Фланелеграфтағыкөрнекілікпен жұмыс.
Иллюстрациялар –«Кеңістікте бағдарлану: сол
жақ, оң жақ, ортасында».Фланелеграфта заттың өзінен оң жақта немесе сол жақта
тұрғанын қарау және оларды атау.
«Кім қайда отыр?»ойыны. 1-тапсырма.
Дымбілмес сендерге жұмбақ жасырады:
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян.)
– Сендер мұның не екенін білдіңдер ме?
Жұмыс дәптеріндегі қоянның суретін табуды ұсынады.
Суретпен жұмыс. Педагог сұрақтар қояды:
– Қоянның сол жағында не отыр?
– Қоянның оң жағында қандай аң отыр?
– Қоян өзі қайда отыр?
Сергіту сәті
: «Қоян».
Ыршып-ыршып секіріп,
Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жаураған,
Қолдары да жаураған,
Жылытпақ боп тырысты
Жүгірді де қуысты.
Бір жоғары, бір төмен
Жүр аяқтың ұшымен.
26
Секіреміз, отырамыз,
Аяқтарды жылытамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |