Ұ. Н. Мұқанова, А. А. Пірмағамбетова



Pdf көрінісі
бет105/191
Дата02.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130514
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   191
Байланысты:
матем

2. Негізгі кезең. 

«Жол көрсет»

 ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. 

Педагог балалардан суреттен үшбұрышты заттарды табуды тапсырады.

 

– Суретте қандай зат үшбұрышты пішінді? 

– Шатыры ұшбұрышты биік үйде Нұрәлі тұрады, ал Ақмарал шатыры үшбұрышты, аласа 

үйде тұрады. 

– Нұрәлі қандай үйде тұрады? 

– Ақмарал қандай үйде тұрады? 

Тапсырма  береді:  Нұрәліден  биік  үйге  қарай,  ал  Ақмаралдан  аласа  үйге  қарай 

қарындашпен жол сал. 



Сөздік жұмыс: 

биік, аласа. 




45 

 

Билингвальды компонент:

биік –высокий, аласа – низкий.

 

«Сол жақ – оң жақ»

 ойыны. (2-тапсырма) 

–Ертегі кейіпкерлері не істеп жатқандарына қара? 

Олар  барлығы  сыятындай  үлкен  жаңа  үй  салып  жатыр.  Олар  үй  салуға  қажет  болатын 

тақтайларды  тасып  жүр.  Біреуі  тақтаймен  оңға  қарай  кетіп  барады,  ал  екіншілері 

солғақарай кетіп барады. 

Тапсырма: 

 

–Кейіпкерлердің  қайсысы  оңға  қарай  кетіп  бара  жатқандарды  атаңдар.  Балалар  атайды: 

қоян, түлкі, қасқыр. 

–  Кейіпкерлердің  қайсысы  сол  жаққа  кетіп  бара  жатқандарды  атаңдар.  Балалар  атайды: 

аю, бақа, тышқан. 

–Тақтайлар не үшін оларға керек? 



Сергіту сәті

: «Қоян». 

Ыршып-ыршып секіріп, 

Қоян келді кеңкиіп. 

Аяқтары жаураған, 

Қолдары да жаураған, 

Жылытпақ боп тырысты 

Жүгірді де қуысты. 

Бір жоғары, бір төмен 

Жүр аяқтың ұшымен. 

Секіреміз, отырамыз

Аяқтарды жылытамыз. 



 «Үй саламыз

» ойыны.3-тапсырма. 

Жапсырмамен жұмыс. 

Педагог аңдарға үйшіктің шатырын жабуға көмектесулерін сұрайды.  

Суретке қарауларын ұсынады. 

– Балалар, аңдардың үйшігінде не жетіспейді? 

– Үйшіктің шатыры қандай геометриялық пішінге ұқсайды? 

– Аңдарға шатырды жабуға көмектесеміз бе? 

Тапсырма: Жапсырманың көмегімен шатырды жабуға ұсыныс жасайды. 

Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 

 

3. Рефлексия. 

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. 

– Нұрәлі қандай үйде тұрады? 

– Ақмарал қандай үйде тұрады? 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет