Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет395/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МОМЫ
МОМЫ


379
ның тұрлаусыздығынан өзінің бір 
емес, үш рет ажал қақпанына түсіп 
қала жаздағанын, осы жағдай «күдік» 
деген ұғымды терең зерттеуіне себеп 
болғанын ашына жазады. Оның 
күдік, қорқыныш, зәресі ұшу сияқты 
психологиялық мәселелерге үнемі 
қайта-қайта оралып отыруында зер 
сала қараған жанға мұнда үлкен мән 
бар екендігі байқалады. Мәселен, 
Александр Бек повесінің бір тарауы 
«Қорқыныш» деп аталатыны белгілі.
Адам баласына, жалпы тірі нәрселер-
дің бәрінің де табиғатына қорқы-
ныш, өзін-өзі аман сақтау сезімі тән. 
Ал ұрыс жағдайында қорқыныш се-
зімі жауын-гер мен командирдің бо-
йын түгелдей билеп, жағасынан ала
түсетіні белгілі. Адамның жағымсыз 
сезімдерінің ішінде қорқыныш се-
зімі бойды билеп алса – ең қауіпті 
жау сол. Батырдың жазбаларында 
қорқыныштың бірнеше түрлері си-
патталады. Олар: әскери қызметтің 
қорқынышы, әскери жорық қор-
қынышы, ұрыс алдындағы қорқы-
ныш, ұрыс кезіндегі қорқыныш, 
т.б. ұрыс кезінде солдаттың бойын 
екі түрлі сезім билейді: ол – парыз 
және қорқыныш сезімі. Ұрысқа 
дейін сондай-ақ ұрыс үстінде бұл 
екі сезім үнемі жауынгер бойын би-
леп, оны арпалысты күйге түсіреді. 
Жауынгердің ішкі әлемі алай-түлей 
күй кешеді. Егер осындай күресте 
жауынгер бойындағы парыз сезімі, 
оның дұшпанға деген өшпенділік се-
зімі жеңсе – онда жауынгер батыл-
дықпен шебер шайқаса алады, ол әр-
бір қадам басқан сайын тапқырлық 
танытып, ең қауіпті сәттердің өзінде 
темірдей тегеуірінділік көрсетеді.
Жауынгер тәрбиесінде ол ұлттық
салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлердің, 
яғни этнопсихологиялық ерекше-
ліктердің маңызы. Ұлы Отан соғысы 
тәжірибелері арқылы айқын көрсетіп 
берді. Ол мұны терең ұғынып, оның 
ерекше маңыздылығын түсіне білді. 
Б.Момышұлы ұлттық рух, ұлттық 
патриотизм сияқты ұғымдарға баса 
назар аударып, әртүрлі этностар 
(қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, ук-
раин, белорус, т.б.) бойындағы жақ-
сы қасиеттерді көре біліп, оларды 
ортақ мақсатқа, жеңіске жұмылдыра 
білуге үнемі зор мән беріп отырды.
Әскери тәрбиедегі басты әдіске жа-
уынгерлердің көзін жеткізе білуді 
жатқызып, оны мәжбүр етуге қосал-
қы құрал ретінде қарайтынын, өйт-
кені солдатты еріксіз мәжбүр етіп, 
өз ықтиярына көндіргеннен гөрі көз 
жеткізудің пәрменділігіне, ал көзі 
жеткен адам өз міндеті мен боры-
шын саналы түрде ғана емес, зор
шабыт, творчестволықпен орыңдай-
тынына асқан білімділікпен назар 
аудартады, сондықтан ол бас ию-
шілікке, көнбістілікке, көнтерілікке 
тәрбиелеуді – адамды моральдық 
тұрғыдан толық езіп-жаншу деп 
біледі.
Б.Момышұлы жалпы Шығыс ха-
лықтарына ежелден тән намысқой-
лық, үлкенді сыйлау, ар-ұят, парыз, 
имандылық, Отанға, ата мекенге де-
ген сүйіспеншілік, үлгі-өнегеге мо-
йын ұсынушылық сияқты ана сү-
тімен қанға сіңіп дағдыға айналатын 
жауынгерлік қасиеттердің психо-
логиялық астарларына тоқталады. 
Мәселен, казақтың ұлттық ойында-
рының (көкпар, аударыспақ, сайыс, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет