1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


–   Төменде  діни  өкілдерің  тізімі  берілген.  Оқыңыздар  және  өзіңіз  қандай дінді ұстанатыныңызды айтыңыз



Pdf көрінісі
бет351/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1
rubric, rubric, Listening, ПКТ силлабус 1-семестр, data , Каз.яз-В1В2-1, culturology, Еркін күрестен әлем және Қазақстан чемпиондары, Lecture task 2
 

 
Төменде  діни  өкілдерің  тізімі  берілген.  Оқыңыздар  және  өзіңіз 
қандай дінді ұстанатыныңызды айтыңыз.
 
 

 
мұсылман 

 
христиан 

 
иудист 

 
буддист 
 

 
Мақала  тақырыбының  астындағы  жазуды  оқиық:  Еркінбек  Шахаев 
Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы, теолог. 

 
Сіздерге  «теолог»  сөзі  таныс  па?  Бұл  сөзді  Оқу  сөздігінен  қарап 
алыңыздар. 

 
Ойланыңыздар.  «Дінсіз  қоғам  болмайды»  деген  газет  тілшісінің 
пікіріне келісесіздер ме? Дінсіз қоғам неге болмайды? Дәлелдеңіздер. 

 
Мақала  тақырыбын қайталап оқыңыздар. Тақырып өзекті ме? 

 
Қандай мәселе көтерілуі мүмкін? Сіздердің болжамдарыңыз? 

 
Бұл мақала газеттің қандай жанрына жатады? 

 
Әңгіме 

 
Сұхбат 

 
Интервью 

 
Очерк 

 
Эссе 


254 
 

 
Мақала  тақырыбын  оқыған  кезде  естеріңізге  оның  мазмұнына  сай 
қанша  сөз  түседі?  Сөздер  тізімін  жазыңыздар.  Мақала  тақырыбын 
аударыңыздар. 

 
Сіз  оқитын  тақырып  «Дінсіз  адам  болғанмен,  дінсіз  қоғам 
болмайды»,  -деп  аталады.  Сіздер  тақырыпқа  қатысты  қандай 
сұрауларға жауап бергілеріңіз келеді? Сұраулар тізімін жасаңыздар. 

 
Мақаланы  басынан  аяғына  дейін  оқып  шығыңыздар.  Тақырыпқы 
қатысты  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  кездестірдіңіздер  ме?  Олардың 
астын сызыңыздар. 

 
Мақаланың  бірінші  абзацын  оқыңыздар.  Осы  шағын  мәтіндегі 
автордың ұстаным бағытын қалай анықтар едіңіздер: 

 
сын, күлкі, келісу, құптау, мақтау, өзіндік пікірін айту т.б. 

 
Автордың:  «.  .  .  ислам  ешбір  ұлттың  тілі  мен  діліне,  салты  мен 
дәстүріне  қарсы  тұратын  дін  емес»,  -  деген  пікірмен  келісесіз  бе? 
Ойыңызды дәлелдеңіздер. 

 
Ислам діні туралы не білесіздер? 

 
Бұл  дін  қай  елде,  қай  жерде  бастау  алған?  Білімдеріңізді 
байқатыңыздар. 

 
Нөмірі  2-ші  мәтінді  толық  оқып  шығыңдар.  Осы  мәтінде  ерекше 
айтылған сөз толеранттылық сөзі. Бұл сөзді қазақша «төзімділік» деп 
те атайды. Сөздер тізбегін естеріңізде сақтаңыздар.  
 

 
Төзімділік  –  төзімді  болу  –  төзімпаз  –  төзімтал  –  төзушілік  –  төзу  – 
төзімі таусылу – төзбеу. 

 
Мәтінде діни бірлестіктер деген тіркес бар. Олар қандай 
бірлестіктер? Сіздердің бірлестіктеріңіз қандай? 

 
Біздіңше:  Мұсылмандар  діни  бірлестіктері,  Славяндар  діни 
бірлестіктері, Католиктер діни бірлестіктері 

 
Келісесіздер ме? 
 

 
Қазақстанда этностар мен діндердің қоғамдық келісімімен 
тыныштығын сақтайтын органның аты қалай аталады? Жазыңыздар. 
Бұл мемлекет саясаты ма? 
 
 

 
Әрбір  үш  жыл  сайын  Астана  қаласында  өтіп  келе  жатқан  әлемдік 
және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі материалдарын газет, 
Интернет материалдарынан қарап, мақала даярлаңыздар. 

 
Нөмірі  үшінші  мәтінді  оқып  шығыңыздар.  Бұл  мақаладағы 
ғасырлардың  жазылу  емлесіне  көңіл  аударыңыздар.  Оларды  теріп 
жазыңыздар.и 

 
Мәтінді  мағынасына  қарай  бірнеше  бөліктерге  бөлініп  жазылған. 
Оны дауыстап оқыңыздар және аздаған пауза жасап: 
 

 
Дін исламның тарихына  //  қысқаша тоқталар болсам  //  VII ғасырда  


255 
 
//  араб жерінде  //  бастау алған  //  ислам дінінің  
 

 
Мәтіндегі  соңғы  сөйлемді  оқыңыздар  және  осы    сөйлемдегі  асты 
сызлған сөз тіркестерін өз ойыңызбен түсіндіруге тырысыңыздар.  

 
Бұл  дін  қазақ  халқының  рухани  және  мәдени  дамуына    шексіз  үлес 
қосты деп айтуға болады. 

 
Дін  халықтардың  рухани  дамуға,  мәдени  дамуға  қалай  әсер  етеді? 
Ойланыңыздар. Сіздердің аргуметтеріңіз қандай? 

 
Төртінші  мәтінді  оқыңыздар.  Ондағы  аббревиатураларды  көшіріп 
сөзбен жазыңыздар. Бір сөз сөзбен жазылмайды. Қайсы? 
 

 
БҰҰ  - 

 
ЮНЕСКО  - 

 
ЕҚЫҰ  - 
 

 
Сызба бойынша сұхбат құрыңыздар. 
 
 
Қазақ халқының                                                                ұлттар мен 
діндердің келісімі 
 
 
Ұлы дала презенттері                                                                  діни 
сенім 
 

 
Соңғы бесінші тақырыпты оқыңыздар. Берілген сөздерді көшіріп 
жазыңыздар. 

 
Көшбасшы  -  лидер, көсем, жетекші  -  топты,  ұйымды басқарушы  
 

 
Зиялы  қауым  өкілдері    -    оқыған  білімді  адамдар,  қоғам 
қайраткерлері, ел жақсылары. 

 
Осы сөздер мен сөз тіркестеріне қысқаша түсініктеме беріңіздер. 
Олар немен айналысады және қоғамға қандай пайда әкеледі? Мақала 
жазыңыздар.  

 
Ол үшін мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланыңыздар. 
 

 
а. діни экстремизм 

 
радикализм идеялары  

 
ә. қоғам көшбасшылары 

 
жастар ұйымдарының жетекшілері 

 
зиялы қауым өкілдері 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет