Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет387/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МИ СЫ
МИД


371
түрде қабылдайды. Бұл жеке тұл-
ғаның әлеуметтік рөлін түсініп, оны
қабылдауға мүмкіндік береді. Әлеу-
меттік психологияға Мидтің енгізген 
негізгі ұғымдары (әлеуметтік рөл, 
әлеуметтік мәртебе және т.б.). Бұлар 
қазіргі әлеуметтік психологияның 
іргелі ұғымдары болып есептеледі. Ол
адамның әлеуметтенуінің ең жоға-
ры түрі – әлеуметтік рефлексияны 
зерттейді. Бұл айтылғандар Мидтің 
«Сана, тұлға және қоғам» (1934) ең-
бегінде баяндалған.
МИДЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ «ТАҢ-
 
БА» ЖҮЙЕСІ. 
Белгілі тітіркендір-
гіштерді бір қалыпты ұзақ уақыт қай-
талай берсе, ми қабығында қозу мен
тежелудің, тұрақты, бір ізге салын-
ған жүйелері пайда болады. Соның 
нәтижесінде 1 рефлекстердің бекіген 
жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп
күш жұмсауды қажет етпейді де.
Мәселен, егер итте күрделі тітіркен-
діргіштердің жиынтығына бірнеше 
рефлекстер туғызылса, (қоңырау, жа-
рық, метроном т.б.) және олар бел-
гілі тәртіп бойынша жеткілікті түр-
де қайталанса, кейін оған тітіркен-
діргіштердің біреуімен ғана әсер 
етсе болды, ит бұрынғы жауап реак-
циясының бүкіл жүйесін өзгерт-
пей, түгелімен қайта жаңғыртып шы-
ғады. Осы секілді үнемі қайталанып 
отыратын тітіркендіргіштерге орга-
низмнің төселуін, соның нәтижесін-
де ми қабығында қозу мен тежелу 
жүйесі жасалады. Мұны И.П.Павлов 
динамикалық стереотип деп атаған. 
Бұл ми қабығының «біріккен әре-
кеті», «ішкі процестердің, жаттық-
қан және теңескен жүйесі». Қозу 
мен тежелудің осындай бірқалыпты 
стереотиптері сыртқы ортадан келе-
тін тітіркендіргіштердің бірсыдыр-
ғы тұрақталған жағдайында ғана
жасалынады. Динамикалық стерео-
типтер сыртқы ортаның өзгеруіне 
қарай жаңадан құралып, ал ортаға 
сәйкес келмеген жағдайларда қайта-
дан жаңғырығып тұрады. Адамның 
сан алуан дағдылары мен әдеттері
жүріс-тұрыстың, мінез бітістерінің 
бірқалыпты көріністері осындай ди-
намикалық стереотиптерден тұрады.
И.П.Павловтың ілімі бізге тек пси-
хикалық құбылыстардың физиоло-
гиялық негізін ашпай, сонымен қа-
тар, оларды тәрбиелеудің жолдарын 
да көрсетеді. Адамның барлық өмірі, 
оқыту-тәрбиелеу процесі, түрлі әдет-
ғұрпы мен мінез-құлқының сан алуан 
көріністері бірінші және екінші сиг-
нал жүйелерінің бірлескен жұмы-
сына негізделген шартты рефлекстер 
болып табылады. Жүйке жүйесі икем-
ге көнгіш, онда адамның кейбір ке-
містіктеріне қарсы күресетін компен-
саторлық механизмдер де жеткілік-
ті, мінез-құлық жүйке жүйесінің тек
тума қасиеттерімен ғана емес, орга-
низмнің жеке өмір сүру барысында 
оған үнемі әсер етіп отыратын тәр-
бие мен оқыту процесіне байланыс-
ты осынау тұжырымдар И.П.Павлов 
ілімінің ең негізгі арқауы болып та-
былады. И.П.Павловтың ілімі адам 
санасы мен жануарлар психикасы-
ның арасындағы айырмашылық-
тарды жан-жақты зерттеуге мүмкін-
дік туғызды. Оның жоғары жүйке 
қызметі жөніндегі ілімінің баға жет-
пес маңызы да осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет