Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет386/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МИ СЫҢАРЛАРЫ
– ми қабығы екі 
бөліктен (оң жақ және сол жақ сы-
ңар деп аталатын) тұрады. Ми сы-
ңарларының салмағы мидың жалпы 
салмағының 80 пайызына тең. Мұ-
ның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат
бар. Сұр зат ми қабығы деп аталына-
ды. Ол қалыңдығы 3-4 миллиметр-
лік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл 
қабаттардың клеткалары (жасуша-
лары) типі мен қызметіне қарай бір-
бірінен өзгеше болып келеді. Осы
клеткалардан тарайтын жүйке тал-
шықтары оларды сезім мүшелері-
мен, бүкіл денемен, сондағы барлық 
клекалармен байланыстырады. Ми
қабығындағы осындай жүйке клетка-
ларының саны 16 миллиардқа жуық 
деп есептелінеді. Ми қабығы төртке 
бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке 
және самай деп аталынады. Ми қа-
бығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне 
қабылдағыш аспап тәрізді көптеген 
анализаторлардың (талдағыштар-
дың) ядросынан тұрады. Мұнда кө-
ру, есту, иіс, дәм, тері, қозғалыс т.б. 
жүйке орталықтары бар. Мәселен, 
мидың желке бөлігінде көру зонасы, 
самай бөлігінде – есту, төбе бөлігінде 
қозғалыс орталықтары орналасқан. 
Осындай орталықтардың жалпы 
саны – 200-ге жуық. Бұлардың ми
қабығындағы орны бір жерге шек-
телмеген, нақты ми орталықтары 
мидың басқа бөліктеріне де таралып 
кетіп жатады.
Ми сыңарларының (оң, сол) бірлесіп 
жұмыс атқаруларымен қатар өз 
алдына дербес қызметтері бар екен-
дігі анықталған. Мәселен, сол сы-
ңары – логикалық ойлау мен санау-
дың, ал оң жарты шар кеңістікті 
бағдарлау мен нақты бейнелеудің (ән, 
музыка т.б.), эмоциялық әсерлердің 
дағды, әдет, бейсана құбылыстардың 
жұмысын айқын реттестіріп отыра-
тындығы дәлелденген.
МИД ДЖОРДЖ ГЕРБАРТ (1863-
1931)
америкалық философ, әлеу-
меттік психология саласының өкілі, 
өзара дара әрекеттестік теориясының 
(интеракция) негізін салушы. Ол өза-
ра әрекеттестік үдерістерінің жиын-
тығы қоғамды құрайды, ал қоғам 
жеке тұлғаның әрекеттерін жанама 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет