Қ. Күзембаев, Т. Құлажанов Г. Күзембаева Азық-түлік өнімдерін тану



Pdf көрінісі
бет111/212
Дата07.02.2022
өлшемі2,23 Mb.
#85163
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   212
Байланысты:
kuzembaev k kulazhanov t kuzembaeva g azyktulik onimderin ta

6.7. Шығыс тәттілері 
Шығыс тәттілеріне үлттық ассортименттегі жаңғақ, майлы дәндер, 
әртүрлі татымдықтар, бал, мейіз қосыльш жасалған кондитер өнімдері жатады. 
Шығыс тәтгілерінің дәмдік қасиеті және тағамдық қүндылығы жоғары. Шығыс 
тәттілерініц ассортименті алуан түрлі. Қүрамы мен қасиеті бойынша оларды үш 
топқа біріктіруге болады: үннан жасалған, конфет типті және карамель типті. 
Сонымен катар шығыс тәттілеріне түздалған жанғақтар (миндаль, арахис, өрік 
ядросы) жатқызылады. 
Үннан жасалған шығыс тэттілері өте майқоспалы, оларды жоғары сортты 
үннан көп мөлшерде сары май, қаНт татымдықтар, кейде сүт, каймақ қосьш 
жасайды. Көбіне мейіз, цукат, жаңғақ косады. Қамырды қопсыту үшін 
көміркышқылды аммоний қолданады. Бүндай енімдерге шекер-шурек, Баку 
курабьесі, шекер-пури, Бүқар наны, азербайжан наны, жаңғақ түтікшелер, 
миндаль түтікшелер, мейіз қосылған струдель, корица қосылған крендель, май-
қоспалы пахлава, тәтті нәзік және т.б.жатады. 
Жүмсақ кәмпит типті шығыс тәттілері кәмпит массаларына үнтақталған 
жаңғақ, мейіз, цукат қосьш жасалады. Бүл енімдерді өндіруге конфет 
массаларының келесі түрлерін қолданады: майлы және қантты помада (майлы 
шүжықтар, цукат қосылған шәрбет, жаңғак қосылған шәрбет және т.б.); 
бүлғанған конфет массасы ( лимон және мандарин нугалары, қос-алуа және 
181 


т.б.), сонымен қатар крахмал негізінде алынған желе массалары (рахат-лукум) 
және жеміс-жидек езбесі негізінде алынған желе массалары (алы). 
Карамель типті шығыс тәттәлері қатты және нәзік консистенцияға ие. 
Қант-сірне сиропын немесе қантты бал сиропын қайнатып, оған жанғақ, 
күнжіт, арахис, көкнәр қосьш алады (жаңғақ кәзинәгі, күнжіт кәзинәгі, 
күнбағыс кәзинәгі, миндаль грильялш, көкнәр мен жаңғақ және т.б.). Кейде 
жаңғақ қосылмайды, тек татьшдықтар мен эссенпиялар қосылады (лимонды 
щекер-пендыр, имбирьлі шекер-пендыр және т.б.). Бұл топ өнімдеріне кантта 
қуырылған жаңғақтар жатады, олар карамель тәрізді еріген қант кабығымен 
жабылган бүтін жаңғақ (миндаль, кешью, фундук және т.б.) ядролары болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет