Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет390/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МИДЫ
МИДЫ


374
қабығының кұрылысы ерекше дамып,
жетілгендіктен адам миының ана-
лиздік, синтездік қызметі өте күшті 
дамып жетілген. Тіпті кішкентай ба-
ланың миының осындай қызметіне
де жануарлар дүниесіндегі дамудың 
ең жоғарғы сатысында тұрған май-
мыл миының анализдік, синтездік 
қызметі ешбір тең келе алмайды.
МИ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚОзҒА-
 
ЛЫС АЙМАҚТАРЫ – 
үлкен ми 
сыңарларының алдыңғы ирегі, Ро-
ланд сайының алдында орналасқан. 
Бұл жерде негізінен Бец деп атала-
тын алып пирамида тәрізді жасуша-
лар болады. Олардың ұзын өскінде-
рі пирамидалық өткізуші жол құра-
мына еніп, аралық және жұлынның 
қозғаушы нейрондарымен жалғасып 
жатады. Қозғалыс аймағының ең 
жоғарғы жерінде – аяқ, содан соң 
қол, бас, бет, мойын, ал ең төменгі 
бөліктерінде – тіл, жұтқыншақ және 
т.б. ағзалардың қозғаушы жүйкелері-
нің орталығы орналасқан.
МИМИКА
(ым, беттің бұлшық ет-
терінің түрлі эмоциялық көріністер-
ге адамның бет құбылыстарына 
экспрессивті-мәнерлі қимыл-қозға-
лыстарының жиынтығы,. Түрлі ми-
микалық құбылыстар адамның пси-
хологиялық күйін аңғаруға мүмкін-
дік береді. Төл тілімізде мұны ым, 
ым-ишаралар деп атайды. Халқы-
мыздың «Ымға түсінбеген, дымға 
түсінбейді» дейтін қанатты сөзі де 
жайтқа байланысты айтылса керек.
МИ СЫҢАРЛАРЫ.
М.с. екі бөлік-
тен (оң жақ, сол жақ) тұрады. Оның 
салмағы бүкіл ми бағаны салмағы-
ның 80 пайызына тең. Мұның іші ақ 
заттан, сыртқы қабығы сұр заттан 
тұрады, сұр зат ми қабығы деп ата-
лады. Ол қалыңдығы 2-3 миллиметр-
лік бірнеше қабаттан құралады. Бұлар-
дың клеткалары өздерінің типі мен 
атқаратын қызметіне қарай бір-бірі-
нен өзгеше болып келеді. Осы клет-
калардан тұратын жүйке талшық-
тары миды сезім мүшелерімен, дене-
нің әр түрлі бөліктерімен байла-
ныстырады. Мұндағы клеткалардың 
саны 15 миллиардқа жуық. Ми қа-
бығы екі үлкен сайдан (Салви, Ро-
ланд), көптеген иректерден тұрады. 
Онда көптеген жүйке орталықтары 
(көру, есту, дәм, қозғалыс, т.б.) бар. 
Олардың жалпы саны 200-ге жуық. 
Ми сырт жағынан төрт бөлікке бө-
лінеді. Олар: маңдай, төбе, қос са-
май, желке. Ми қабығы бірыңғай тұ-
тас мүше, ол қабылдағыш аспап іс-
петтес көптеген талдағыштар ядро-
сының жиынтығы.
МНЕМОНИКА
– грек сөзі, қаз. 
ж
аттау өнері 
деген мағынаны біл-
діреді. Жаттаудың мнемоникалық әді-
сінің бірі – механикалық (мәселенің 
мағынасына түсінбей) есте қалдыру. 
Егер мағыналы есте қалдырудың 
мәнісі құбылыстардың ішкі мәніне, 
олардың бір-бірімен байланысына 
түсіну болатын болса, механикалық 
есте қалдыруда заттар нәрселердің 
тек сыртқы байланысқа түседі. Мұ-
ның басты шарты – қайталау. Естің 
бұл түрінің кей жағдайларда іске қа-
жет болып қалатын кездері болады. 
Шет ел сөздерінің жазылуы мен ай-
тылуын, қиын сөздер мен атауларды, 
хронологиялық даталары, көше, жер,
су аттарын, телефон нөмірлерін есте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет