Артында – алдында»
ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.
Балалардың назарын мәшине келе жатқан суретке аударады.
– Мәшинеде не келе жатыр?
– Мәшиненің алдында не келе жатыр?
– Мәшиненің артында не келе жатыр?
Сөздік жұмыс:
алдында, артында.
Билингвальды компонент
: алдында – впереди, артында – позади.
Сергіту сәті:
«Бес саусақ» жаттығуы.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортантерек,
Шылдыр шүмек,
Кішкентай бөбек.
«Жіпті аяқтап сал»
ойыны.(2-тапсырма).
Суреттегі шарларға қарауларын сұрайды.
– Олар түстері қандай?
-
Олар қай геометриялық пішінге ұқсайды?
Балалардың назарына айтады: қызыл шар көк шарға қарағанда жоғары тұр.
– Шарлар ұшып кетпес үшін біз не істейміз?
Тапсырма береді: қыз баланың қолындағы жіпті жоғарыдағы шармен,ал ұл баланың
қолындағы
жіпті
төменірек
тұрған
шармен
сызып
қос.
Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог баларға сұрақ қояды:
–Шарлар ұшып кетпес үшін не істедіңдер?
– Баланың шары қайда орналасқан?
– Қыздың шары қайда орналасқан?
42
-
Суреттегі қасқырдың алдында не келе жатыр?
-
Суреттегі қасқырдың артында не келе жатыр?
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |