«Үлкен – кіші»
ойыны. (2-тапсырма).Педагог балаларға суреттен шаршыға ұқсас
заттарды табуға ұсыныс жасайды.
Үлкен шаршы, үлкен қорап және кішкентай шаршы, кішкентай қорап салынған суретке
назар аударуды ұсынады.
Педагог сұрақ қояды:
– Қораптар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
– Олар қандай?
Балаларға бармағын үлкен қорапқа, ал шынашағын кішкентай қорапқа қоюды сұрайды.
– Ал шаршылар бірдей ме?
Тапсырма: Балаларға саусағымен үлкен текшеден кіші текшеге қарай, ал үлкен қораптан
кіші қорапқа қарай жол салуын тапсырады. Оларды сызып қосады.
3.Рефлексия.
Аю балаларға кішкентай геометриялық пішіндерді – шаршыны сыйға тартады. Қоштасып,
кетеді. Балалар шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытады.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
|