Энергетика


 тақырып. Саяси мәдениет пен мінез-құлық



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
саяси

 
11 тақырып. Саяси мәдениет пен мінез-құлық 
 
1 Саяси мәдениет түсінігі, мәні, құрылымдық компоненттері. 
2 Саяси мәдениет типтері және қызметтері. 
3 Саяси әлеуметтену мен саяси қатысу түсінігі, негізгі теориялары және 
жіктелуі. 
Дәріс мақсаты:
саяси мәдениет түсінігі мен мәнін ашып, құрылымы 
мен қызметтерін талдау. Саяси қатысу түсінігін анықтап, негізгі теорияларын
зерделеу. 
1. Саяси мәдениет күрделі әрі көп қырлы құбылыс, сондықтан да ол 
туралы барынша кең ұғым, пікір, позиция, анықтамалар, тұжырымдар және 
т.с.с. қалыптасқан. «Саяси мәдениет» терминін ғылыми айналымға ХVІІІ 
ғасырда немістің философ ағартушысы И. Гердер енгізген. Ал, саяси ғылымда 
«саяси мәдениет» түсінігін концепция ретінде ХХ ғасырда америка 
саясаттанушысы Г. Алмонд енгізген.
Саяси мәдениет дегеніміз – билік пен азаматтардың өзара қарым-
қатынасына қатысты позициясының құндылығының және мінез-құлық 
кодексінің жиынтығы болады. Сонымен қатар, саяси мәдениетке мыналар 
жатады: саяси білім, фактілер, оған ықыласты болуы; саяси құбылыстарға баға 
беруі, биліктің жүзеге асыруға тиіс оқиғаларға қатысты пайымдары; саяси 


63 
позицияға деген көңіл-күйі, мәселен, Отанға деген сүйіспеншілік, дұшпанға 
деген жек көрушілік; белгілі бір қоғамда қалай әрекет етуді айқындайтын 
саяси іс-әрекеттің үлгісі. Бүтіндей алғанда саяси мәдениет дегеніміз саяси 
саланың сапалық сипаттамасы, оның дамуының өлшемі болып табылады.
Саяси мәдениеттің мазмұнын, мәнін оның құрылымы арқылы түсінуге 
болады. Саяси мәдениеттің құрылымында танымдық, адамгершілік баға 
берушілік және мінез-құлықтық элементтерді бөліп көрсетуге болады. 
Саяси мәдениеттің танымдық элементі саяси білім, саяси білімділік, 
саяси сана, саяси ойлау тәсілі болып құралады. Саяси мәдениеттің танымдық 
элементі 
азаматтардың 
білімі 
мен 
түсінігін 
бағдарлайды: 
елдің 
Конституциясы мен мұнан өзге де заңдарын, ірі саяси күштердің 
бағдарламалық жағдайын; мемлекеттің, партияның және қоғамдық саяси 
органдар мен ұйымдардың қызметі мен құрылымын; негізгі саяси нормалар 
мен процедуралар, «саяси ойындардың ережесі»; елде қалыптасқан саяси 
қатынастар; азаматтардың қоғам мен мемлекетті басқаратын қоғамдық-саяси 
өмірге қатысу жолдары мен түрлері; халықаралық өмірдің жетекші саяси 
процестері. 
Адамгершілік баға берушілік элементі саяси нысандар жөнінде белгілі 
бір түсінік пен пайымды бағдарлайды. Бұл дегеніміз әдетте саяси нысандар 
мен оқиғаларға қатысты бағалы өлшемдер қолдануды талап етеді. Саяси 
мәдениеттің құндылық қатынасы құрылымында жалпы мәдени бағдар, 
билікке деген көзқарас, саяси құбылыстарға деген көзқарас пен қарым-
қатынас атап көрсетіледі. Мұнда саяси сезім, дәстүрлер, идеалдар, түсініктер, 
нақты мақсаттар маңызды рөл атқарады. Қоғамның саяси мәдениеті мен оның 
әр мүшесінің саяси мәдениетінің дәрежесі идеялық – баға берушілік 
ұстанымы, нақты саяси іс-қимылының нормасы арқылы анықталады. 
Мінез-құлықтық элементі мынандай негізгі бөліктерден тұрады: 
мемлекеттік құжаттардың жобаларын талқылауға және плебисциттер мен 
референдум өткізу шараларына қатысуын азаматтардың өздерінің ұғынуы; 
қоғамның саяси өміріне – жиындарға, шерулерге, саяси ереуілдерге, 
пикеттерге қатысуының түрлері мен дәрежесі; мемлекеттік институттар мен 
қоғамдық ұйымдардың өзара қарым-қатынасының түрлері мен дәрежесі, 
сондай-ақ, саяси партиялар мен қоғамдық саяси ұйымдарға мүше болуы; әр 
түрлі компаниялардағы, қоғамдық саяси іс-қимылдар мен және т.б. шараларға 
қатысуы. Сонымен қатар, саяси ұстанымдар, саяси белсенділік түрлері, 
қоғамдық саяси қызметтің түрлері, ерекшелігі, үлгісі, бүтіндей алғанда саяси 
дағдысы жатады.
Кез келген саяси мәдениеттің маңызды элементі оның саяси белгісі –
символы болып табылады. Саяси символ дегеніміз аса маңызды саяси 
идеалдардың шартты бейнесі, оларды насихаттау мен орнықтырудың аса 
маңызды құралы. Мемлекеттің елтаңбасы, саяси партияның эмблемасы, 
ұлттық жалаудың түсі, ордендер және өзге де осы секілді белгілер нақты 
осындай мәнге ие болады. Символдардың топтастырушылық және 


64 
жұмылдырушылық мәні болады, саяси позицияның үгіт-насихатының құралы 
қызметін атқарады.
Саяси мәдениет құрылымдық дәреже жағынан қарастырғанда 
айтарлықтай күрделі құбылыс екенін атап айтқан жөн. Оның негізгі 
құрылымдық үш деңгейі болады. Олар: дүниетанымдық, азаматтық және 
саяси деңгейі. Саяси мәдениетте дүниетанымдық деңгей саяси мәдениеттің 
іргетасы болып табылады. Бұл деңгейде саяси әлемде адамдардың өзіндік 
бағыт-бағдар ұстануы орнығып, белгілі бір саяси бағдар мен саяси 
қалыптасқан нормаларды таңдайды. Мұндай таңдау адамдардың өмірге деген 
позициясынан, жекелеген немесе ұжымдық құндылықтарды мойындаудан 
өрбіп, Батыс немесе Шығыс өркениетінің нормаларына, олардың 
идеологияларына, зорлық-зомбылыққа, қатынасына орай қалыптасады. 
Азаматтың деңгейі саяси мәдениеттің өзегін қалыптастырады. Мұндай 
деңгей адамдардың жалпы билік етудің орталығы және мәжбүр етушіліктің 
тетігі ретінде билікке деген қатынасын білдіреді. Адамдар саяси өмірмен 
араласқанда билік пен өзінің қатынасы және оның мүмкіншілігінен мұндағы 
орны қалыптасатыны сөзсіз. Міне, осының негізінде ол өзінің азаматтық құқы 
мен міндетін айқындайды. Нақ осындай азаматтық деңгейде азаматтардың 
билікке бағынышты болуының әділетті екені жөніндегі және билікке қатысты 
азаматтардың құқығының басымдығы 
(еркіндігі) жөніндегі сенімі 
қалыптасады. 
Саяси мәдениеттің азаматтық деңгейінің даму процесінде саяси 
мәдениеттің саяси деңгейі қалыптасады. Осындай мазмұнда өзіндік саяси 
құбылысқа деген – мемлекет пен мемлекетаралық байланыстан бастап, азамат 
ретіндегі өзіндік сезінуге дейін адамдардың саясаттағы субъекті ретіндегі 
құндылық бағдары қалыптасады, сөйтіп, адам өміріндегі саясаттың мәні 
айқындалады.
Саяси мәдениеттің құрылымдық деңгейі мен элементтері өзара тығыз 
байланыста болып, біртұтас тұрақты және жүйелі іс-қимылға айналады. 
Мұнда саяси мәдениеттің мәні мен маңызын терең ұғыну үшін саяси 
мәдениеттің типтері мен қызметінің ерекшелігін талдаудың маңызы зор.
2.
Тарихта саяси мәдениеттің өзгеру процестерін, белгілі бір саяси 
қауымдастықтың саяси мәдениетінің ерекшелігін бейнелеу үшін саяси 
мәдениеттің типі деген ұғым енгізілген. Саяси мәдениеттің типі дегеніміз – 
тарихи уақыттың белгілі бір кезеңдерінде, белгілі бір тарихи ортада өмір 
сүрген қалыпты дағдыға ие, бір немесе бірнеше мемлекеттің шеңберіндегі 
оқиғалар мен саяси өрлеуге деген көзқарастары бірдей адамдардың барынша 
ортақ дағдылары мен саяси санасы болып табылады. Мұндай типтердің 
ерекшеленіп бөлінуіне негіз болатын объективті және субъективті факторлар 
болуы мүмкін.
Саяси ғылымда саяси мәдениеттің көптеген типтері бар екенін айта кету 
қажет. 
Саяси 
мәдениеттің 
типтерін 
тұңғыш 
рет 
Американың 
әлеуметтанушылары Г. Алмонд пен С. Верба тереңдеп зерттеді. 1958 жылдан 
1962 жылға дейін олар Ұлыбританияда, Батыс Германияда, Италияда, 


65 
Мексикада және АҚШ-та саяси мәдениетті кең көлемде салыстыра зерттеу 
тәсілін қолданды. Олардың зерттеулерінің нәтижелері мен оның негізінде 
жасалған концепция «Азаматтық мәдениет» деген еңбегіне енгізілді. Онда 
саяси мәдениеттің үш типі: патриархалдық, басыбайлылық және белсенділік 
ерекше көрсетілді. 
Саяси мәдениеттің патриархалдық типіне жергілікті құндылықтарға – 
қауымдастыққа, руға, рулық қауымға, деревняға, тайпаға т.с.с. азаматтардың 
бағдар алуы тән болып келеді. Сонымен патриархалдық мәдениетті ұстанған 
адамдар белгілі бір тұлғаға, көсемге, шаманға бағдар ұстанады. Мұндай 
қауымдастық мүшелерінің саяси жүйе туралы білімнен хабары болмайды, 
олардың саяси бағдары экономикалық және діни бағдардан ажырамаған. 
Сондықтан патриархалдық мәдениетті ұстанған адамдар саяси жүйеден 
ешнәрсе күтпейді. Мысалы, Африкадағы тайпаларға патриархалдық саяси 
мәдениет тән.
Саяси мәдениеттің басыбайлылық типі дегеніміз – мәдениеттің тәуелді 
және бағынышты болуы. Саяси мәдениеттің басыбайлы типі саяси 
институттары, мекемелері мен ұйымдары және т.с.с. бар қоғамдарға тән. 
Алайда мұндағы саяси билік «жоғарыдан төменге» деген саяси нормаға 
айналып, игілікке бөленемін немесе жазалауға ұшыраймын деген оймен 
жоғарғылардың әмірін орындаушылық саяси дағды болып қалыптасады. 
Мұндай саяси мәдениет азаматтардың саяси белсенділігі барынша төмен 
дәрежедегі қоғамда орын алады. Ол негізінен бәсең сипатқа ие және 
адамдарды саяси жүйеге қатысудан шеттетеді. Сөйтіп, адамдар мұнда саяси 
саналы бола тұра тек қалыптасқан дәстүрді ғана бағдарға алады.
Саяси мәдениеттің белсенділік типі дегеніміз - индивидтердің саяси 
өмірге белсене қатысуымен ерекшеленетін саяси мәдениет болып табылады. 
Мұнда азаматтар сайлау арқылы өздерінің мүддесін сауаттылықпен қорғайды. 
Мүдделер тобы, партиялар саясатты қалыптастыру процесіне ықпал етеді. 
Сонымен қатар олар саяси жүйеге өздерінің адалдығын, заңға 
мойынсұнушылығын және қабылданған шешімдерді құрметтеуін аңғартып 
отырады.
Маркстік әдебиетте, ішінара саяси мәдениет көбінесе дәстүрлік, 
сословиелік, буржуазиялық, социалистік, т.с.с. болып бөлінеді. Сонымен 
қатар әдебиетте саяси мәдениет демократиялық, авторитарлық, авторитарлық-
патриархалдық, тоталитарлық, сондай-ақ, архаикалық, элитарлық, өкілділік, 
жоғары азаматтылықтың саяси мәдениеті т.с.с. болып өзге типтерге де 
бөлінеді. 
Елдің немесе қоғамның саяси мәдениеті біркелкі болуы мүмкін емес. 
Түрлі қауымдастықтардың мүдделерінің алуан түрлілігі бір-біріне ұқсамайтын 
саяси мәдениеттің үлгілерін туындатады – мұндай үлгілер барлық елдерде 
болатын субмәдениет болады. Субмәдениеттер дегеніміз – жекелеген 
әлеуметтік жіктердің, топтардың саяси мәдениеттері. Олардың саяси 
ұстанымдары, идеялары, құндылықтары және дағдылары қоғамда жетекші 
болып келе жатқандарынан ерекшеленеді. Сонымен қатар әрбір саяси 


66 
субмәдениет бүтіндей алғанда қоғамның саяси мәдениетін білдіреді. Демек 
қоғаммен бірге оның субмәдениетінің де өзіндік ерекшелігі болады. Мәселен, 
ірі қалалар тұрғындарының саяси субмәдениетінің ауыл тұрғындарының 
субмәдениетінен айырмашылығы болады. Жастардың саяси субмәдениеті 
өзіндік ерекшелікпен айтарлықтай айырмашылыққа ие. Жастарға олардың 
санасында мүмкіндігінше қарым-қатынас жасау, өмір сапасы және өзге де 
құндылықтардың басым болуы тән.
Ғылыми әдебиетте саяси мәдениеттің мынандай қызметтері бар: 
танымдық, интегративтік, коммуникативтік, нормативтік, реттеушілік, 
тәрбиелік және т.б. ерекшеленіп көрсетіледі. Аталған қызметтерге мынадай 
сипаттама беруге болады: танымдық қызметі саяси құбылыстардың мәнін 
түсінуге бейімдей отырып, саяси іс-әрекеттің шеңберін, құқық пен еріктіліктің 
қолданылу дәрежесін, қоғам өміріндегі саясаттың міндетін, өзге саяси жүйені 
салыстыру арқылы ұғыну мүмкіндігін туындатады;интегративті қызметі 
белгілі бір көзқарасты және саяси қарама-қарсылықты реттеуді бағдарға ала 
отырып, түрлі саяси топтар арасында келісімге қол жеткізу мүмкіншілігін 
қамтамасыз 
етіп, 
жүйенің 
тұрақтылығына 
қолдау 
көрсетіп 
отырады;коммуникативті қызметі саяси процестерге қатысушылар арасында 
байланыс орнатуға мүмкіндік жасайды, сондай-ақ саяси мәдениет 
элементтерін 
ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғастыра 
(бере) 
отырып 
саяси 
тәжірибелерді 
толықтыра 
түседі;нормативті 
қызметі 
қабылданған 
құндылықтар, ережелер, саяси дағды-тәсілдер негізінде саяси іс-әрекеттерді 
реттеп отырады; реттеуші қызметі қоғамдық санаға қажетті саяси 
құндылықтарды, ұстанымдарды, мақсаттарды, дағдының себептері мен 
нормаларын қалыптастырып орнықтырады; тәрбиелік қызметі саяси 
мәдениеттің табиғатының өзінде болып, оның гуманистік бағытын 
бейнелейді.
3. Саяси әлеуметтендіру дегеніміз – жекелеген адамдардың қоғам 
жинақтаған мәдени құндылықтарды, мәртебелі іс-қимылдарды жекелеген 
адамдардың меңгеруінің үздіксіз процесі, адамдардың қажетті әлеуметтік-
саяси сапасының қалыптасуы тиісті саяси жүйеге бейімделуіне мүмкіндік 
жасап, әлеуметтік пайдалы саяси шешім қабылдауға бағыттайды. Саяси 
әлеуметтенудің нәтижесі деп жеке бастың саяси құндылығы мен мақсатының 
орнығуын айтамыз. Тұлғаның саяси құрылымы дегеніміз келесідей: саяси 
таным, саяси қызығушылық, қажеттіліктер мен мотивтер, саяси ерік, саяси 
мінез-құлық. Саяси әлеуметтену нәтижесінде – саяси қалыптасқан, саяси 
мәдениеті жоғары тұлға қалыптасады. 
Саясаткерлер әлеуметтену барысында адамның алдында объектіден 
саяси субъектіге айналу мүмкіншіліктері болады дейді. Объект деп 
субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. 
Негізгі көрсеткіш деп процесті іске асыру – бұл саяси саясатқа қатысу деп 
аталады. Бұл жерде адамның қоғамның саяси өміріне тәжірибелік қатысуы 
туралы айтып отырмыз. Саяси қатысу – бұл саяси өктемдіктің болуына, 


67 
шешімдердің орындалу процесіне және басқарудағы саяси мінез-құлыққа мән 
беру дегенді білдіреді. 
Саяси қатысуды ағылшын зерттеушісі А. Марш ортодоксалдық және 
ортодоксалдық емес деп жіктеуді ұсынады. Саяси қатысудың ортодоксалдық 
түріне саяси жүйенің тұрақты қызмет жасауын қамтамасыз ететін заңды іс-
әрекеттер мен талаптарды жатқызады. Ал заңсыз саяси жүйеге қарсы 
бағытталған іс-әрекеттерді саяси қатысудың ортодоксалдық емес түріне 
жатқызады.
Американ зерттеушісі У. Милбрайт саяси қатысуды конвенционалдық 
және конвенционалдық емес деп бөледі. Конвенционалдық саяси қатысуға 
ашық және заңмен реттелетін дауыс беру, саяси партиядағы қызмет,сайлау 
науқандарына қатысуды жатқызады. Ал екінші түріне көтерілістер, әділетсіз 
заңға бағынудан бас тарту және қарсылық шерулеріне қатысуды жатқызады. 
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты 
маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға 
мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында 
тығыз байланыс орнайды. Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы 
өз мүдделерін қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне 
бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектен шықпауына әсер етеді. 
Саяси қатысу түрлері мен себептері әртүрлі болады. Қатысу түрлері – 
орталанбаған және орталанған бола алады: а) саясатқа айтарлықтай әсер 
етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік танытпайтын қоғамның қатардағы 
қарапайым мүшесі; ә) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси 
жұмысқа тура араласпайтын (шешімдер қабылдамайтын) азамат; б) саяси 
ұйымдардың (партияның және т.б.) мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге 
саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам; в) қоғамдық, әсіресе саяси 
қайраткер; г) саяси қызметтің арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің 
мақсатына айналдырған кәсіби саясатшы; д) ұйымдастырушы, идеялық, ресми 
не бейресми, абырой, бедел, ең «соңғы саты» болып саналатын саяси басшы, 
көсем, көшбасшы. 
Қоғам қаншалықты демократиялы болса, ондағы саяси қатысу түрлері 
алуан түрлі болады, яғни саяси көзқарастар мен әрекеттердің мүмкіндіктері 
өте кең ауқымды деңгейде қалыптасады. Жеке адамның саяси белсенділікке 
қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да 
жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси 
субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық-құқықтық заңда 
айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет