Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет384/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МИ БАҒАНЫ – 
орталық жүйке 
жүйесіндегі ми қыртысының астың-
ғы бөліктері. Оған сопақша ми, ор-
таңғы ми, аралық ми және мишық 
кіреді. Сопақша ми – жұлынның 
тікелей жалғасы. Ол жүрек қызметін, 
қанайналым мен ас қорыту қызметін 
МЕНТ
МИ


369
реттесе, аралық ми сезім мүшелерін
қи қабығымен байланыстырады. 
Бастың шүйке (желке) бөліміне ор-
наласқан мишық денені белгілі бір
күйде ұстап, бұлшық еттердің қозға-
лыстарын реттейді. Ми бағанасы-
ның құрамдары эволюциялық даму-
дың төменгі сатысында тұрған жа-
нуарлардың психикасы үшін елеулі 
орын алатын болса, жоғары сатыдағы 
жануарлар мен адамдардың өмірінде 
негізгі рөлді ми қабығы атқарады. 
Денеде болатын барлық құбылыстар-
ды өз қарамағында ұстайтын ми қа-
бығы адамдарда ерекше жетілген. 
Адам миының күрділілігі оның кө-
лемі мен ішкі құрылымынан жақсы 
байқалады. Жоғары сатыдағы жа-
нуарлар мен адам миының денеге 
байланысты ара салмағы мына тө-
мендегідей:
Кит
Піл
Жылқы
Ит
Май-
мыл
Адам
1
20 000
1
500
1
400
1
250
1
100
1
46
МИ БИОТОКТАРЫ 
– күрделі жан 
қуаттарының ми жарты шарларын-
дағы интеграциялық құрылымының 
моделі. Мида бір-бірімен тығыз бай-
ланыста қызмет ететін үш блок бар. 
Оның бірі – энергетикалық ми тону-
сы деп аталады. Бұл сырттан келіп 
түсетін ақпараттарды алғаш елеп-ек-
шеп талдайтын блок. Екінші блокта 
сезім мүшелерінен (көру, есту, сипап 
сезу және т.б.) алынған ақпараттар 
өңделіп, сұрыпталып, әрі қарай сақ-
тауға жағдай туғызады. Олар ми сы-
ңарларының желке бөлігінде орна-
ласқан. Адамның ойлау, қиял, ес
процестерінің бір-бірімен байланы-
сына аталмыш блок елеулі рөл ат-
қарады. Үшінші блок – жан қуат-
тарының (процестер) ағысын бағ-
дарлап, оларды реттестіру, басқару 
ісімен айналысады. Ол ми қабығы-
ның маңдай бөлігінде орналасқан, 
саналы тіршіліктің әртүрлі себепте-
рін (мотив), мақсат-мүдделерін, іс-
әрекеттің нәтижесін байқаумен де 
шұғылданады. Ми блоктарының қыз-
метін академик А.Р.Лурия негізін 
салған нейропсихология ғылымы 
зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет