80
Бақылау сұрақтары
1 Модернизация термині кандай мағына береді?
2 Модернизацияға берілген тарихи анықтаманы атаңыз?
3 Саяси модернизация дегеніміз не?
4 ҚР модернизациялануы кай кезеңнен бастау алды?
5 Саяси модернизациядағы либералдық бағыт қандай?
14 тақырып. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар
1 Саяси шиеленістер түсінігі, мәні мен сипаттамасы.
2 Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың түрлері, қызметтері.
3 Саяси шиеленістерді шешу жолдары.
Дәріс мақсаты:
шиеленістердің саясаттағы орны мен рөлін анықтау.
Саяси шиеленістер мен дағдарыстар түсінігін талдап, мәнін ашу.
Шиеленістер мен дағдарыстардың түрлерін, қызметін және шешу жолдарын
талдау.
1. Адамзат қоғамы таптар, ұлттар, ұлыстар, әлеуметтік топтар,
мемлекеттер, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктермен әлеуметтік
қауымдастықтардан тұрады. Аталған адамдар топтарының әрқайсысының өзге
қауымдастықтардың мақсат мүдделерімен және идеалдарымен сәйкес
келмейтін жеке мүддесі мен идеалы бар. Осыдан кейін олардың арасында
біртіндеп саяси жанжалдар мен дағдарыстық жағдайларға апаратын пікір
қайшылықтары мен ерегес туындайды. Ал оларды шешу үшін нақты әдіс-
тәсілдер мен шешу жолдары қажет болады. Шиеленіске адамзат өте ерте
кезден мән берген. Мысалы, б.з.б. VII-VI ғасырларда қытай философтары
дүниедегі нәрселердің барлығының қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь)
бастаулардан тұрады деп есептеді. Грек философы Гераклит заттар мен
құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деген
болатын. Ал Г.Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін
жоғары бағалады. Шиеленіс дегеніміз – әрбір қарсы жақты қолайсыз
жағдайға ұшыратып,істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің
пікірлердің, көзқарастардың кайшы келуі, елеулі келіспеушілік пен өткір
талас болып табылады.
Өткен ғасырдың 50-жылдарында американдық ғалым Л. Козер
әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар , мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін
күресті жатқызады. Жалпы, мұндай көзқарастар батыста кең таралған. Неміс
әлеуметтанушысы Р. Дарендорф «қоғамның дау-дамайлық үлгісін» алға
тартты. Ол өзінің «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық
шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында
теңсіздік пайда болады, яғни олар түсініспеушілікке шиеленіске алып келеді.
Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм
біртіндеп терең өзгеріске ұшырайды делінген. Көтпеген қөзқарастарды
81
жүйелей келіп, саяси шиеленістердің негізгі сипаттамаларын бөліп көрсетуге
болады:
а) саяси шиеленістер – бұл билікке қатысты (билікті басып алу, ұстап
тұру, бөліп алу және т.б.) жанжалдар;
ә) егер шиеленістердің бір тарабы ретінде билік қатысатын болса
жанжал саяси сипатқа ие болады;
б) кез-келген саяси шиеленіс ол субьектілердің өз жағына барынша көп
жақтастарды тартуға тырысуы. Бұл көбінесе нақты ұстанымы жоқ адамдарға
байланысты орын алады;
в) саяси шиеленістер бұқаралық сипатқа ие болып,көзқарас
қайшылықтары көпшілік көз алдында болады. Бұл демократиялық режимге
тән;
г) саяси шиеленіс әлемнің бөлінбес бөлігі. Нәижесінде билікпен
реттелетін және бақыланатын құндылықтарды бөлу орын алатын, бір-бірімен
қайшылықта болатын мақсат мүдделерді көздейтін субьектілер арасындағы
күресті саясат деп айқындауға болады.
Әлеуметтік саяси шиеленістердің бірнеше себептері бар:
1) Адамдар арасындағы теңсіздік жағдайы. Себебі әр кімнің қоғамдағы
мәртебесі, билікке қатынасы, қызметі әр түрлі болады. Біреулер билік етеді,
екіншілері оған бағынады, өз дегендерін істейді. Саяси теңсіздікке үш үлкен
фактор әсер етеді:
-
әртүрлі
топтардың
саяси
мүмкіндіктеріндегі
көрінеу
айырмашылықтар;
- билік органдарына барлық топтар мен қоғам таптарының тең
дәрежеде өкіл жіберу мүмкіндігінің болмауы;
- жариялылық жағдайында әртүрлі мүдделер мен артықшылықтарды
үйлестірудің қиындығы.
2) Идеологиялық себептерге баса назар аударылады. Қандай шиеленіс
болмасын ол ашық немесе жабық түрде идеологиялық жағынана бағытталып
отырады. Шиеленістердің идеологиялық жағынан бағытталуы оның
өміршеңдігі мен қоғамда кеңтаралуының және азаматтардың әлеуметтік
белсенділігіне әсер етеді.
3) Әлеуметтік қажеттілік, мұқтаждықтың, талап – тілектердің өтелмеуі
немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады.
4) Адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б.
бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олрдың өмірдегі орнын
айқындайды және өздерінің жағдайын басқадан төмен сезініп, мүдделеріне
қысым жасалды деп ұғады. Батыс саясаттанушылары кейбір шиеленістерді
адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар
туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адамның бір нәтижені күтуі, ол
шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың
ішкі сезімдерінің жетілмеуі және т.б.
82
Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік
бақылауға алынған шиеленіс адамдар мен түрлі топтар арасында пайда
болған жанжалдарды уақытында асқындырмай шешуге септігін тигізеді.
2. Саяси шиеленістердің түрлерін анықтаудың талабы ретінде олардың
таралу аясын алуға болады. Осыған орай ішкі саяси (ұлттық, мемлекетшілдік)
және сыртқы саяси (мемлекетаралық, халықаралық) дауларды бөліп көрсету
қажет. Мұнда бірінші түріне бір мемлекет аумағында орын алатын
жанжалдарды жатқызамыз. Яғни бір мемлекеттік лауазым мен орынтаққа
үміткерлер арасындағы күреске байланысты даулар көп кездеседі. Бұған саяси
партиялардың саяси бәсекелестік бойынша жанжалдасуын немесе партия
қайраткерінің партиядағы басшылыққа таласуын, бір мемлекеттегі түрлі
қоғамдық ұйымдардың әр түрлі саяси талаптар бойынша бір-бірімен
қақтығысуын жатқызуға болады. Ішкі саяси шиеленістер позициялық және
оппозициялық болып бөлінеді. Позициялық жанжалда оның қатысушылары
бір иерархиялық деңгейде, ал оппозициялық жанжал әр түрлі деңгейде әрекет
етеді. Сыртқы саяси шиеленістер ұлттық мемлекеттік шекара сыртында орын
алады. Оларға жататындар: мемлекеттердің аумаққа қатысты даулары, ықпал
ету аясын бөлісуге байланысты даулар, қол қойылған келісім-шарттарды
дербес түсіну, әскери-саяси топтар, мемлекеттер одақтары арасындағы даулар.
Сытқы саяси даулар келесідей бөлінеді:
1) Бір мемлекет екінші мемлекеттің өз талаптарын орындауын талап
ететін дағдарыс жағдайы – «соғыс алдындағы реттеу» (Мысал ретінде 1962
жылғы Кариб дағдарысы).
2) Қарсыласына орындалуы мүмкін емес талаптар қойып немесе оған
қарсы соғыс ашу үшін арандатушылық ұйымдастырумен байланысты
дағдарыс – «дұшпандық ниетті ақтау» (Мысал ретінде кезінде Гитлер
Польшаға қарсы соғысты ақтап алу мақсатында Гляйвиц радиостанциясына
қарсы шабуылды ұйымдастыруы).
3) Әртүрлі дәрежедегі және көлемдегі соғыстар.
4) Уақытына қарай тараптар арасындағы саяси шиеленістерді аз уақытқа
созылатын (қандай да бір министрді немесе үкімет мүшелерін отставкаға
кетіру бойынша шиеленіс) және ұзақ уақытқа созылатын (Израиль мен араб
мемлекеттері арасындағы даулар) шиеленістер деп бөлінеді.
5) Жүзеге асырылу нысанына қарай ашық және жабық болып бөлінеді.
Ашық түрінің институционалдық нысаны мен базасы бар. Олар митингтер,
шерулер, манифестациялар түрінде көрініс табады. Жабық (латенттік) түрі
жария сипатта болмайды, оның тараптары ақпараттың сыртқа шығып кетпеуін
қатаң қадағалайды.
«Дағдарыс» ұғымы мен оның әлеуметтік мазмұнына тоқталатын
болсақ, бұл ұғым қандайда болмасын құбылыстың деградацияға ұшырап өмір
сүруі мен қызмет етуі мүмкін емес болатын ерекше күйін сипаттайды. Қоғам
өміріндегі дағдарыстық құбылыстар бірден пайда болмайды, олар біртіндеп
жетілу мен дамудың ұзақ жолынан өтеді. «Тоқырау», «қатер», «апат» сияқты
ұғымдар қарапайым санада әлеуметтік дағдарыстың пісіп жетілуінің әр түрлі
83
сатысын көрсетеді. Қоғамдық өмірдегі дағдарыстар көріну сфералары
бойынша жіктелуі мүмкін: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық,
адамгершілік, экологиялық және т.б. Дағдарыстарды көлемі бойынша
келесідей жіктеуге болады:
1)
Ғаламдық, яғни барлық адамзатты қамтитын, адамдар
қауымдастығының фундаменталдық бастауларына ықпалын тигізетін
дағдарыс (экологиялық апаттар және т.б.).
2) Аймақтық, яғни белгілі бір аймақтың шеңберінде, геосаяси кеңістікте
көрінетін дағдарыстар.
3) Жергілікті дағдарыстар. Олар әр түрлі негіздерге ие болуы мүмкін:
этникааралық, діни және т.б. бірақ саяси тұрғыдан көрінеді, себебі оларды
жергілікті жердегі бұқара халық белсенді етеді және олар мемлекеттік
құрылымдардан дағдарыстан шығуға бағытталған тиісті әрекеттерді талап
етеді.
Саяси шиеленістердің қызметі жағымды және жағымсыз деп екіге
бөлінеді:
1) Жағымды қызметіне жататындар: шиеленіс қордаланып қалған өкпе-
ренішті өзге бағытқа бұрушының рөлін атқарғанда қарсыласушы тараптар
арасындағы қысымды азайту; бұл саяси қажеттілік, саяси жүйенің, қоғамдық
нормалардың және бұрынғы құндылықтардың өзгеруі мен қайта
бағамдалуына негіз болады; топ ішіндегі тұлғаларды жақындастырып, олар
өздерінің және қарсыластарының мүдделерін толық түсінеді.
2) Жағымсыз қызметтеріне жататындар: саяси жүйенің тұтас
интеграциялануына ықтимал қауіп төнгенде биліктік қатынастардың қажетті
өзгеріске енуіне жағымсыз әсер етуі мүмкін; тұрақтылығы берік емес саяси
топтар мен ұйымдарда, институттарда бүліншілік болуы мүмкін. Осыған
байланысты саяси шиеленістерді басқарудың басты мақсаты оның кең етек
жаюына жол бермеу қажет.
3. Саяси шиеленістерді шешудің басты шарттары жанжалға қатысушы
саяси күштердің жіне өзге де жанжалдардың аяқталуына мүдделі үшінші
күштердің мақсатқа бағытталған әрекеттері болып табылады. Шиеленістердің
ұтымды шешілуі тараптардың және өзге де қатысушылардың мүмкіндіктері
мен олардың еркіне байланысты. Шиеленісті тоқтатудың басты жолы – сол
жанжалдың шығуына жол ашып берген обьективтік себептерді жою болып
табылады.Адамзатқа қазіргі кезде саяси өзара қатынастардың негізгі принципі
ретінде және саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының өзегі ретінде
консенсус өте қажет. «Консенсус» термині қайсыбір мәселелерде саяси
күштердің ортақ позициялық көзқарастарын білдіреді. Сонымен қатар,
консенсус - барлық жиналысқа, конференцияға және басқа да форумдарға
қатысушылардың бір келісімге келіп, алқа болып шешім қабылдау формасы
болып табылады. Шиеленісті шешудің түпкі мәні – тараптар арасында
туындаған мәселе бойынша келісімге кол жеткізу. Шиеленістерді шешудің
жолдары:
84
1) Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп
жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін
айтады. Яғни екі жақ бір бірін ұғынып, өзара кешірімдік жасап, ортақ
келісімге келуге тырысады.
2) Мәжбүрлеу зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір
жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны
толық жойып жібергенде туады.
3) Тараптар арасындағы келіспеушілікті шешу жолдарының ішіндегі ең
тиімдісі - келіссөздер. Келіссөздер үрдісі келесі жағдайларда орын алуы
мүмкін:
- тараптардың қайшылықты мүдделерге қоса ортақ мүдделері де болуы
мүмкін;
- тараптар өзге жолдардан гөрі, өздері үшін нақты бір келісімге келудің
мүмкіндігін сезінеді;
- тараптар пікірталаста барлығын қанағаттандыратын шешім іздеуге
тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |