Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет399/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МҰХАМЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ 
(1499-1551)
– әлемге әйгілі «Тарих-
и Рашиди» («Рашидтің тарихы») 
төлтума еңбектің авторы. Кітап 
2003 жылы Алматының Тұран бас-
пасынан жарық көрді (көлемі 614
бет). Мұнда көшпенді қазақ халқы-
ның психологиясы, әлеуметтік этно-
графиялық ерекшеліктері кеңінен 
МҰҚА
МҰХА


383
сөз болады, сондай-ақ ел басқару, 
дін, соғыс ісі туралы ғылыми тұр-
ғыдан көңіл аударарлық түйіндер 
жеткілікті. Аталмыш кітапта қазақ-
тың психологиялық ұғымдары көп-
теп кездеседі («күнә», «қылық», «оң-
тай», «ұшқыр ой», «парасат», «қиял», 
«таза ой», «тәлімше» т.б.). Ойды ке-
лесі адамға жеткізу үшін оны са-
рапқа салып, әр нәрсеге талдау жасау 
қажет... сезімге беріліп үстірт ойлау 
үлкен қателік... сөзің өңді болса түбі 
мәнді болмақ. Жақсы сөйлемек, жан-
ға шырай бермек. 
МҮШЕЛ ЖАС
– адамды жас ша-
масына қарай атағанда, ол көбінесе 
мүшел жасының мөлшеріне бай-
ланысты айтылады. Біз қазір адам-
ның туған күнін, белгілі бір уақиға-
ның 10, 20, 40, 50, 60 тәрізді дөңге-
лек сандарға толған мерзімін – мү-
шел жасы, мүшелді жылы дейміз, 
яғни атаулы күн, елеулі жыл деген 
ұғымда. Қазақ халқы көне дәуір-
дегі жыл санау дәстүрінде адамның 
әрбір 12 жыл толып, 13-ші жылға аяқ 
басқан жасын мүшел деген. Мысалы, 
13, 25, 37, 49, 61. Бұлай болып келу-
дің себебі қазақтың жыл санауында 
әрбір жылға шартты түрде ат қойып 
есептеуіне байланысты. Қазақ 12 ай-
ды бір жыл деп, 12 жылды бір мү-
шел деп санаған. Мүшелдегі 12 жыл-
ға – Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, 
Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, 
Ит, Доңыз деп ат қойып, жылдың 
басы Тышқан болсын, жаңа жыл 
наурыз күнінен басталсын деп ережеге 
келіскен де, осы тәртіп бойынша ха-
лықтық күнтізбе жасаған.
Мүшел жас – циклымен 12 ай атау-
ларын бір бірімен шатастырып алмау 
үшін оларды есте мұқият сақтау үшін 
халқымыз бұларға психологиялық 
жағынан теңдесі жоқ тақпақ тіркес-
терін ойлап тапқан. Мәселен, біздің 
көшпенді ата-бабалармыз жыл қа-
йыру тәсілін оңайлату мақсатында 
мына төмендегі төрт жол өлеңді 
жаттаған: «Түйе сеніп бойына, Қалған 
ұмыт жылдардан, Жатпа қарап
мойыма, Тайма именіп ділмардан». 
Мұнда әрбір сөздің бірінші әрпі 
жылдардың атына түйе – тышқан, 
сеніп – сиыр, бойына – барыс, қалған –
қоян, ұмыт – ұлу, жылдардан – жы-
лан, жатпа – жылқы, қарап – қой, 
мойыма – мешін, тайма – тауық, име-
ніп – ит, ділмардан – доңыз, ал сөй-
лемдегі сөздердің бір-бірімен ретті 
тіркестері тетелес жыл атауының тіз-
бегіне сай келеді. Бірақ адам осын-
дай құрғақ жаттаумен алысқа бара 
алмайды. Өйткені, бұл құбылыстар-
дың ішкі мәнін түсіндірмейді. Естің 
бұл түрін тек қосалқы сүйеніш етіп, 
негізінен мағыналы есте қалдыруды 
дамытқанымыз пайдалы.
Адамды жасына қарай атауда тағы
бір еске алатын этнографиялық сәт 
бар. Ол – бір адамның өмірін 100 
жылға мөлшерлеп, оны Дәуір деп 
атайды. «Елу жылда ең жаңа, жүз 
жылда – қазан» деген мәтел сөз өл-
ген адамға «дәуір садақасы» деп мол-
даларға мал беріп, марқұмның өмір 
бойғы күнәсін сатып құтылу, кейде 
бір ғасыр аралығын бір дәуір деп 
атау содан қалған салт. Жыл санау-
дың мүшелдік әдісі бір ғана қазақ-
та ғана емес, басқа да шығыс елде-
рінде көне заманнан бар тәсіл.
Қазақта адамның жасын айырушы-
ларды «жыл қайырушы» деп ата-
ған. Адамдарды жас мөлшері мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет