Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет354/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ҚҰНА
ҚҰНА


339
реніш, абырой, қайрат, жауыздық, қу-
лық т.б.) оқырманды қайран қалды-
рады.
Абай адамның танымдық қасиетте-
рінің табиғатын ғылыми материалис-
тік тұрғыдан түсіндіреді. Сезіну жә-
не түйсіну мәселелерін де дәл осы ба-
ғытта талдайды. Ақын сыртқы дүние-
нің адамның сезім мүшелеріне әр 
түрлі сипатта әсер ететінін айта ке-
ліп: «Құлақ болмаса не қаңғыр, не 
күңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән – еш-
бірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын 
иіс білмесе, дүниеде болған жақсы 
иіске ғашық болмақ, жаман иістен 
қашық болмақтық қолымыздан кел-
мес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дү-
ниеде не тәтті, не дәмдінің қайсысынан 
ләззат алар едік?», – деп көрсетеді. 
Алайда сезім мүшелерінің (көз, құлақ, 
мұрын, т.б.) мимен байланысты дей-
тін ғылыми түсінікке ол бара қоймай-
ды. Бірақ түйсіну, қабылдаудың бас-
қа да танымдық құбылыстармен, дә-
лірек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым 
сияқты түйсіктермен байланысты еке-
нін ашып айтады. Осыған байланыс-
ты Абай: «Ол хабарлардың ұнамды-
сы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы 
ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз су-
ретіменен көңілге түседі», – деп жа-
зады. Ақын: «Сыртын танып іс біт-
пес, сырын көрмей, Шу дегенде құ-
лағың тосаңсиды, Өскен соң мұндай 
сөзді бұрын көрмей, Таң қаламын ал-
дыңғы айтқанды ұқпай, Және айта 
бер дейді жұрт тыным бермей, – деген 
жолдарда «түйсік» деген ұғымды ар-
найы айтпағанмен психологиялық 
құбылыстың мәніне көңіл аударады.
Ол түйсік пен қабылдау адамның жи-
ған-терген тәжірибесіне байланысты, 
сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп ал-
май келесі сөзді түсіну қиын деп дұ-
рыс тұжырымдайды.
Ақынның ес туралы пікірлері де қыз-
ғылықты. Абай естің мәнін ашу үшін 
ерекше «ұмытпастық себептер» деген 
психологиялық атау енгізген. Ол осы-
ған орай «Отыз бірінші сөзінде»: «Ес-
тіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түр-
лі себеп бар: әуелі – көкірегі байлау-
лы берік болмақ керек; екінші – сол
нәрсені естігенде иә көргенде ғиб-
ратлану керек, көңілденіп, тұшынып, 
ынтамен ұғу керек; үшінші – сол 
нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойла-
нып, көңілге бекіту керек; төртінші –
ой кеселді нәрселерден қашық болу 
керек. Егер кез болып қалса, салын-
бау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, 
салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, 
иә бір қайғыға салыну, иә бір нәрсе-
ге құмарлық пайда болу секілді. Бұл
төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылым-
ды тоздыратұғын нәрселер», – деп 
жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ре-
нішті, қуанышты көңіл күйлерін та-
ну барысындағы естің маңызы жай-
лы айта келіп, адам «...сөзді есіткен-
де шайқақтап, шалықтанып, не сал-
бырап, салғырттанып естісе, не есіт-
кен жерде қайта қайырып сұрап ұға-
йын деп тұшынбаса, не сол жерде 
сөздің расына көзі жетсе де, шыға бе-
ріп қайта қалпына кетсе, естіп-есіт-
пей не керек», – деп түйіндейді.
Ақын шығармаларынан тек адамға 
ғана тән жан қуаттарының негіздері –
сөз бен қиял хақындағы пікірлерін
жиі кездестіруге болады. Абай: «Ақыл-
ды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр 
нәрсеге өзіндей баға бермек», – деп 
терең ойлай білетін, қиялы ұшқыр, 
кең, ақылды адамдарды жоғары ба-
ғалайды. Ақын: «...Білім-ғылымды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет