Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет402/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МІНЕ
МІНЕ


386
ланыстарының өзіндік «құйындысы» 
деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол бы-
лай деп жазды: 
«...адамның мінез-
құлқының бейнесі жүйке жүйесінің 
туа біткен қасиеттеріне ғана бай- 
ланысты болып қоймайды, сонымен 
бірге организмнің жеке өмір сүру 
барысында болатын ықпалдарға да 
байланысты, демек, кең мағынасын- 
да айтқанда, үнемі тәрбиелеу не- 
месе үйрету жұмыстарына да бай- 
ланысты болады».
Адам мінезінің қалыптасуы қоғам-
дық болмыспен, әлеуметтік ортамен 
(мектеп, балалар мекемелері, оқу,
өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйым-
дар т.б.) тығыз байланысты. Осы 
айтылғандар мінездің дамуы үшін 
шешуші рөл атқарады. Мінез өз-
гермейтін тума қасиет емес, ол өмір-
де қалыптасады. Мәселен, ешбір
бала туысынан еңбексүйгіш не жал-
қау, тәртіпті, не ұстамсыз болып ту-
майды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір 
сүру барысында өмірдің сан алуан 
ағымына қарай тәрбие процесінің 
ықпалымен қалыптасып отырады. 
Адамның сыртқы ортамен жасайтын 
қарым-қатынасы – белсенді қарым-
қатынас. Сондықтан да оны қорша-
ған ортасы ғана өзгертпей, өзі де ша-
ма-шарқынша сол ортасына тиісті 
өзгерістер енгізеді. Адамның нақты-
лы іс-әрекеті де мінез бітістерінің 
қалыптасуына шешуші рөл атқарып 
отырады.
МІНЕз ТЕОРИЯЛАРЫ. 
Мінез ту-
ралы ілім – характерологияның өзін-
дік даму тарихы бар. Характероло-
гияның негізгі мәселелері ғасырлар 
бойы мінез типтерін сараптай және 
әртүрлі жағдайларда, адам мінез-
құлқын жобалау мақсатында зерттеу 
обьектісіне айналады. Мінез жеке 
тұлғаның өмірге келгеннен кейін қа-
лыптасатын құбылыс болғандықтан, 
қазіргі көптеген қолданылып жүрген 
оның жіктелісі жеке тұлғаның да-
муының сыртқы факторларының не-
гіздерінен бастау алады.
Шет ел ғалымдарының мінез типте-
рін жіктеудің негізіне жатқызған бо-
йы өлшемдері бар екені қақ.
Типологияның негізіне биотиптерді 
жатқызған мінез жіктелулерін био-
логиялық деп атауға болады. Бұл, 
мінез типтері мен биологиялық фак-
торлардың толықтай байланысты-
лығын дәлелдейді. Мінездің мінін 
биологиялық категория ретінде қа-
растыру, мінез типтерін түсінуде 
белгілі дәрежеде тәрбиенің маңызды 
рөлін жоққа шығару дұрыс болмас 
еді.
Кейбір шет ел ғалымдарының көз-
қарастарында адамның дене құры-
лымының типтерін немесе дене біті-
мін мінез типтерімен тікелей байла-
нысты қарастыру да кездеседі. Бұл 
жайт, АҚШ-та және батыс елдерінде 
кеңінен тараған Кречмердің «Дене 
құрылысы және мінез» атты еңбегін-
де баяндалған.
Дене бітімі деп Кречмер адамның, 
туа біткен дене құрылымының өз-
гермейтін ерекшеліктерін түсінді. 
Адамның бет-пішіні, және ішкі сек-
реция бездерінің жағдайларын су-
реттеуді пайдалана отырып, ол дене 
бітімінің мынадай төрт типін атап 
көрсетті: астеникалық, атлетикалық, 
пикникалық және диспластикалық.
Кречмердің ұсынған типологиясы 
жеткілікті түрде экспериментальдік 
тұрғыдан дәделденбеді. Осылай ға-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет