1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


№13 Тақырып. СӘУЛЕТ ӨНЕРІ



Pdf көрінісі
бет353/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1
rubric, rubric, Listening, ПКТ силлабус 1-семестр, data , Каз.яз-В1В2-1, culturology, Еркін күрестен әлем және Қазақстан чемпиондары, Lecture task 2
          №13 Тақырып. СӘУЛЕТ ӨНЕРІ 
1. 
Қазақстан  аумағында 
сәулет
  өнері  полеолит  дәуірінде  пайда 
болған.  Сол  уақыттағы  ескі  үй  құрылыстары  сақталып  қалған.  Қола 
дәуіріндегі  ғимараттар  тікбұрышты  формада  жасалып,  олар  үй  және 
шаруашылық  бөлімдерінен  тұрған.  Кейін 
дөңгелек
  формадағы  үйлер  мен 
киіз  үйлер  пайда  болды.  Сол  замандағы  күмбезді  кесенелер  мен  тарихи 
ескерткіштер бүгінгі күнге дейін сақталған. 
2. 
Алаша  хан 
күмбезі
  Қарағанды  облысының  Ұлытау  ауданындағы 
Қаракеңгір  және  Сарыкеңгір  өзендері  бойында  биік  төбенің  үстінде 
орналасқан.  Ғалымдар  күмбезді  Қарахан  әулетіне,  оғыз-қыпшақ 
заманындағы  сәулет  өнерінің  қатарына  қосады.  Осы  орайда  ол,  негізінен, 
Қарахан әулеті дәуірінің сәулет үлгілері Салжұқ өнері аталатын түрлерімен 
байланыстырылады.  Алаша  хан  күмбезін  Қазақстан  жеріндегі  Айша  бибі, 
Жошыхан,  Қожа  Ахмет  Йасауи  мазарлары  үлгілерімен  де  салыстыруға 


260 
 
болады.  
            3. 
Түркістанның  таңғажайып  көрікті  Қожа  Ахмет  Йасауи 
кесенесі 
 
Бүкіләлемдік  мұралар  тізіміне  (ЮНЕСКО)  енгізілген.  Отырар  аумағына 
орналасқан  бұл  кесененің  маңында  150-ден  астам  кішігірім  қалашықтар, 
қорғандар,қамалдар, 
керуен-сарайлар  болған,  кейбіреулері    б.з.д.    екінші  
ғасырға  жатады.Кесене  Әмір  Темірдің  бұйрығымен  1399  жылы  233  жыл 
тұрған  ескі  құрылыстың  орнына  салынып,  мұсылмандардың  қасиетті 
орындарының бірінеайналды. 
           4. 
Көптеген тарихи кезендерді бастан кешкен бұл кесененің биіктігі 
–40  метр.  Қазақ  хандарының  резиденциясы  сақталған  орталық  залда 
арнайы  мұражай  –  пантеон  ашылды.  Мұражай  маржаны  саналатын 
мұсылман  елдері  ішіндегі  ең  үлкен  ыдыс  –  Тайқазан.  Ол  жеті  металл 
қоспасынан
  жасалған.Ең  қызық  археологиялық  ескерткіштер  IX-XII 
ғасырлардағы  қараханидтер  кезеңіне  жатады.  Ұлы  Жібек  жолы  өркендеп 
келе  жатқан  кездегі  әйгілі  Отырар  қаласы  археологиялық  қазбалар 
арқасында  тарихи-мәдени
  қорық
  болып,  атақты  туристік  нысанға 
айналды.Сонымен  бірге  мұнда  тамаша тарихи  мұражай 
нысандары
да  бар. 
XII-XХ ғасырға жататын Арыстан баб ескерткіші атақты, киелі көріпкелге 
арналған.Сондай-ақ  әлемдегі  жалғыз  мұра  Айша  бибі  кесенесі  – 
ортағасырлық  сәулет  өнері  ескерткіштерінің  бірі.  Ол  ХІІ  ғасырда 
салынған. Айша бибі – тарихтан белгілі Қараханның әйелі. 
5. 
Соңғы  он  жыл  ішінде  Қазақстанның  сәулет  құрылысы  өзгерістерге 
ұшырап, жаңа үлгілері жасалды.Тек Астана мен Алматы қалаларында ғана 
емес,  сонымен  қатар  Қазақстанның  басқа  қалаларында  да  көз  тартар 
тұрғын  үйлер,  офистер,  банктер,  мәдени  ескерткіштер,  спорт  кешендері 
мен басқа да ерекше ғимараттар салынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет