«Шаршыны бастырып сыз»
(1-тапсырма).
Педагог балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды
тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) қызыл
қарындашпен, ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып
шығу керектігін айтады.
Сұрақтар:
– Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар?
– Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар?
– Сендер бастырып сызған геометриялық пішін қалай аталады?
Жеке жұмыс жүргізеді.
Сөздік жұмыс:
шаршы,үлкен, кішкентай.
Билингвальды компонент:
шаршы – квадрат, большой – үлкен, маленький – кішкентай.
«Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Қуыр-қуыр,қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Тауықтарға тары шаш.
Апаң келсе есік аш.
Қасқыр келсе, мықтап бас
Мына жерде аю бар,
Мына жерде қасқыр бар,
Мына жерде қоян бар,
Мына жерде түлкі бар,
Ал мына жерде күлкі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |