Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет382/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МЕДИ
МЕДИ


367
ды», «Аштың ақылы тамағында», 
«Қарны ашқанға қара талқан майдай 
көрінеді», «Аш адам тұрып өлмейді, 
жүріп өледі», деп халық дұрыс 
тамақтану адамның тек көңіл күйіне 
ғана әсер етіп қоймай, оның аурудан 
тез айығуына да себепші болатынын, 
тамақтың шипалық қасиеті де күшті 
екендігін дұрыс көрсетеді. «Жаман 
ауруға жақсы тамақ та ем», «Ет етке, 
сорпа бетке».
Адамның күшті, ширақ, епті, оңтай-
лы болып өсуі оның түрлі әдіс-тә-
сілдерді, арнаулы жаттығуларды мең-
геріп, кедергілерді жеңіп үйренуімен 
де тығыз байланысып жатады. Бұл 
жөнінде халқымыз: «Айлалы батыр 
алдырмас», «Айласыз батыр алды-
рар», «Палуанның жаманы шалдыр-
ған соң өкінер», «Ерлік – білекте 
емес жүректе», «Алып та халықтан 
үйренеді», деген ма-қалдарда жеңіс 
тек білекте ғана емес, әдісқойлыққа 
да, айлалылыққа да, шеберлікке де
қатысты, әдіс-тәсілді жасаушы да, 
алыпты туғызушы да, алыптың ұста-
зы да – халық деген тамаша ойлар 
тоғысып жатыр.
МЕДИЦИНАЛЫ-ПСИХОЛО-
ГИЯЛЫҚ ЭКСПЕРТИзА
– адам-
ның ауруына осындай жағдайдағы
оның психологиясы мен мінез-құ-
лығына байланысты қойылған диаг-
ностикалық шара, осыған орай нау-
қас адамды емдеу үшін тиісті ше-
шім қабылдау. Бұл медицина және
психология мамандарының (әдетте
бірлескен) медициналық-психоло-
гиялық консилиум ұйымдастырылады.
МЕЛАНХОЛИК.
Уайымшыл, жай. 
М. адам темпераменттерінің бір түрі. 
М.-тің көңіл күйі көбінесе жабығың-
қы келеді. Бұл типтің өкілдері өте 
сезімтал, соның саларынан жаны тез 
жараланғыш келеді. Ол тұйық, қиын 
жағдайлардан жол тауып шығуға 
олақ, адамдардан оқшау жүргенді 
ұнатады. Ол кез келген жағдайлардан 
үркіп отырады. Қозу және тежелу 
процестерінің әлсіздігі, бұлардың
бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі ба-
сым), кез келген күшті әсер мелан-
холиктің қимыл-қозғалысын баяу-
латып, онда шектен тыс тежелу ту-
ғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркен-
діргіштер де мазалайды, одан да бі-
раз әсер алады ол ұсақ-түйектің бә-
ріне қатты мұңаяды. Үйреншікті, 
жақсы, тату ұжымда меланхоликтер 
өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-
қатынасқа түсіп, алған ісін нәтиже-
лі орыңдай алады, әртүрлі кедергі-
лерді жеңіп, табандылық көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет