Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет394/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МОМЫ
МОМЫ


378
Солдат жанында командирі тұрғанын 
сезсе, көрсе, батыл да сенімді әрекет 
етеді. Ал командир толқи бастаса
жауынгерлері де толқып, командир 
қорықса – солдаттарды әп-сәтте үрей 
билеп алатынына назар аудартады.
Командир ең алдымен өзінің ішкі 
қорқынышын жеңіп, толқуын басып 
алмай ұрысқа басшылық жасауға 
қақысы жоқ. Өзі табандылық көр-
сете алмай тұрған командир жауын-
герлерін ерлікке жұмылдыра алмай-
ды. Командир сәтсіздіктен қорқып, 
тайсақтамауы керек, ол қатал әрі 
қарамағындағыларға әділ болуға тиіс. 
Міне, сонда ғана солдат одан әділ 
мемлекет өкілін көреді, оған үздіксіз 
сенеді. Командир жауынгерлеріне же-
ке үлгі көрсетіп те сондай-ақ мәж-
бүр ету арқылы да ықпал етіп оты-
рады. Ол солдатты үнемі тынымсыз 
бақылап, олардың жай-күйін қадаға-
лап отыруға міндетті, өйткені коман-
дир бүкіл ұрыстың сәтті аяқталуын 
қамтамасыз етуші, жеңістің атасы. 
Офицер басшылық ету психологиясын 
әбден меңгерген парасатты адам бо-
луы шарт. Офицердің болмысын 
түсінбей ұрыс пен шайқастың мән-
мағынасын терең түсініп ұға алу 
қиын.
Әскери психологиялық ой-пікірлер 
тарихында сирек ұшырасатын Мо-
мышұлы қолданған кейбір ұғымдар 
мен түсініктерге тоқталып өтейік. 
Олар төмендегідей: ойлау (мышле-
ние), ес (память), назар (внимание), 
мінез (характер), сезім (чувство), 
парыз (долг), ар (совесть), абырой 
(гордость), ұят (стыд), масқара бо-
лу (позор), жігерлендіру (вооду-
шевление), өзара көмек көрсету және 
коллектившілдік сезім (взаимная 
выручка или чувство коллективизма), 
үрей (боязнь), қорқыныш (страх), 
зәресі, үрейі ұшу (ужас), сасу (па-
ника), үміт үзу (отчаяние), өжеттілік, 
қайсарлық (дерзновение), ұлттық 
рух (национальный дух), ұлттық пат-
риотизм (национальный патрио-
тизм), күншілдік (зависть), зерігу 
(скука), қулық (притворство), екі-
жүзділік (лицемерие), күдік (сом-
нение), тобыр (толпа), ерік (воля), 
ынтасыздық (невнимательность), 
салақтық (неаккуратность), күш-қай-
рат (энергия), табандылық (настой-
чивость), өзін-өзі ұстай білу (само-
обладание), бастаманы қолға алу (ини-
циатива), батылдық (храбрость), 
шешімсіздік (нерешительность), мі-
незсіздік (бесхарактерность), т.б. 
Батыр қырықтан астам психология-
лық ұғымдар мен түсініктерге тоқ-
талып, оларға нақты да дәл әрі ай-
қын, қанатты сөздей қысқа анық-
тама беріп отырады. Б.Момышұлы 
талдаған психологиялық термин-
дердің ауқымы мен аясы, мазмұны 
мен ғылыми астары өте кең. Қарама-
ғындағы жауынгерлердің тыныс-
тіршілігін, мінез-құлқын, қабілет-қа-
рымын, өз міндетін тамыршыдай 
тап басатын командир ретінде ол 
солдат психологиясына соншалықты 
зейін салып, терең үңіле білгендігі 
ерекше байқалады. Мәселен, күдік –
қорқыныштың бір түрі, ойдың тол-
қуы деген анықтама беріп, күдікте-
не бастаған командирдің өз мінде-
тін орынбасарына арта салып, жа-
уапкершіліктен қашқақтайтынына 
ерекше тоқталып, дивизия коман-
дирі генерал Черниговтың ақылы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет