Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет393/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МОМЫ
МОМЫ


377
ептілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу-
ге айрықша назар аудара келіп, мына 
төмендегі ұғымдарға талдау жасай-
ды: 1) ерік дегеніміз не? 2) парасат 
дегеніміз не? 3) сезім дегеніміз не? 
4) шеберлік дегеніміз не? 5) ұят де-
геніміз не? 6) абырой дегеніміз не? т.б.
Қорғаныс жағдайында талай-талай 
ұрыс жүргізуді батальон командирі 
ретінде өз басынан өткізген Момыш-
ұлы жауынгер сезімін екі топқа жік-
теп қарастыруы оның өте сезімтал 
байқағыштығын, ірі тұжырымдар 
жасай алатындығын жақсы аңғарта-
ды. Солдат сезімін Момышұлы бы-
лайша топтастырады: 1. Жоғарғы се-
зімдер (высшие чувства): парыз (долг), 
ержүректілік (мужество), адамгерші-
лік (благородство), ерлік (отвага), 
батырлық (храбрость), қаһармандық 
(героизм). 2. төменгі сезімдер (низ-
шие чувства): опасыздық (измена), 
ұждансыздық (низость), үрей (боязнь), 
қорқыныш (страх), шошу (ужас) жә-
не т.б. Ол жоғарғы сезімдерге жауын-
гер бойындағы ең жақсы сезімдерді 
жатқызса, төменгі сезімдерге адам 
бойындағы ең бір жаман, ұнамсыз 
сезім – эмоцияларды жинақтайды. 
Солдаттың жан дүниесіндегі ішкі 
күрес те осы сезімдердің арпалысы-
нан туады. Ұлы Абай үш-ақ нәрсе 
адамның қасиеті дегенде ол нұрлы 
ақыл, қайрат, жылы жүрек деп осы 
үшеуін айтыс-таласқа түсіретіні бар.
Ақын осы үшеуінің билік қайсысына 
тиісті болу керек дегенде ақыл да,
күш-қуат та екі жақты, олардың 
пайдалы да, зиянды да жақтары көп 
деп, билік жылы жүрекке тиесілі 
дейді. Ол жүрекке айрықша орын 
беріп, гуманизмнің, инабаттылық 
пен имандылықтың бәрі жүректен 
таралатынына ден қойған болатын. 
Бір кезде ұлы ойшыл түйіндеген 
ақыл, жүрек, қайрат – осы үш ұғым 
Момышұлының психологиялық ой-
ларында жаңа қырынан, яғни ұрыс
жағдайындағы жауынгер психоло-
гиясымен сабақтастырыла қарасты-
рылады. Сөйтіп Момышұлы Ақыл
Сезім, Ерік сияқты солдат бойында-
ғы қасиетке арнайы тоқталып, бұл
жөнінде өзінің мәні терең ой қоры-
тындысын ұсынады.
Командир, офицер солдаттың жай 
тәрбиешісі ғана емес, ол ең алдымен 
ұрысты ұйымдастырушы басты тұл-
ға, әскердің миы. Ол қарамағында-
ғыларды ортақ мақсатқа жұмылды-
рып, олардың бойында ұжымдық 
сезім, жауынгерлік игі дәстүрлерді 
дарыта білуі қажет. «Солдаттың се-
зіміне, – деп жазды Момышұлы, 
бөлімшенің әлсіздігі – оның әлсіз-
дігі, бөлімшенің масқара болуы – 
оның масқара болуы, бөлімшенің 
даңқы – оның даңқы, бөлімшенің 
намысы – оның намысы; бөлімшенің 
сәтсіздігі – оның сәтсіздігі; табысы –
оның табысы екендігін жеткізу қа-
жет». Ол жауынгер мен командирдің 
арақатынасын, жауынгерлік семья-
ның байланысын, міндеті мен па-
рызын үлкен психологиялық тұрғы-
дан талдайды. Момышұлы командир-
ді өнер адамдары сияқты творчес-
твоның адамы деп біледі. Ол әбден 
байыпталған ойын тайсалмай жүзеге 
асыратын адам. Дұрыс шешім жасау 
үшін командир де қаншама іштен 
ойланып-толғанады, уайым-қайғы 
жейді, қиналады, сөйтіп, түпкі ше-
шім жасайды. Командирдің бұйры-
ғы мен шешімінің жауынгерлерге 
ететін психологиялық ықпалы да зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет