Энергетика



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
саяси

parti,
лат. 
pars,partis
– бөлік, топ) – бұқара 
халықтың белгілі бір бөлігінің мүдделерін білдіретін, билікке келу арқылы сол 
мүдделерді жүзеге асыруды көздеуші пікірлес, мүдделес адамдардың 
ұйымдасқан тобы. 
Саяси партиялардың қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Белгілі неміс 
әлеуметтанушысы, философ, тарихшы Макс Вебер (1864-1920) саяси 
партиялардың дамуында мынадай үш кезенді атап керсетеді:
1) Аристократиялық үйірмелер.
2) Саяси клубтар. 
3) Көпшілік партиялар. 
Алғашқы аристократиялық үйірмелер ірі жер иелерінің мүддесін 
қорғаса, саяси клубтар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. Ал 
көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі - олар жұмысын тек 
сайлау кезінде ғана емес, кез келген уақытта көпшілікке ықпал етуге 
тырысып, өз қатарларына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-
насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет, т.б. 
саяси әсер етудің барлық мүмкіндіктерін пайдаланды. 
Дегенмен, аталған үш кезеңді тек Ұлыбританияның екі партиясы - 
либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан 
кешірді. Қазіргі заман саяси партияларының кейбірі кейінгі соңғы екі сатыны 
өтсе, басым бөлігі бірден көпшілік партия болып қалыптасты. 
Саяси партиялар қоғамда қандай функцияларды жүзеге асырады?
Саяси партиялардың функциялары сан-алуан және ол саяси жүйенің 
ғана емес, партияның да түріне байланысты. Дегенмен, саяси партиялардың 
бәріне дерлік тән бірнеше функцияларды атауға болады: 
1)
Қоғамның өзі мүддесін қорғайтын топтарының арман-мұраттарын, 
тілектері мен мүдделерін анықтап, тұжырымдап және негіздеп, оны билік 
органдарына тапсыру, оның орындалуын қадағалау. Батыс саясаттанушылары 
саяси партияның басты міндеті – «халық пен билік арасындағы көпір рөлін» 
атқаруы деп түсіндіреді. 
2)
Халықты саяси әлеуметтендіру, оның саяси белсенділігін арттыруға 
ат салысу, оларды партия қатарына тарту. Саяси көшбасшыларды, белсенді 
мүшелерді саясатқа араластыру.
3)
Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу, билікке келу және билікті 
ұстап тұру. 
4)
Қоғамдық пікірді қалыптастыру, үміткердің немесе партияның 
бағдарламалары мен мүмкіндіктері туралы бұқараны хабардар ету. 
5)
Мемлекеттің, кәсіподақтардың, қоғамдық ұйымдардың аппараты 
үшін кадрлар даярлау және ұсыну. 
Саясаттану ғылымында саяси партияларды жіктеудің түрлі жүйелері 
бар. Саяси партиялардың типологиясында негізге алынатын факторлар 


57 
мыналар: олардың функциялары, әлеуметтік базасы, қызмет әдістері,
идеологиясы және т.б. 
Мемлекеттің саяси жүйесіндегі рөлі мен іштей ұйымдасуына қарай 
саяси партияларды төртке бөледі: 
1)
Авангардтық 
партиялар

Олар 
жоғары 
орталықтануымен 
сиппаталады, өз мүшелерінен партияның үгіт-насихат, сайлау алды 
жұмыстарына белсенді қатынасуын талап етеді. Партия қатарына 
қабылданушылар үшін қойылатын талаптар өте жоғары. Қатал партиялық 
тәртіп, бақылау орын алады.
2)
Сайлаушылар партиясының негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау 
алдындағы науқандарын ұйымдастыруға жұмылдырылады. Сайлаушылар 
партиясында тұрақты мүшелік пен партия билеттері, мүшелік жарна 
болмайды. 
Олардың 
қатарында 
АҚШ-тың 
республикалық 
және 
демократиялық партиялары бар. АҚШ-ның азаматтары «Мен демократиялық 
партияның мүшесімін» демейді, «Мен демократтар үшін дауыс беремін» 
дейді. 
3)
Қауымдастық партиясына ортақ мақсат-мүдде, көзқарас, идеяларына 
қарай бірігеді. Мәселен, түрлі экологиялық ұйымдар, жан-жануарларды 
қорғау қозғалыстары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады. 
4)
Парламенттік партияның негізгі қызметі сайлау кампанияларының 
стратегиясы мен тактикасын жасау, сайлау алды бағдарламаларын дайындау, 
қоғамдық пікірді ескере отырып, өз үміткерлеріне түрлі ұсыныстар әзірлеу, 
үміткерлерді таңдау, сайлауалды кампаниялардың техникалық және қаржы 
проблемаларын шешу, т.б. болып табылады. Мұндай партиялардың тұрақты 
қызмет істеп тұрған басқару органдары болады. Партияның қатардағы 
мүшелерінің партия саясатына ықпал ету мүмкіндігі бар.
Саяси идеологиясына қарай да партиялар бірнеше түрге бөлінеді: 
1)
Коммунистік партиялар. Олар өздерінің алғашқы ұйымдарын жұмыс 
орындарында құрады, сол себепті олар құрамы жағынан неғұрлым біркелкі, ал 
көлемі жағынан шектеулі болып келеді. Бұл партияға өзінің әлеуметтік 
құрамын қадағалап, санын реттеп, қатал партиялық бақылауын орнатуға 
мүмкіндік береді. Олар жеке меншіксіз, тапсыз қоғамды жақтаушылар. 
Олардың басты ұйымдастыру қағидаты «демократиялық централизмге» 
негізделгенімен, іс жүзінде демократияны барынша шектеп, басшыларын 
сайлау формальді түрде жүреді. 
2)
Фашистік партиялар өзінің ұйымдастыру мәселелерінде коммунистік 
партияларға ұқсас келеді. Мәселен, биліктің орталықтануы, қатал 
құрылымдық бақылау. Бірақ олар әлеуметтік құрамы, доктринасы мен 
философиясы тұрғысынан коммунистік партиядан түбірімен ерекшеленеді. 
Оларға қаталдық пен күштеу саясаты тән. Ұлтшылдықты уағыздайды.
3)
Социал-демократиялық партиялар қазіргі капиталистік қоғамды 
еңбекші халықтың мақсат-мүддесіне сай үнемі реформалап, өзгертіп отыру 
бағытында жұмыс істейді. Мұндай партиялардың басты құндылықтары 


58 
бостандық, ынтымақтастық, теңдік, әділеттілік. Негізінен солтүстік және 
батыс Еуропа елдерінде құрылған. 
4)
Буржуазиялық-демократиялық 
партиялар 
мына 
қағидаттарды 
басшылыққа алады: қоғамда билік үшін күрес ашық жүруі тиіс, билік басына 
жалпыға бірдей әділетті сайлау арқылы келу, парламентте көпшілік дауыс алу, 
билік партиясына қарсы оппозицияның жұмыс істеу мүмкіндігі. Заң алдында 
ел азаматтарының теңдігі, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығы талап 
етіледі.
5)
Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін 
қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық 
ар-намыс, пікір сан-алуандығын жақтайды.
Қандай саяси тәртіпті колдауына байланысты саяси партиялар 
демократиялық, 
авторитарлық, 
тоталитарлық 
болып 
жіктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет