да
мәселелерді, атап айтқанда, қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат пен экономикалық
арақатынасын, ішкі, сыртқы және әлемдік саясаттардың айырмашылықтары
мен тұтастығын саралауды талап ететіні белгілі.
2. Кез келген қоғам өмірінің барлық салалары өзара тығыз байланысты.
Бүгінде қоғамдық өмірдің әр алуан салаларының өзара тәуелділік үрдісі тек
21
жекелеген мемлекеттер ішінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік қауымдастық
деңгейінде де өте айқын көрінеді.
Саясат пен экономика барлық қоғамдық байланыстар жүйесінің іргетасы
екендігі белгілі. Сондықтан да олардың өзара әрекеті кез келген қоғамның
дамуында шешуші рөл атқарады. Демек, саясат қоғамның экономикалық
саласымен, экономикалық қатынастарымен, экономикалық мүдделерімен терең
байланысқан. Саясат экономиканың дамуына оң ықпал ете алатындығын, сонымен
қатар экономикалық жүйенің барлық элементтеріне кері әсер етіп, оның дамуын
тежей алатындығын да атап көрсету қажет.
Қазір әлемде мемлекетпен саясаттың рөлі объективті түрде арта түсуде.
Сонымен қатар әлемдік тәжірибе экономикалық қатынастарды шектен тыс
саясаттандырудың, мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуының, саяси
өктемдіктің, экономиканы басқаруда әміршілдік әдістерді қолданудың
мысалдарын да көптеп көрсетуде. Мұндай саясаттандырылудың мысалы ретінде
тоталитарлық жүйедегі мемлекеттерді атауға болады. Бұл мемлекеттердің
экономикалық саясаты ұлттық экономиканың томаға тұйық жүйесін жасауға,
оны халықаралық шаруашылық байланыстардан оқшаулауға бағытталған.
Экономикалық дамудағы өзекті мәселелерді ашатын саяси қимылдар
әлеуметтік
прогрестің
қуатты
қозғаушысы
және
объективтік
мүмкіншіліктерді тиімді жолдармен іске асыруға көмектесетін күш болып
табылады. Саясаттың экономикаға тигізетін белсенді ықпалына деген
мұқтаждықкоғамөміріндегі күрт өзгерісті сәттерде: терең экономикалық
дағдарыстар мен соғыс кездерінде, сондай-ақ экономиканы реформалауға аса
кажеттілік туған жағдайда ерекше арта түседі. Бұл туралы тарихи мысалдарды
келтіруге болады. Мәселен, «ұлы тоқырау» кезеңіндегі АҚШ, екінші
дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі Германия, тоталитарлық жүйе күйреген
кездегі Шығыс және Орталық Еуропа елдері және т.б. айтуға болады.
Осындай ахуал 1980-1990-шы жылдары нарықтық экономикаға өту
барысында Қазақстанда да орын алды. Қазақстан экономикасы үлкен дағдарысқа
ұшырады. Мұндай жағдайдың туындауын түрлі күрделі себептермен
байланыстыруға болады. Ең бастысы себеп ретінде қоғамның экономикалық
дамуына саясаттың тиімді ықпалының жеткілікті деңгейде болмағандығынан
деп айтуға болады.Оның үстіне нарықтық қатынас экономикалық өмір қызметінің
айтарлықтай мінсіз тетігі емес екендігі белгілі. Саясаттың барлық уақытта нарық
пен бағаға белгілі бір дәрежеде тура не болмаса жанама түрде әсер етуі қажет.
Нақты саяси құбылыстар мен процестерді зерттеу, әдеттегідей
осыларды тудыратын экономикалық мүдделерді тиянақты талдауды қажет
етеді. Демек, нақты саясатты зерттей отырып, экономиканың әртүрлі
элементтеріне ықпал жасаудың нақты факторлары мен саяси әдістерін тауып,
талдаған дұрыс. Сондай-ақ, экономикалық қатынастардағы саясаттың әр қилы
аспектілеріне тигізетін кері әсерін де жан-жақты зерттеу маңызды.
Саясат өзінің бағыт-бағдарына байланысты ішкі, сыртқы және әлемдік
(халықаралық) болып бөлінеді.
Ішкі саясат дегеніміз – өмір сүруші әлеуметтік-саяси құрылысты сақтауға
22
немесе реформалауға бағытталған мемлекеттің, оның құрылымдары мен
институттарының экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-интеграциялық,
әлеуметтік-мәдени, қуғын-сүргін және т.б. іс-әрекеттер жиынтығы. Ішкі саясат
мақсаттарын жүзеге асыру үшін мемлекет құралдардың, әдістер мен
тәсілдердің кең ауқымын пайдаланады. Ішкі саясат сипаты сыртқы саясаттың
мәнін анықтайды. Сыртқы саясаттың басты мақсаты барлық уақытта, мемлекет
өзініңішкі саясатының мақсаттары мен міндеттерін толыққанды жүзеге
асыруы үшін қолайлы халықаралық жағдай жасауы болып табылады.
Кез келген мемлекеттің сыртқы саяси қызметі ең алдымен осы
қоғамдастықтың ұлттық мүдделерін оның басқа жекелеген мемлекеттермен
қарым-қатынастары барысында қамтамасыз етуге бағытталады. Сыртқы саясат
арқылы жүзеге асырылатын басты ұлттық мүдделер қатарына мемлекет
егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін, қоғамның әрі оның барлық азаматтарының
жан-жақты дамуы үшін сыртқыжағдайлар жасауды, халықтың өзге
халықтармен және мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық, саяси, ғылыми-
техникалық және мәдени ынтымақтастығын жолға қоюды, т.б. жатқызуға
болады.Сыртқы саясатмемлекеттің сырт жақта басқа субъектілермен:
жекелеген мемлекеттермен, шетелдік партиялармен, басқа қоғамдық
ұйымдармен, т.б. қарым-қатынастарын реттейтін қызметі. Осы жерде, сыртқы
саясатты әлемдік (халықаралық) саясаттан бөліп қарауға болмайтынын да атап
көрсету қажет. Халықаралық аренада биліктің бір тұтас орталығы жоқ,
құрылатын бүкіл әлемдік және аймақтық халықаралық ұйымдар билік
өкілеттілігіне ие емес. Мұнда негізінен тең құқықты мемлекеттер әрекет
етеді және олардың арасындағы қарым-қатынастар күрес пен келіссөздердің,
әр түрлі келісімдер мен ымыраға келудің нәтижесінде қалыптасады.
Сонымен, әлемдік саясат ішкі және сыртқы саясат сияқты адал әрі таза
болуы тиіс, олтек жалпы адамзаттық, ұлттық мүдделерді басшылыққа алмай,
ғылыми негіздерге ғана сүйеніп қоймай, шын мәніндегі өнер болуы тиіс.
3. Саясатты қоғамдық өмір саласы ретінде түсіну саясаттың өнер
екендігіне көз жеткізгендей болады. Яғни, саясат мемлекетті шебер
басқарудың өнері, белгілі бір топтың мүдделеріне жауап бере алатын саяси
қызмет өнері, билікті іске асырып, оны жеңіп алу, немесе сақтау өнері бола
алады.
Саяси өнер – бұл қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана білу, теориялық
білімді, пайымдауларды шабытпен, болжаммен, сезіммен, шығармашылық
батылдықпен дұрыс шешімдер қабылдай білу. Демек, саясат өнер ретінде –
ойластырылған қадамдар, іс-әрекеттер, айла-амалдар, ымыраға келу,
келісімдер, артқа шегінулер,қысымдар, топшылап болжамдау. Бұл – қулықтың,
кейде алдаудың, келемеждеудің, тіпті адалдығы мен тазалығы жоқ саяси
ойындардың сан алуан түрлері болуы мүмкін. Ол үшін саясат пен
саясатшылар соғыстарға, ішкі және сыртқы ахуалдың нашарлап кетуіне,
әлеуметтік-экономикалық, нәсілшілдік, ұлтшылдық, діни, таптық, негіздегі
шиеленістердің, түсінбеушіліктердің орын алуына жол бермеулері тиіс. Бұл
жерде орынды ғылыми ой қажет, әрі басқаны түсіну, оның жағдайына қарап
23
мүддесін ескеру, шыдамдылық көрсету, келісімге жету, қарым-қатынасты
нығайтып дамыта білу қажет.
Осыған орай, саясат өнер ретінде – кеңістік пен уақыт көлемінде
адамдарға өз әсерін тигізетін, жоспарларымен әрі нәтижелерімен көптеген
тағдырларға ықпал ете алатын, сыналған, ойластырылған қызметтің тұтас,
орасан зор жүйесі екендігі айтуға болады. Саясат көбіне саясатшылардың
өзіндік қабілетіне, оның жеке бастамасы мен тіпті түйсігіне де байланысты.
Аталған сапалар саяси қызмет үстінде ашық көрініс тауып, оның сипатына
елеулі түрде ықпал жасайтын болады. Саясат өнер ретінде әлеуметтік
процестердің субъективтік жақтарымен тікелей байланысты. Ол саясатшының
адамдармен жұмыс істей білу қабілетіне байланысты әрі оның саясаттың
субъектісі мен объектісінің келісушілігін тек іскерлік қасиеттері тұрғысынан
көре білуіне ғана емес, сондай-ақ адамгершілік тұрғысынан да:
психологиялық
тұрпатын,
мінез
табандылығын,
батылдығын,
жауапкершілікті мойнына ала білу қасиетін, ең соңында бұқара үніне,
олардың жағдайына құлақ аса алатындығын көре білу қабілетінде жатыр.
Саяси қайраткерлердің өнері бұқараның саяси өмірге араласуының
қоғамдық дамудың кезеңдеріне әрі олардың саяси мәдениетінің деңгейіне,
сондай-ақ бейімділіктеріне сәйкес келетін түрлерін таңдай білуінен көрінеді.
Бұл түрлер (нысандар) егер дұрыс табылған болса, бұқара қуатын өсіреді
немесе оны баса алады; құнды бастамаларды қолдайды немесе оларды
тұншықтыра алады; кемшіліктерге қарсы күресті көбейтеді немесе
кемшіліктерді өршіте алады. Осының бәрі адамды, оның мүдделерін
үғынып, оларды жалпы ортақ мүдделерге бағындыра білуді және мұның
өзін басқарылатын адамдар ортақ нәрсені өзімдікі деп санайтындай етіп
істей білуді талап етеді. Халық саясат пен саясатшылар туралы пікір алысуға,
оларға ықпал етіп, оларды бақылау тетіктеріне ие болу құқығын иеленуі
қажет. Халық өз ортасынан жаңа саясатшылар мен жетекшілерді шығарып,
оларды алмастырып отыруы тиіс. Сондай-ақ, халық саясатты талқылауға,
енгізуге және оны өмірде жүзеге асыруға тікелей атсалысуы керек.
Сонымен, шебер саясат – бұл жан-жақты ойластырылған, зерттеліп
сараланған
саясат.
Егер
қолданыстағы
саясат
адамгершілік
мақсаттарғаадамдардың өмірінбақытты етуге, бағытталған болса, онда мұндай
саясат пен саяси қызмет азаматтар тарапынан жоғары бағалануға, әрі
мойындалуға лайықты. Бүгінгі таңдағы саясаттың басты мақсаты –
адамгершілікті ту етіп көтерген әділетті, демократияшыл, өркениетті қоғам
орнату мақсаттарына қызмет ету болып табылады.
Бақылау сұрақтары
1 Саясат дегеніміз не?
2 Қоғамдық құрылымның формальды ұйымдарына не жатады?
3 Саясат бағыт-бағдарына қарай нешеге бөлінеді?
4 Сыртқы саясат пен әлемдік саясаттың айырмашылығы кандай?
5 Саяси өнер дегеніміз не?
|