Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет351/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ҚҰЛЕ
ҚҰЛЕ


336
Жұрт сыйлаған басымды күлге теңеп, 
Жаярмын талай жерге сені келін...
Әрине, Шал ақын қазақ әйелдерінің 
семьядағы рөлін шама-шарқынша 
реалистік тұрғыдан түсінгенімен олар-
дың қоғамдағы орнын, әлеуметтік 
сипатын көрсете алмайды. Оның әйел 
туралы ой-пікірлері патриархалдық-
феодалдық түсініктен онша ұзап кете 
қоймады. Дегенмен бұл «әйелдің 
шашы ұзын, ақылы қысқа» дейтін 
кертартпа моральға аз да болса қар-
сы қойылған, озық ойдың елесін бе-
ретін, кейін Абай тұжырымдаған ас-
қарға барар жолдағы кішкене тө-
бешік, бел-белес тәріздес құптауға тұ-
рарлық пікір еді.
ҚҰЛЖАНОВА НӘзИПА (1887-
1934) – 
Кеңес өкіметінің алғашқы 
жылдарында өзінің тәлім-тәрбиелік 
ойларымен қазақ әйелдерінің ара-
сынан тұңғыш әлеумет өмірінде кө-
рінген кісінің бірі. Ол өткір журна-
лист, педагог-тәлімгер, екі тілде бір-
дей жазатын аудармашы, Шығыс ең-
бекші әйелдерінің І-съезін ұйымдас-
тырушылардың бірі, Орыс география 
қоғамының Семей бөлімшесінің мү-
шесі еді. Ол 1902 жылы Қостанай-
дағы қыздар гимназиясын бітірген
соң Торғайдағы қыз балалар учили-
щесіне мұғалімдікке тағайындалады. 
Н.Құлжанова 1904-1919 жылдар ара-
сында Семейдің мұғалімдер семина-
риясында оқытушы болып жұмыс іс-
тейді, 1920-22 жылдары Ақмолада әуелі
мұғалім, кейіннен уездік комитетте 
жауапты қызмет атқарады, одан соң 
Орынборда, 1923-1925 жылдары «Қы-
зыл Қазақстан» журналының жауап-
ты хатшысы, ал 1925-1929 жылдары 
республикалық «Еңбекші қазақ» га-
зетінде редколлегия мүшелерінің бірі,
«Әйел теңдігі» журналының бөлім 
меңгерушісі, кейіннен жауапты хат-
шысы қызметтерін атқарады. Оның 
тәлім-тәрбиелік пікірлерi медицина 
ғылымымен сабақтасып жатады. Бұл
жәйт «Бала күтімі», «Баланың өмірі-
не күн сәулесінің әсері», «Таза ауа 
аса қажет», «Баланың аурулары», 
т.б. мақалаларынан жақсы байқала-
ды. Автор жаңа қоғамның белсенді 
құрылысшыларын тәрбиелеуді жөр-
гекте жатқаннан бастауды ұсына ке-
ліп, өзі түйіндеген тұжырымның түп 
негізі «Тәні саудың – жаны сау» дей-
тін халық даналығына саяды.
Құлжанованың ұстаздық, тәлімгерлік 
тұлғасын таныта түсетін екі еңбегі 
бар. Оның бірі – 1923 жылы Орынбор-
да шыққан «Мектептен бұрынғы тәр-
бие», екіншісі «Ана мен бала тәр-
биесі» (Қызылорда, 1927). 
Қазақ қоғамы жағдайында жас ұр-
пақты тәрбиелеудің ғылыми астар-
лары әлі де болса айқындала қойма-
ған кезде Н.Құлжанованың осынау 
тың жатқан істі өзіне зор міндет
басты проблема етіп көтеруі – оның
асқан батылдығы да, бала тәрбиесі-
нің сан-салалы шараларын көрсете 
алатын біліктілігінде еді. Аталмыш 
еңбектерінде автор мектепке дейінгі
балалар мекемелерінің тарихын, олар-
дың отандық және шетелдік үлгі-
лерін сөз етумен бірге қоғамдық орта-
дан тәрбие алатын баланың жас ерек-
шелігіне қарай, оның қоршаған ор-
тасының ықпал-әсерінен туындай-
тын психологиялық өзгерістерді ке-
ңінен баяндайды.
Ғалым-педагог баланың жан тәрбие-
сіне әр жас кезеңінде әртүрлі тәрбие 
беру керек екенін айта келіп, үш жа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет