«Кім жылдам?» ойыны.
Фланелеграфтың ішіне аңдардың макеті түгел сыятын геометриялық пішін салып, ойынға
шақырады. Кім жылдам жауап береді. Үш баланы шақырып, қай геометриялық пішінде
қонжық, қайсысында қоян мен түлкі тұратынын сұрайды.
Сиқыр:
Педагог балаларға көздерін жұмып, 3-ке дейін санауды ұсынады: бір, екі, үш. Осы
арада аңдары бар макетті фланелеграфқа тығып қояды.
– Балалар, аңдар тығылып қалды, қалай ойлайсыңдар, олар қайда? (Үстелдің астын
қарайды, балалардың жұмыс дәптеріне қарайды.)
–Балалар, мен оларды таптым, олар сендердің дәптерлеріңе ауысып алыпты. Оларды өз
дәптерлеріңнен табыңдаршы?
Достарыңызбен бөлісу: |