05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет30/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44

Екі электродты лампылар айнымалы токты түзету үшін қолданылады, өйткені олардың вентильдік қасиеттері бар. Вентиль деп электр тогын тек бір бағытта өткізетін (анодтан катодқа қарай) приборды айтады.

Лампыны айнымалы ток тізбегіне қосқанда (51-сурет) жүктік резистор (Яж) арқылы тек оң жарты периодты ток қана өтеді. Бүл ток бағыты жағынан тұрақты да, шама жағынан айнымалы, сондықтан оны толықсыма ток деп атайды.



Түзеткіш диодтар кенотрондар деп аталады. Аса қуатты кенотрондарда жанама қыздырылатын оксидті катодтармен қоса, жуан қыл сымды тура қыздыру катоды (жылулық инерцияны арттыру үшін) пайдаланылады.

Радиоаппаратураларда жоғары жиілікті токтарды түзету үшін қолданылатын лампыларды детекторлық деп атайды. Олар шағын қуатты болады.

Диод өзінің параметрлерімен сипатталады. Ол кыздыру кернеуі, қыздыру тогы, рұқсат етілетін кері кернеуі (лампы изоляциясы әлі де бұзылмаған жағдайдағы), анодта шашырау қуаты, диодтың ішкі кедергісі, рұқсат етілетін анодтық максимал ток және характеристиканың тіктігі, міне, осының бәрі диод лампының параметрлері.

Электрондармен атқылағанда анод қызарып қатты қызады. Бұл кезде анодтан газ бөлініп шығады да, вакуум нашарлайды, ал ток тым көп болған жағдай-да, анод балқып та кетуі мүмкін. Сондықтан анодтың әрбір типі үшін рұқсат етілетін қуаттың тағайындалған шамасы (шашырату қуаты) бар, онда анод бұзылмай-ақ қабылдаған жылулық энергиясын шығарып үлгіреді. Анодтағы рұқсат етілетін шашырату қуаты оның материалына және анодтың ауданына байланысты. Мысалы, ақ никельден жасалған анод үшін ол 0,5-4,5 вт/см2, қара никель үшін 2,3-6,2 вт/см2, молибден үшін 4-6 вт/см2, тантал үшін 7-9 вт/см2, мыс (сумен суытылатындарында) 25-30 вт/см2.

Анодтан жылуды жақсы әкету үшін оның беттік ауданын арттырады (қырлы етіп жасайды), қара түр береді, ал қуатты диодтарда - танталды, мысты және графит анодтыларда - арнаулы ағып өтпелі ауамен немесе сумен суыту қолданылады. Сумен суытылатын бірінші қуатты лампыны совет ғалымы М. А. Бонч-Бруевич 1919-192 1 жылдарында жасап шығарған.

Диодтың және оның жұмысын сипаттаушы маңызды параметрлер - характеристиканың тіктігі меншікті кедергі болып саналады.

Диодтың ішкі кедергісі деп (айнымалы ток үшін) анодтық кернеудің өсімшесінің анодтық ток өсімшесіне қатынасын (қыздыру кернеуі өзгермеген жағдайда) айтады:

R=U/I (иқ = const болғанда) (29)

Ішкі кедергіні диодтың вольт-амперлік характеристикасы бойынша (оның түзу сызықты бөлігіндегі мәні бойынша) табуға болады (52-сурет).



Диодтың ішкі кедергісіне не кері шама характеристиканың тіктігі деп аталады, яғни:

S=1/R

Диодтардың ішкі кедергісі жүздеген омнан бірнеше мыңдаған ом жетеді.



Кенотрондар және диодтар былай маркирленеді (ГОСТ—7624-62) бірінші цифр қыздыру кернеуінің дөңгелектеп алынған шамасын, екінші орындағы «ц» әрпі ол лампының кенотрон, ал «Д» әрпі диод екенін, үшінші орындағы цифр - лампы типінің нөмірін, ал соңғысы - лампының конструкциялық тегін көрсетеді [С - шыны баллон, П - саусақты лампы, Ж - лампы «Желудь» типтес, А - шыны баллонды миниатюр (ете кішкентай) лампы].

Мысалы:


5Ц4С — қыздыру кернеуі 5 вольт, шыны баллонды кенотрон, 1Ц11П - кернеуі 1 вольт, саусақты кенотрон.

2. Газотрон



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет