1 аудиторлық Қызметтің теориялық негіздері


 Аудиттің жіктелуі және түрлері



бет7/12
Дата11.05.2020
өлшемі71,4 Kb.
#67114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
аудит посл

1.3  Аудиттің жіктелуі және түрлері

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу, 1-ші суретте көрсетілгендей, әлдеқайда орнықты болады.

Аудит (кіммен жүргізілетін субъектілеріне байланысты) екі түрде жүзеге асырылады: ішкі және сыртқы.

Ішкі аудит – ұйымның штаттағы аудиторларымен немесе тікелей жетекшілікке бағынатын арнайы бөлімдерімен жүргізіледі. Ішкі аудит – бұл негізінен шаруашылық бақылау, бірақ мазмұны мен жүргізу әдістері бойынша көбінесе сыртқы аудитпен ұқсас.

Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты кәсіпорында пайда болады.

Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.

Ішкі аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:


  • активтердің жағдайын бақылау шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланылатын ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу.

  • жүйешілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу.

  • ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуімен ақпараттардың өңделудің тиімділігін талдау.

  • басқарушы ақпараттың жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.

Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылауда жүзеге асырылады.

Сыртқы аудит сыртқы, тәуелсіз аудиторлармен және аудиторлық ұйымдармен кәсіпорындардың тапсырмасы (келсімі-шарт) арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы аудиттің ерекшелігі тексеруді жүргізуші аудиторлардың аудит жүргізілетін субъектілеріне құрылтайшылар, меншік иелері, акционерлер, жетекшілер және тағы басқа да лауазымды тұлғалар емес, сонымен қатар ұйымның жетекшілігімен туысқандығы және олармен қызметтік қатынаста байланысы жоқ.

Сыртқы аудиторлық тексеру аудит жүргізілетін субъектілерде, олардың құрылтайшылары, еншілес, тәуелді ұйымдары, өкілеттері болып табылатын, оларға бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру, жүргізу және қаржылық есеп беруді толтыру бойынша қызмет көрсеткен аудиторлық ұйымдармен жүргізілмейді.

Мұндай маңызды жағдайлар аудиторлық қызметті жүргізу лицензиясын жоюдың негізі болуы мүмкін.

Сыртқы аудит аудит жүргізілетін субъектінің қаржылық есеп беруінің дұрыстығын бағалау және әкімшілікке консалтингтік қызмет көрсету мақсатында жүргізіледі.

Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге болінеді:



  • қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субьектілерінің қаржылық қорытынды есебін тексеру.оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған;

  • сәйкестік аудиті - бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалдарының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.

  • салық аудиті - бұл салықтарды төлеудің, есептедің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұсыну;

  • арнаулы аудит - субьект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бірн норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.

  • экологиялық аудит - қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы  экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау;

  • оперециялық аудит - басқару үшін тиімділігін, сенімділігімен пайдалылығын  бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизімінің жекелеген бөлшектерінің қызмет етуін тексеру.

Жүргізілу мезгіліне қарай аудиторлық тексеруді Искакова С.А. бастапқы және келісілген (оқтын-оқтын) аудит болып бөлген:

Бастапқы аудит – аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен бұл ұйымда тексеруді алғашқы рет жүргізуді білдіреді.

Келісілген аудит – бұл ұйымда бір аудиторлық ұйыммен (аудитормен) аудит қайта немесе жүйелі түрде жүргізіледі, яғни келісім-шартты қайта жасағанда орындалады (11).

Даму тұрғысынан аудит үш түрге бөлінеді:



  1. Дәлелдейтін аудит бухгалтерлік құжаттар мен есеп берудің дұрыстығын тексеру және дәлелдеу;

  2. Жүйелі-бағытталған аудит ішкі бақылау жүйесін талдау арқылы аудиторлық сараптау;

  3. Тәуекелге негізделген аудит аудиторлық тексерудің өте жоғары мүмкін тәуекелде аудиторлық жұмысты шоғырландыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет