3 Жарықтандыру есебі
Қызылорда қаласындағы спорт кешенін жарықтандыру қондырғысының жарық көзі ретінде қыздыру шамдар мен люминницентті шамдар қолданады.
Жарықтандыру жүйесі жалпы, аралас жарықтандыру болып бөлінеді. Жалпы жарықтандыру деп жұмыс орнын және жалпы бөлменің барлық ауданын бірқалыпты қондырылған шамдалдар арқылы жарықтандыруды айтады. Жалпы жарықтандыру жүйесін жұмыс орындары тығыз, әрі аз дәлдікпен орналасқан өндірістік бөлмелер цехтың барлық алаңында бір типті жұмыс жасайтын, қосалқы, тұрмыстық, кеңселерді, т.б. бөлмелер үшін қолданылады.
Ғимаратта, кіріп шығатын жерде, қажетті тұрмыстық бөлмелер блогында, т.б. орындалатын жұмыс сипатына, ондағы қоршаған орта жағдайына және стандарт пен техникалық талаптарға сәйкес жарықтандыру шамалары таңдалады.
Барлық бөлмелерді жарықтандыру үшін жалпы бірқалыпты жарықтандырады, сондай-ақ барлық бөлмелерде жұмысшы және кезекші жарықтандыру қолданады.
Өндірістік ғимаратта жұмысшы, апаттық және жөндейтін жарықтар жоспарланған. Электр энергиясын тарату жарықтандыру қалқаншалары арқылы таратылады. Жарықтандырудың топтық желілері қабырғаларға қапсырмамен бекітілген АВВГ кабельдер мен құбырлар ішінде жүргізілген АПВ типті сымдар арқылы орындалады.
Жарықтандырудың нормалық шамасы көздің жұмысының сипатына, әр түрлі объектілер өлшеміне, жарықтандыру түрі мен жүйесіне, жарық көзінің түріне байланысты болады.
Бөлмелерді жарықтандыру үшін ЛСП02-2х40, Р236 -2х40, НСП 09-100-003, НПО 24-60 шамдалдары қолданамыз.
Бөлмелерді жарықтандыру есебі
Жарықтандыруды жобалау және құру кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
- жарықтандыру қондырғысының сандық және сапалық көрсеткіштер шамалары нормада болуы;
- қондырғылардың элекр энергиясын тиімді де, ұтымды пайдалануы;
- жарықтандыру қондырғыларының сенімді жұмысы;
- қызметкерлердің қауіпсіз жұмысы;
- жарықтандыру қондырғыларының пайдалану ыңғайлылығы мен басқарылуы.
Электрлік жарықтандыруды есептеу келесі жоспарда жүргізіледі:
ток көзі мен бөлменің сипатына және болжамды шам қуаттарына байланысты шамдал түрлерін таңдау;
бір шамның қуатын анықтау;
бөлмені жарықтандыру үшін қондырғы қуатын анықтау;
есептеулер қорытындыларын сәйкесті нормада болуын тексеру қажет.
Ішкі электрлік жарықтандыруды есептеу үшін бөлме размері, технологиялық жабдықтардың орналасуы көрсетілген жоспар, өндірістік жабдықтар мен өндірістік бөлмелердің сипатын анықтау қажет.
Жобада электр жарықтандыру есебін меншікті қуат әдісі арқылы есептеледі. Бұл әдіс анықтамада кестеге сәйкес берілген меншікті қуаттарды пайдалануға негізделген [3, 314]. Рұқсат етілетін жарықталуды анықтамадан қабылдаймыз [ 3, 314]. Ол үшін шамдалдар типтері таңдалады.
Бұл әдіспен есептеу тәртібі:
жарықтандыру жүйесі мен шамдалдар типтерін анықтау
Аспалы шамдалдардың биіктігін таңдау
р меншікті қуатты анықтау
максималды жарықтандыру қуатын есептейміз:
, (3.1)
мұндағы - жарықтандыру ауданы, м2.
Бір шамның қуатын анықтаймыз.
, (3.2)
мұндағы п – шамдар саны. шамасын [3, 172б] барынша жақын стандарт шамдардың шамасын таңдаймыз.
Спорт алаңы шамдалын есептеу үшін, бөлме ауданы 145,14м2, жұмысшы биіктігі 6,3м, меншікті қуаты 10,2 Вт/м2 Бөлмедегі шамдардың жалпы қуатын анықтаймыз:
Р = 10,2 145,14 = 1,5кВт
Бөлмеге 44 шамдал қондырамыз. Әр шамдалдағы шамның қуаты
Рл = Р/n = 1,5/16 =93,75 Вт. Қуаты 2х40 Вт болатын Р236-2х40 шамдалын қабылдаймыз[3].
Басқа бөлмелер үшін есептеулер жоғарыда көрсетілгендей формулалар арқылы орындалады және есептеулер нәтижесі 1-кестеге түсіріледі.
Шамдалдағы шамның қуаты 1-кесте
№
п/п
|
Жайлардың атауы
|
S,м2
|
Ен, лк
|
Руд, Вт/м2
|
Рсв, Вт
|
Шамдал
типі
|
Саны
|
1
|
Вестибюль
|
70,8
|
150
|
8,2
|
2х40
|
4Р236
|
4
|
2
|
Спорт залы
|
800
|
200
|
|
2х40
|
4Р236
|
16
|
3
|
Шешінетін бөлме (ұл/қыз)
|
92
|
75
|
|
2х40
|
Р236
|
7
|
4
|
Душ
|
6,5
|
30
|
|
100
|
НСП09
|
2
|
5
|
Асхана
|
72
|
150
|
|
2х40
|
ЛСП16
|
5
|
6
|
Желдеткіш камера
|
80
|
50
|
|
2х40
|
НСПО9
|
4
|
7
|
Әжетхана
|
6,5
|
50
|
|
100
|
НСПО9
|
2
|
8
|
Тренерлер бөлмесі
|
18
|
75
|
|
2х40
|
ПВЛМ
|
2
|
9
|
Киім шешетін орын
|
90
|
150
|
|
2х40
|
Р236
|
2
|
10
|
Қызметшілер бөлмесі
|
48
|
50
|
|
100
|
НСПО9
|
1
|
11
|
Жылу түйіні
|
18
|
50
|
|
100
|
НСПО9
|
2
|
Сыртқы терреториясын электрмен жарықтандыру
Сыртқы жарықтандыруды жобалау және құру кезінде қамтамасыз етілуі тиіс:
жарықтандыру қондырғысының сандық және сапалық көрсеткіштері шамасы нормада болуын;
қондырғылардың элекр энергиясын тиімді де, ұтымды пайдалануын;
жарықтандыру қондырғыларының сенімді жұмысын;
жарықтандыру қондырғыларының пайдалану ыңғайлылығы мен басқарылуын.
Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын жобалау кезінде тіректер мен жарықтандыру құралдарын таңдауда жарықтандыру аймағының құрылыстық-жоспарлық ерекшеліктері ескеріледі.
Көшелердің, жолдың және алаңдарды жарықтандыру қондырғы тіректерінің ара қашықтығы 0,6м-ден аз емес орналасуы керек.
Жарықтандыру қондырғыларында пайдаланылатын жабдықтар мен материалдар желінің номинал кернеуі мен қоршаған орта жағдайына байланысты стандартқа және техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |