Энергетика



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
саяси

Натуралистік парадигма 
саясатты табиғи факторлар тұрғысынан 
түсіндіреді. Саясатқа географиялық орта, климат жағдайлары, адамдардың 
биологиялық және нәсілдік ерекшеліктері ықпал етеді. Бұл бағыт та 
антикалық дүние түсінігі. Гиппократ, Платон, Аристотель еңбектерінде
географиялық ортаның саясатқа ықпалы туралы айтылады. Бұл 
парадигма өкілдері өз ішінде саясаттың табиғатын түсіндіруде геосаясат, 
биосаясат және психотанымдық саясат бағыттарына жіктеледі.



Саясатқа географиялық ортаның ықпалын басты фактор ретінде 
қарастыратын бағыттың негізін салушы француз ғалымы Ж.Боден (1530-1596) 
деп есептеліп, бұл кейін Ш.Монтескье, Г.Маккин еңбектерінде жалғасын 
тапты. Мәселен, Ш.Монтескье (1689-1755) «Заңдардың рухы туралы» (1748) 
еңбегінде адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, 
оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да 
өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, 
мемлекеттік төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікір айтады.
Қазіргі заманда географиялық орналасу, кеңістіктік-аумақтық факторлар 
(су-теңіз жолдары, климат жағдайлары, жол-көлік жүйелері, инфрақұрылым, 
пайдалы қазбалар, т.б.) мемлекеттің саяси бағытына ықпал ететін құрамдас 
элементтер ретінде қарастырылады. 
Биосаясат бағыты өкілдерінің пайымдауынша, адамның жасы, жынысы, 
генетикалық, тума қасиеттері оның саяси мінез-құлық ерекшеліктері мен іс-
әрекеттеріне әсер етеді, ал ол өз кезегінде саяси құбылыстар мен үдерістердің 
табиғатына ықпал жасайды. Биосаясаткерлердің пайымдауынша, саясат пен 
биология өмірдің құрамдас биологиялық факторлардың саясаттағы рөлі мен 
маңызы ғылымның зерттеу объектісі ретінде ортағасырларда қарастырыла 
бастады. Олардың қатарында Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ч.Ламброзо 
бар.
Осы бағыттағы ғалымдардың зерттеулері XIX ғасырда өз жалғасын 
тапты. 1858 жылы Чарльз Дарвин мен Альфред Рассел Уоллес ұсынған 
эволюция теориясы («табиғи сұрыптау» теориясы), Н.Тинбергеннің «аралас 
іс-әрекет теориясы», италияндық ғалымдар Ц.Ламброзо мен М.Нордаудың 
үстем таптың биологиялық табиғаты туралы доктриналары, австриялық 
этолог-ғалым, К.Лоренцтың «ынталандыру-ағза-реакция» (стимул-организм-
реакция) үштік формуласын атап өткен жөн.
Қоғамдық ғылымдарда кең тараған парадигманың бірі – 
әлеуметтік 
парадигма.
Ол саясаттың шығу тегі, табиғаты мен болмысына, әлеуметтік 
факторлар әсер етіп, қоғамдық өмірдің нақты бір саласы анықтаушы рөл 
атқарады деп түсіндіреді. Мәселен, марксизм теориясы өкілдері саясаттың 
негізіне экономикалық мүдделерді жатқызса, батыстық консерватизм өкілдері 
құқықтық қатынастарды алға тартады. Белгілі неміс әлеуметтанушысы 
М.Вебер (1864-1920) саясаттың негізі дін мен мәдениет деп есептеді.
Осы әлеуметтік парадигманың ішіндегі кең таралған бағыттың бірі – 
«құқық үстемдігі» тұжырымдамасы. Бұл бағыт Батыс елдерінде кең таралған 
теория. Бұл бағытты ұстанушылардың пікірінше, қоғамдағы әлеуметтік-саяси 
ымыра мен тұрақтылықты сақтау жекелеген саяси қайраткерлердің емес, 
нақты құқықтың құзырында. Жеке тұлғалар немесе мемлекет құқықты 
басшылыққа алып, соның аясында іс-әрекет жасауы тиіс.
Әлеуметтік парадигманың ішінде мәдениеттанулық ұстанымды да атап 
өткен жөн. Мұнда саясаттың мән-мазмұны, саяси үдерістердің сипаты 
адамның 
адамгершілік 
қасиеттері, 
моральдық 
ұстанымдары 
мен 
құндылықтары, саяси мінез-құлықтарымен түсіндіріледі. 


10 
Тиімді (рационалды) сыни парадигма. 
Мұнда саясаттың табиғаты оның
өз ішіндегі себеп-салдар, қасиет, элементтермен түсіндіріледі. Оны 
жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөледі. 
Жанжалдық парадигма ХIХ ғасырда пайда болған. Оның негізін 
салушылар К. Маркс, А. Бентли, Г. Зиммель, Л. Козер, т.б. Олар саяси өмірде
дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады деп есептейді. 
Мәмілеге келу (консенсус) бағытын М. Вебер, Д.Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. 
Парсонс қолдайды. Олар саяси өмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа 
шығармай, олардың мәмілеге келуден кейінекінші орында тұратындығын 
мәлімдейді. 
Осылайша, саяси өмірдің табиғатын оның күрделілігі мен көп 
қырлылығы себепті бір ғана парадигма аясында түсіндіру мүмкін еместігіне 
көз жеткізуге болады. Ол қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, 
құқықтық, мәдени, басқа да салаларының өзара байланысы мен 
ықпалдастығын көрсетеді.
Парадигмалар ұлттық 
саяси бағыттар мен мектептердің
негізі болып 
табылады. 
Бүгінгі саяси мектептердің алдыңғы қатары америкалық мектепке 
тиесілі. Олардың белгілі өкілдері Г.Алмонд, З.Бжезинский, С.Верба, Д.Истон, 
С.Хантингтон, т.б. Негізгі зерттеу тақырыптарының қатарында саяси билік, 
саяси жүйе, саяси мәдениет, азаматтық мәдениет, демократия, өркениеттер 
қақтығысы проблемалары бар. 
Саясаттанудың ағылшын мектебінің саяси зерттеулерінің негізгі 
бағыттарықатарында экономикалық, әлеуметтік-саяси даму, әлеуметтану 
проблемалары бар. Ағылшындық саяси жүйе, сайлау жүйесі, үкімет пен 
парламентке саяси қысым механизмдері, электоралды мінез-құлық 
психологиясы және келісім теориясы, жанжал теориясы, плюралистік 
демократия мәселелері де басты назарда. 
Сол сияқты бүгінгі саясаттану мектептерінің ішінде неміс, француз 
мектептерін де атауға болады. Олар негізгі зерттеулеріне саясат философиясы, 
саяси институттар, саяси мінез-құлық, саясаттағы БАҚ рөлі, саяси партиялар 
мен қозғалыстар, жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі, саяси дағдарыстар, т.б. 
тақырыптарды арқау еткен. 
Бақылау сұрақтары 
1 Саясаттану дегеніміз не? 
2 Неге саясаттан тыс өмір сүру мүмкін емес? 
3 Саясаттанудың негізгі қызметтерінатаңыз. 
4 Саяси үдерістестерді зерттеуде қандай әдістер пайдаланылады? 
5 Саясаттану парадигмаларының негізгі түрлерін атаңыз. 
6 Не себепті Кеңестер Одағының білім беру жүйесінде «саясаттану» 
пәні оқытылмады? 


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет