Энергетика



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
саяси

Бақылау сұрақтары 
1 Шиеленістердің пайда болуына идеологиялық себептердің әсері
қандай? 
2 Шиеленіс дегеніміз не? 
3 Ғаламдық дағдарыстар сипаттамасы қандай? 
4 Консенсус терминінің мәні ? 
5 Саяси теңсіздікке әсер етуші факторлар? 
15 тақырып. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар 
 
1 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар түсінігі, мәні, түрлері 
мен жүзеге асырылу формалары. 
2 Халықаралық қатынастар жүйелерінің типтері мен ерекшеліктері. 
3 Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде. 
Дәрістің мақсаты: 
халықаралық қатынастар мен халықаралық 
саясаттың мәні мен маңыздылығын ашып көрсету және Қазақстанның 
геосаяси жағдайының ерекшелігін айқындау.Сыртқы саясаттағы ұстанған 
принциптері талдау. 
1. Әлемдің саясат - халықаралық қатынастар субьектілерінің, саяси 
акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп 
шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттыры және әдістері болып 
табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат.Өйткені ол барлық 
халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты. Әлемдік 
саясат мақсаты – мемлекеттерді ғаламдық ортақ мәселелерді ұжымдық 
шешуге ұйымдастыру, олардың алдында бейбітшілік пен татулықты сақтау. 


85 
Халықаралық қатынастар әр түрлі күштердің яғни, мемлекеттік, әскери, 
экономикалық, саяси, қоғамдық және интеллектуалдық т.б. күштер әр түрлі 
деңгейде (жаһандық, аймақтық, көп жақты және екіжақты) түйісетін және 
өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады. Көбіне халықаралық 
қатынастардың мәнінің ерекшеліктерін анықтау барысында ғалымдар оның 
қатысушыларын бөліп көрсетуге тырысады. Олардың қатарында ең алдымен 
саяси, яғни, адамдардың мемлекеттік ұйымдасқан қауымдастығын атайды. 
Айталық, Р.Аронның көзқарасы тұрғысынан алғанда, мемлекеттердің 
арасындағы қатынастар халықаралық қатынастардың мазмұны болып 
табылады, да оның негізгі мысалы мемлекетаралық келісімдер болып 
табылады. Жалпы алғанда, мемлекетаралық қатынастар символдық 
кейіпкерлер – дипломат пен сарбаздың ерекше мінез-құлқында көрінеді. «Екі, 
тек екі адам, – деп жазады Р.Арон, – жай ғана өздері жататын 
қауымдастықтың өкілдері ретінде әрекет етпейді: елші өзінің қызметін 
орындау барысында өзі келіп тұрған жақтың атынан саяси өлшем бірлікті 
ұсынады; сарбаз соғыс алаңында сол сияқты өзін құрбан етушілердің атынан 
саяси өлшем бірлікті ұсынады». Яғни, мемлекеттердің арасындағы 
қатынастарды түсінудің мұндай тәсілімәні жағынан бейбітшілік пен соғыстың 
альтернативасынан тұрады. Халықаралық қатынастардың мәні жөнінде толық 
түсінік беру үшін халықаралық қатынастардың түрлерін бөліп көрсету қажет. 
Бұл – саяси, экономикалық және ғылыми-техникалық, идеологиялық, 
халықаралық құқықтық, әскери-стратегиялық, мәдени және басқа да 
қатынастар, бұлардың әрқайсысының өзіндік құрылымы, функциялары, өзінің 
даму процесі бар. 
Саяси қатынастар басты рөл атқарады және саяси жүйе элементтерінің, ең 
алдымен мемлекеттің шынайы саяси қызметінде өзіндік көрініс табады. Олар 
қауіпсіздікке кепілдік береді және қалған барлық қатынастардың дамуы үшін 
жағдай жасайды, яғни топтастырылған түрде ұлттық мүдделерді білдіреді. Саяси 
қатынастар мынадай формаларда жүзеге асырылады: құқықтық, дипломатиялық, 
ұйымдастырушылық және т.б. 
Экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастардың мәні көбінесе 
өндірістің және мемлекеттің өндіргіш күштерінің даму деңгейлерімен
экономиканың әр түрлі үлгілерімен, табиғи ресурстардың болуымен және 
басқа да секторлармен айқындалады. Экономикалық қатынастар, қаржылық, 
сауда, кооперативтік және т.б. формада жүзеге асырылады. 
Идеологиялық қатынастар – саяси қатынастардың біршама дербес 
бөлігі. Идеологиялық қатынастардың рөлі мен маңызы қоғамдағы 
идеологияның рөлінің өзгеруіне байланысты өзгеріске түсіп отырады. 
Идеологиялық 
қатынастар 
келісім, 
декларациялар, 
диверсиялар, 
психологиялық соғыс және т.б. формада жүзеге асырылады. 
Халықаралық-құқықтық 
қатынастар 
– 
халықаралық 
қатынас 
қатысушыларының 
өзара 
қарым-қатынасын 
осы 
қатысушылардың 
келіскендігі жөніндегі құқықтық нормалармен және ережелермен реттеуді 
көздейді. Халықаралық-құқықтық механизм қатысушыларға өздерінің 


86 
мүдделерін қорғауға, өзара қарым-қатынасты дамытуға, дау-жанжалдың 
алдын алып, даулы мәселелерді шешуге, барлық халықтардың мүдделерін 
ескеріп құрметтеп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға мүмкіндік береді.
Әскери-стратегиялық қатынастар
,
оған әскери күштерді тікелей немесе 
жанама құрумен, жетілдірумен, қайта бөлумен қайсыбір байланыстағы ерекше 
қоғамдық, халықаралық қатынастардың кең саласы жатады. Бұл қатынастар
блоктар , одақтар және т.б. формада жүзеге асырылады. 
Мәдени 
қатынастар, 
оның 
негізінде 
қоғамдық 
өмірдің 
интернационализациалануы, мәдениеттердің, білім жүйелерінің өзара сіңісуі, 
бұқаралық ақпарат құралдарының қарқындап дамуы процестері жатыр. Бұл 
қатынастар гастрольдік сапарлар, ақпарат алмасу, көрмелер және т.б. формада 
жүзеге асырылады. 
Халықаралық саясат халықаралық қатынастар ядросын құрайды және 
өзімен соғыс пен достық мәселелерінің шешімімен, жалпыға бірдей 
қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қоршаған ортаны қорғаумен, кедейшілік пен 
артта қалуды, аштық пен ауруды жеңумен байланысқан халықаралық 
құқықтар субъектісінің саяси қызметін (мемлекеттердің, үкімет аралық және 
үкіметтік емес ұйымдардың, одақтардың және т.б) көрсетеді. 
2. Халықаралық қатынастар әр түрлі кең көлемді деңгейлерде дамып, 
өмір сүреді және де әр алуан топтық деңгейлерде байқалады. Географиялық-
кеңістіктік шектен шықпаушылығымен, аталмыш тұтастықты құратын 
мемлекеттің көлемімен және күш-қуатымен халықаралық жүйенің өлшемдері 
мен түрлері анықталады. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда халықаралық 
қатынастардың жаһандық немесе жалпы планетарлық, халықаралық жүйесін, 
аймақтық және субаймақтық жүйесін негіздеуге болады. 
Халықаралық 
жүйенің 
құрылымы 
деп 
ең 
алдымен 
«билік 
орталықтарының» немесе «күш орталықтарының», яғни барынша қуатты, 
халықаралық аренада үстемдік ететін мемлекеттердің өмір сүруін көрсететін 
оның қатысушыларының арасындағы күш ара салмағының үйлесімі 
түсіндіріледі. Құрылым халықаралық қатынастар жүйесіндегі ықпалы бірдей 
емес мемлекеттердің халықаралық аренадағы мінез-құлқының сипатын 
түсінуге және болжауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ондағы 
үстемдік етіп тұрған мемлекеттердің санына байланысты халықаралық 
жүйенің алуан түрлісі болуы мүмкін. Аталған өлшем бойынша халықаралық 
жүйелерді биполярлық, көп полярлық және бір полярлық немесе империялық 
деп ажыратуға болады. 
Биполярлық жүйеде, неғұрлым қуатты екі мемлекет үстемдік етеді. Егер 
олармен салыстыруға болатын күш-қуатқа басқа мемлекеттер де қол 
жеткізетін болса, онда халықаралық жүйе көпполярлыққа ауысады. Тепе-
теңдік көпполярлық жүйеде немесе күштер тепе-теңдігі жүйесінде бірнеше ірі 
мемлекеттер бір-біріне деген шамадан тыс талаптарға тыйым сала отырып, 
оқиғаның барысына шамамен бірдей ықпал етуін сақтайды. Сонымен қатар, 
империялық типтегі халықаралық жүйеде өзінің тұтас күш-қуаты бар барлық 
мемлекеттерді әлдеқайда басып озатын бірден-бір күшті держава үстемдік 


87 
етеді (мемлекеттің күш-қуатының көрсеткіштері қарулану деңгейі
экономикалық әлеуеті, табиғи ресурс қорлары, жер аумағының көлемі, 
халқының саны және т.б. табылатынын еске сала кетеміз). 
Халықаралық жүйелер объективті түрде бірқатар әлеуметтік 
функцияларды да орындайтындығын атап көрсету керек. Осы арқылы да 
осындай құрылымдардың өмір сүруінің мәні дәлелденеді. Бәрінен бұрын, бұл 
халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету функциясы. Бұл – 
олардың басты міндеті. Аталған жағдайға әмбебап халықаралық ұйым – БҰҰ-
ның Жарғысынан үзіндімен нақты мысалдар келтіруге болады. Оның 
қызметінің негізгі мақсаты мынадай: халықаралық бейбітшілік пен 
қауіпсіздікті қолдау және осы мақсатпен әлемге төнетін қауіптің алдын-алу 
мен оны болдырмау үшін тиімді ұжымдық шаралар қабылдау және 
басқыншылық актісі мен басқа бейбітшілікті бұзатын актілерді басу және 
әділеттілік пен халықаралық құқық ұстанымдарына сәйкес оны бейбіт жолмен 
жүргізу, бейбітшілікті бұзуға әкелуі мүмкін халықаралық дау-жанжалдар мен 
жағдайларды ретке келтіру мен шешу. Халықаралық жүйелердің басқа да 
функцияларының қатарында тағы да мыналарды атауға болады: 
экономикалық, 
әлеуметтік, 
мәдени 
және 
гуманитарлық 
сипаттағы 
халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты іске 
асыру; халықаралық қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің тұтастығы мен 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қайсыбір қауымдастыққа мүше-мемлекеттердің 
ішкі дамуындағы проблемаларды шешу үшін қолайлы сыртқы алғы шарттар 
жасау.
Болашақтағы 
халықаралық 
жүйеге 
қатысты 
С.Хантингтонның 
түсініктерін назарға алайық. Бұл көзқарастарын ол басында үлкен әсер 
тудырған «Өркениеттер қақтығысы» атты мақаласында (1993) баяндаған 
болатын, ал, бұл кейін осындай атпен шыққан кітабында (1996) бастапқы 
ойлары жалғасын тапты. Оның көзқарасы тұрғысынан алғанда, биполярлық 
жүйенің күйреуімен әлемнің неғұрлым ірі болса да, өркениеттік және саяси 
қарым-қатынастарда барған сайын бір-бірінен асып түсетін жекелеген 
мемлекеттерге, қауымдастықтарға бөлінуі жүріп жатыр. Мәселен, Хантингтон 
батыстық, яғни өзіне Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаны қосып алатын 
атлантикалық өркениетпен қатар тағы да жеті өркениет өздері жөнінде айқын 
мәлімдейтіндігін болжап білуге болады деп есептейді. Олар: славяндық-
православтық; конфуциандық (қытайлық); жапондық; исламдық; индуилік; 
латын американдық және африкандық та болуы мүмкін. Саясаттанушы-ғалым 
өркениеттік жіктелу халықаралық қарама-қайшылықтар мен жанжалдардың
бастау көзіне айналатынына сенімді және де ол келешектегі әлемдік саясатты 
өркениеттердің қақтығысы ретінде сипаттады. «Әлемдік саясат, – деп жазды 
Хантингтон, – жаңа сатыға көшуде... Мен пайда болған әлемде 
шиеленістердің негізгі көзі енді идеология мен экономика болмайды деп 
ойлаймын. Адамзатты бөліп тұратын маңызды шекаралар мен шиеленістердің 
басым түсетін қайнар көздері мәдениетпен айқындалатын болады. Ұлт-
мемлекет халықаралық істердегі басты әрекет етуші болып қалады, бірақ 


88 
жаһандық саясаттың неғұрлым маңызды шиеленістері әр түрлі өркениеттерге 
жататын ұлттар мен топтардың арасында үдей түсетін болады. Осыған 
байланысты халықаралық қатынастардың тұрақты даму мен жетілу үстінде 
болатындығын, жаңа элементтері мен қарым-қатынастың деңгейлері пайда 
болып отыратындығын, олардың формалары жаңа мазмұнмен толығып 
отыратындығын атап көрсеткен жөн. Халықаралық қатынастар жүйесі 
мемлекеттердің, партиялардың және т.б. сыртқы саяси қызметінде өзін 
шынайы нақтылы түрде көрсетеді. Қазақстан да халықаралық қатынастар 
жүйесінің маңызды субъектілерінің рөлінде көріне алады. 
3. Бүгінде Қазақстан Республикасы тәуелсіз, дербес мемлекет және 
аумағы үлкен, түрлі халықтардың тату-тәтті өмір сүруіне жол ашылуда. 
Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз деп жариялағаннан бастап, қысқа 
тарихи дәуірде өзін сенімді және жауапкершілігі мол мемлекет ретінде 
танытып отыр. ҚР Конституциясының 8-бабына сәйкес Қазақстанның сыртқы 
саясатының негізгі принциптеріне жататындар: халықаралық құқық 
нормаларын сақтау; мемлекеттер арасында ынтымақтастық және көршілес 
елдермен қарым-қатынастарды жүргізу; халықаралық дауды бейбіт жолмен 
шешу; мемлекеттер теңдігі және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау. 
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне жататындар: 
Қазақстан саяси, экономикалық және басқа да мақсатқа жетудің құралы 
ретінде барлық соғыстардан, әскери күш қолданудан бас тартады; біздің 
сыртқы саясатымыздың негізгі идеясы Қазақстан ешбір мемлекетке өзінің 
қарсыласы ретінде қарамайды; Қазақстан өзінің өмірлік маңызды мүдделерін 
қорғайтындығын мәлімдеді; сырқы саясат «шығынды» емес, өзара тиімді 
болуы тиіс. 
Азия және Еуропада геосаяси жағынан маңызды орынды иемдену, 
экономикалық және саяси қауіпсіздік принциптерін тұрақтандыру, тәуелсіздік 
пен дербестік және территориялық бүтіндікке назар аудару бүгінгі 
Қазақстанның негізгі мақсат-мұраты болып табылады. Қазақстанның 
дипломатиялық қызметі ҚР-ың әлемдік және аймақтық құрылымдардағы 
беделін нақтылап, барлық мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайтты, 
посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттермен интеграцияны орнықтырды. 
Дүниежүзілік аренаға Қазақстанның шығуы ең алдымен мемлекет 
басшысының сыртқы саяси қызметінің белсенділігі. 1990 жылдан бастап ҚР 
Тұңғыш Президенті 200-ден астам ең ірі мемлекеттерге ресми және іс 
сапарлар жасады.Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 
бар күш жігерін салды. Қазақстанның Ресей, АҚШ, Ұлыбритания жағынан 
қауіпсіздік кепілдіктері туралы Будапешттік меморандумға қол қоюға қолы 
жетті. Аталмыш кепілдіктер Франция және ҚХР-дан алынған болатын. 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасын әлемнің 100-ден аса 
мемлекеті мойындады және олармен дипломатиялық қарым-қатынас 
тұрақталып орнады. 1992 жылдан бастап БҰҰ-ның белсенді және құқықтық 
мүшесі. БҰҰ-да мүше болған жылдарда Қазақстан халықаралық тыныштық 
және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды үлес қосты. Біздің еліміз 


89 
ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Мұндай бейбітшіл талпынысты 
көптеген мемлекеттер адамгершілікпен бағалады. Біздің толерантты 
ниетімізді сезінген халықаралық қауымдастық өзінің жоғары бағасын беріп 
отыр. Әлемнің бізді жете тануының себебі, ол 2010 жылы Қазақстанның 
ЕЫҚҰ -на жетекшілік етуі. Бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ұйымның 
«үш корзинасын» толықтыруға ұмтылды. Біріншіден, діндер мен халықтар 
арасындығы диалогты күшейту. Қазақстан дәл бүгінгі күні өркениеттер 
сұхбатындағы Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырушы көпір деп 
танылуда. Екіншіден, 1975 жылдан бастау алған Еуропадағы бейбітшілік пен 
қауіпсіздік Кеңесінің Хельсинки қорытынды актісінде көрсетілген 
демократияны, адам құқығын және азаматтық қоғамды дамыту идеяларына 
адалдық. Үшіншіден, сайлау жүйесіндегі тазалықты, ашықтықты және 
әділеттілікті қамтамасыз ету. Елбасымыздың өзі осындай сенімді нықтай түсу 
мақсатында көптеген халықаралық және аймақтық жобалардың ынталы 
көшбасшысына айналып отыр. Әлемдік саясатта Қазақстан көпбағыттылық 
саясат жүргізуі өзінің елеулі нәтижелерін беріп отыр. Бұл жоспарда ең басты 
орынды АҚШ-пен жасалған стратегиялық және демократиялық келісім болып 
табылады. Қазақстанның сыртқы саясат доктринасына оның Ресей және 
Қытаймен шекаралас болуы ерекше ескерілді. Ресей Федерациясымен
еліміздің құрлықтағы шекарасының ұзындығы 7,2 мың шақырымдай болса, 
Қытай Халық Республикасымен 1,7 мың шақырымдай ортақ шекара бар. 
Сондықтан Қазақстан әлемдік басым державалар болып саналатын Ресей, 
Қытай мемлекеттерімен бейбіт, тең және ынтымақтастық қатынастарды 
орнатуға ерекше мүдделі. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Белоруссия, 
Украинамен жасалған кедендік келісім және т.б. Сыртқы саясат дамытуда 
басты орындарды ТМД елдерімен байланыс, БҰҰ-ғы қызметі, Еуропа және 
АҚШ-пен байланысы алады. Қазақстан Республикасының халықаралық 
байланысы барлық мемлекеттермен дұрыс жолға қойылған.
Бүгінгі таңда әртүрлі діндер арасындағы сұхбатты тұрақтандыру өте
қажет. Елбасының бастамасымен Астанада тұңғыш рет ғаламдық және 
дәстүрлі діндердің өкілдерінің қатысуымен съезд өткізілді. Бұл дәстүрге 
айналып отыр. Біртұтас мемлекет аймағындағы әртүрлі ұлттар мен 
ұлыстардың бейбіт түрлері үлгілі мемлекет мұратының негізгі нысаны.
Бүгінде ұлттық гуманистік қозғалыстар адами мәнге ие болып отыр. 
Қазақстан Республикасы Еуразия өркениетінің бір бөлігі, статусы жағынан 
еуразиялық мемлекет болып табылады. Қазақстанның дамуы тілі, салт-дәстүрі 
ортақ көпғасырлық тарихы бар көп ұлтты түркі-ислам мәдениетінен бастау 
алатыны сөзсіз. Ұлттық және азаматтық консолидация түріндегі келісімді 
жетілдіру мен орнықтыру мақсатында барлық жағдайлар жасалып отыр, жас 
мемлекеттің әлемдік даму контекстіндегі тұрақты және сенімді экономикалық 
өсімі, демократиялық және азаматтық қоғам институттарының дамуы, 
тұрақтылық, қауіпсіздік, егемендік идеяларының нығаюы осы бағыт үшін 
ынталанады. Жаһандану барысында бүгінгі Қазақстан өркениеттік дамудың өз 
жолын таңдауы және ол жол ұлттың төл мүддесіне сәйкес келуі тиіс.


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет