1. Қазақстанда Президент институтының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау



бет22/26
Дата21.11.2022
өлшемі189,27 Kb.
#159130
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ
63838066, Мадина А рк ответ, 53-67, 2 5366427762221393202, Международная конференция сборник, 223534, Мәдибаева-Қазақ-әдебиеті
1999 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік кепілдіктер мен олардың бостандықтарын белгілейтін, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.Бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық дамуы туралы айта келе, қазақстандық медианарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға күшті ықпал еткен мемлекеттің рөлін атап өткен жөн.Сонымен қатар, нарықтық реформалар жаңа және қызықты контенті бар бұқаралық ақпарат құралдары санының артуына әсер етті. Бүгінде біздің еліміз БАҚ-ты дамыту бойынша Орталық Азия аймағы мен Кавказ елдері арасында жетекші орынға ие. Елбасы БАҚ-қа келген миссияның республикадағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени құндылықтарды объективті, нақты және жедел баяндау бойынша шараларды жүзеге асыруды атап өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде БАҚ-қа әрдайым Елбасы тарапынан ерекше назар аударылып, жүзден жүйрік шықты. БАҚ журналистері қазақстандық қоғамның дамуына және мемлекеттік тілдің нығаюына үлкен үлес қосуда.
Бүгінгі күні бұл сала ақпарат берудің жеделдігі мен кері байланыстың арқасында БАҚ-тың ажырамас бөлігіне айналды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде министрлер, вице-министрлер және департамент басшылары деңгейінде биліктің басқа да өкілдері белсенділік байқалуда.

  1. Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты. «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастырудың Тұжырымдамасы» және оның жүзеге асырылуы.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, тарихи білім беруді дамыту, тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын жетілдіру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының басым бағыттарының бірі болатын. Ұлттық сананы қалыптастыру тарихи білім беруге байланысты. 1995 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» жасалып, мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесте бекітілген. Сонан бергі атқарылған ауқымды жұмыстардың ішінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар ұшан-теңіз. Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану үдерісі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыруда уақыт күттірмейді, керісінше жалғастыруды талап етуде. Тарихтың терең зерттелуі – елдіктің, отаншылдықтың белгісі. Қазақ тарихы өркендеп өссе, ұлттың рухы өрлейді.
Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата - 1991 жылдың 16 желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол - егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол - өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады. Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды. Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құралды. Ол біздің өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орынымен, ұланғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды.Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат – халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі,- деп атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлы оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған санқырлы мәдениеті бар екендігіне де тоқталып өтті.



  1. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы және оның іске асырылуының барысы мен ерекшеліктері.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.



  1. ҚР тұңғыш Президентінің «Халық – тарих толқынында» Бағдарламасы және оның жүзеге асырылуы.

Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің Тарих толқынында кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында Мәдени мұра атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, Халық тарих толқынында атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады

  1. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өтілуі мен оның маңызы.

Кейбір тарихи деректерде Моңғол шапқыншылығы Қазақ хандығының құрылуын 150-ден 200 жылға кешеуілдеткені жайында айтылады. Әбілқайыр хандығының құрамында болған қазақ рутайпаларын 1457 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар бөліп алып шығып Моғолстанның батысындағы (Жетісудың батысы) Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы Қозыбасы деген жерге хандығын құрған. Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының арасындағы текетірестен Моғолстан ханы өзіне одақтас іздей бастайды. Сонымен Моғолстан ханы Есенбұға Жәнібек пен Керей сұлтандарға өз аумағынан жер бөліп береді. Бірақ Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды.Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты. Қазақстандық қоғам қайраткері Дос Көшімнің ойынша, атаулы күнді тойлау жайлы ой, қазақтарда мемлекет болмаған деген мәлімдемеден кейін туындаған. «Альтернатив» орталығының директоры Андрей Чеботарёвтың пікірінше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Назарбаевтың «Қазақ мемлекеті елдің тәуелсіздігінен соң пайда болды» деген екіұшты пікірі мен Владимир Путинның қазақтарда мемлекет болмаған дейтін аты-шулы сөзі себеп болған. Путинтың қазақтарда «мемлекет болмаған» деген сөзі Назарбаевтан бастап бүкіл қоғамды ойландырды. Себебі, осындай риторика Украина мен украиндықтарға да айтылған болатын. Бірақ, МГУ ақпаратты-аналистикалық орталығының директоры Сергей Рекеданың пікірінше, Путинның сөздерінде ешқандай құпия жоқ, ал ол айтқан сөздер контекстен алынған, онымен қоса, осыған ұқсайтын сөздерді 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: «Қазақтарда ешқашан мемлекет болған емес, өйткені шекарасы болмаған. Ең алғаш біз, қазақ мемлекетінің шекарасын

  1. ҚР тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласы және оның басымдықтары мен мазмұны.

Бағдарламаның атауы 2015-2020 жылдары үш тілде білім беруді дамыту жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы )
Әзірлеу үшін негіз Елбасының 2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмасы, сонымен бірге, «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет - 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 89-тармағын іске асыру шеңберінде
Бағдарламаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Жол картасын іске асыруға жауапты ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Мақсаты Қазақстан Республикасында білім берудің барлық деңгейлерінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін үш тілде білім беруді кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз ету және адами капиталды дамыту
Міндеттер - үш тілде білім беру шеңберінде тілдерді оқытудың бірыңғай стандартын әзірлеу есебінен бірыңғай білім ортасы контекстінде үш тілде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету; - тілдерді үйрету талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын, білім беру ресурстары мен бағалау жүйесін жаңарту; - Қазақстанда үш тілде білім беру саласында тиімді ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету; - тілдерді үйретудің, оқытудың және бағалау жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытудың эталондық рамасын әзірлеу- үш тілде білім беруді тиімді енгізу үшін педагог кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру; - мүдделі тараптардың (мемлекеттік органдар , білім беру ұйымдары, ҮЕҰ, бизнес құрылымдар, ата-аналар қауымы, БАҚ және т.б. ) өзара тиімді іс-қимылын дамытуға ықпал ету; - үш тілде білім беруді іске асыру процесін ақпараттық қолдауды (үш тілде білім беру саясаты мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарларда, баспасөз құралдарында жариялау және т.б.) қамтамасыз ету



  1. ҚР тұңғыш Президентінің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы» және оның тарихи-рухани сананы қалыптастырудағы орны мен ролі.

21.11.2018 Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды.
І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ Біздің жеріміз материалдық мә¬де¬ниет¬тің көптеген дүниелерінің пайда бол¬ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айт¬қандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажы¬рамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым¬дар кезінде біздің өлкемізде ойлап та-был¬ған. Ұлы даланы мекен еткен ежел¬гі адамдар талай техникалық жаңалықтар ой¬лап тауып, бұрын-соңды қолданыл¬ма¬ған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адам¬зат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жыл¬намалар бүгінгі қазақтардың арғы ба-балары ұланғайыр Еуразия құрлығын¬да¬ғы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
1. Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы Жібек жолы
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ Көтерілген мәселелер жан-жақты ой еле¬гінен өткізіп, терең зерделеуді талап ете¬ді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымы¬мы第дың, халқымыздың өткені мен бү¬гі¬ні-нің және болашағының іргелі негіз¬де¬ріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар ар-қылы бастауға болады деп ойлаймын.
1. Архив – 2025
2. Ұлы даланың ұлы есімдері
3. Түркі әлемінің генезисі
4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі
ҚОРЫТЫНДЫ Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Бо¬лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шық¬ты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағ¬дар-ламасының жаңа компоненттері ата-ба¬баларымыздың көп ғасырлық мұра¬сы¬ның цифрлық өркениет жағдайында тү¬¬сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам¬тବмасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мү쬬кіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жә¬не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо¬лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ¬тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо-лашаққа оң көзқарас таныту – елі¬міз¬дің табысты болуының кепілі деге¬ні¬міз осы.



  1. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі мен халықаралық жағдайы.

Тәуелсіздік алысымен Қазақстан әлемдік қауымдастыққа өзін танытуға белсене кірісті. Осы мақсатта еліміз халықаралық беделді ұйымдардың жұмысына араласа бастады. 1992 жыл Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз мемлекет ретінде танылу жылы болды. 1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп 30 ел таныды. Осының арқасында 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. БҰҰ әлем халықтары Қазақстан­ның бейбіт­шілік пен ынтымақтастық саясаты­ның куәсі болғандығын айтады. Осы жылы Қазақстан Еуропадағы ынты­мақтастық және қауіпсіздік ұйымына (ЕЫҚҰ) мүшелікке өтті. 1992 жылдың соңында Қазақстанды дүниежүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнады. Еліміз аз ғана уақытта әлемдік қауымдастыққа еніп, танымал болуына оның БҰҰ-на мүше болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтасу құнды­лықтарын жақтайтын дамыған әлемдік қатынастар жүйесіне енді. БҰҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік саясаттың барлық салаларына қатысуға толыққанды мүмкіндік алды. Ол өзінің ұлттық мүдделерін қорғай алатын әлемдік саясат субъектісіне айналды. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көпвекторлық сыртқы саясат ұстанды. Бұл ұйым көптеген жаһандық қақтығыстар мен қайшылықтар алдында дәрменсіз. Бірақ та өркениетті адамзаттың басшылары жиналып әлемдік өзекті мәселелерді талқылауға болатын, консенустық шешімдерге ортақ келуге болатын әлемдегі жалғыз ұйым – БҰҰ. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 3 наурызда БҰҰ-ға мүшелікке енуі ел үшін тарихи маңызды оқиға болғаны ақиқат. Біріншіден, еліміз әлемдік қауым­дастық­тың белсенді субъектісіне айналды. Қазақстанды әлем танып, мойындады. Біз өзімізді толғандырған өзекжарды мәселелерді әлем халықтарымен бірге талқылау мүмкіндігіне ие болдық. Бұлай болуы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін біршама нығайтты. Екіншіден, Қазақстан өзінің мүд­де­ле­ріне сәйкес әлемнің мем­лекеттерімен екіжақты, көпжақты қарым-қатынастар жасуына, өзі қалаған халықаралық саяси, эко­номикалық, мәдени және қар­жы­лық ұйым­дарға кіруге зор мүм­кіндіктерге ие болды. Үшіншіден, БҰҰ-ға мүшелік елде де­мократия, бостандық, бейбітшілік пен этникалық татулық идеяларының неғұр­лым кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Себебі БҰҰ-ның мақсаттары мен құндылықтары Қазақстанның арман-мақсаттарымен үндес болды. Төртіншіден, Қазақстан БҰҰ-ға мүше болуы арқылы әлемдік қауіптер, қайшы­лықтар мен қиыншылықтарға қарсы бір­лесіп күресу үшін одақтастар тапты. Өзінің көпвекторлы сыртқы саясатын баянды етуге бағытталған мүмкіндіктерге ие болды.
БҰҰ-ның Қазақстанда 15 ұйымы жұмыс істейді:1)БҰҰ-ның Даму бағдарламасы;2) БҰҰ Балалар қоры(ЮНИСЕФ);3)БҰҰ Халық қоныстану қоры(ЮНФПА);4)БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы;5)БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы;6)БҰҰ еріктілері;7)Әйелдер қоры ЮНИФЕМ;8)Халықаралық еңбек ұйымы;9)БҰҰ білім,ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым ЮНЕСКО;10)Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;11)БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымыЮНИДО;12)Дүниежүзілік банк;13)Халықаралық валюта қоры;14)ЮНЭЙДС ұйымы;15)Қоғамдық ақпарат жөніндегі департаменті



  1. Қазақстанның ЕҚЫҰ мен ИЫҰ төрағалық етуі және оның әлемдік саясаттағы маңыздылығы.

ЕҚЫҰ ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басындағы Еуропа қауіпсіздігінің басты элементі болып табылады. Сонымен қатар алғашынан бастап ЕҚЫҰ Еуро-Атлантикалық сипатқа ие бола отырып , құрамына ТМД елдерін , АҚШ және Канада , Орталық және Батыс Еуропа елдерін біріктірді. 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропа мен Америка елдерінің 35 елбасшылары жиналып , ЕҚЫК-не қатысты ресми түрде қорытынды акт жасады.1992 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып қабылданды. Бұл тарихи оқиға еліміздің 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үрдістерге еркін қатысуға, тәжірибе алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда , ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға қатысты , аймақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты , экономикалық реформалар жүргізу ,адам құқықтарын қорғау өңірлік қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда. ЕҚЫҰ ның төрағасы ретінде Қазақстанның алдында үш бағыттағы мәселелерді шешу міндеті тұр: әскери-саяси , экономика-экологиялық және гуманитарлық бағыт. ЕҚЫҰ – еуропалық континентте қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын беделді халықаралық ұйым. Басқа да континенттерде ЕҚЫҰ-на ұқсас ұйымдар қызмет атқаруда. Мысалы , құрылуына Қазақстан бастамашы болған , Азияда АӨСШК- Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары бойынша Кеңес жұмысын атқаруда.
Мұсылман мемлекеттері басшыларының 1969 жылғы 25 қыркүйекте Рабатта өткен конференциясында негізі қаланған Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) – ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1,5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр.ИЫҰ-ның негізгі қағидаттары мыналар: толық теңдік; әр халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығына деген құрмет; ішкі істеріне араласпау; мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу; ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді келіссөз, араағайындық немесе арбитраж арқылы бейбіт жолмен шешу; ұйымға мүше мемлекеттер аумақтарының тұтастығына, сонымен бірге саяси тәуелсіздігіне де қарсы күш қолданбау немесе қоқан-лоққы көрсетпеу.Қазақстан 1995 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымының толық құқылы мүшесіне айналды.Астанада 2011 жылғы 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өтті. Сол сәттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті. Бұл басқосуды тарихи оқиға деп атауға болады, өйткені, онда Ислам конференциясы ұйымы атауын (ИКҰ) Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды және Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Алғашқы рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданды.Жаңғырту мен реформаларды ХХІ ғасырдағы Ислам әлемі дамуының негізі деп жариялаған, мазмұны жөнінен ұйымның ең прогресивті құжаты болған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұсылман үмметі алдындағы бағдарламалық сөзі ИЫҰ Астана декларациясының негізін қалады.Сыртқы істер министрлері кеңесі (СІМК) жүзден астам қарар қабылдады, соның ішінде Қазақстанның бастамасымен ұсынылған Ауғанстандағы заңсыз есірткі өндіру және оның айналымымен күресу, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізі өңірлерін сауықтырып, қалпына келтіру жөніндегі құжаттар бар.



  1. Қазақстанның ұлттық қауіпсздік пен сыртқы саясатының басымдықты бағыттары, оның көп қырлы сипаты.

Халыкаралық байланысты жүзеге асыруда Қазақстанның сыртқы саясаты дүние жүзінде қалыптасқан жағдайға байланысты көпбағыттылығын ескеру принципінен шығуы керек. Дүние жүзіндегі саяси және экономикалық үдерістердің ғаламдық сипаты жағдайында, жекелеген елдер қауіпсіздігіне кепілдік ұжымдық күш-жігермен ғана қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы өзімен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға арналған және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейіндегі қарусыздану ісіне міндетті түрде қатысады. Оның бірнеше деңгейі бар:Қазақстанның ТМД-дағы халықаралық кауіпсіздік және қарусыздану саласындағы ықпалдастық саясаты;Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы;
Қазақстан халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. ұйымдарға қатысып, қарусыздану және бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады.
Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін қарастырды. 1992 жылы Ташкентте Қазақстанның, Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге кол қойды. Мемлекет басшылары жөнө ТМД Біріккен Қарулы күш Бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда АӨСШК мүшелері — 15 мемлекеттіц Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.
1995 жылы үш республика — Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді. 1996 жылы бес мемлекет — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. 1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды.
Біздің мемлекет БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да аймақтық ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға және жақсартуға, халықаралық тәжірибеге түрлі қауіпсіздік режимдерін әзірлеуге әрі енгізуге, халықаралық қатынастардағы жинақталған проблемаларды еңсеруге бағытталған бастамаларды іске асыру үшін белсенді де мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Қазақстандық басшылықтың маңызды шешiмдерiнiң бiрi ретінде тек Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен қатар жалпы әлемдік деңгейдегі қауiпсiздiктiң тиімді жүйесiн қамтамасыз етуге бағытталған өзінің айқын сыртқы саяси ұстанымын нақтылауы болды. Осы тұрғыда назар аударатын бір жайт – Қазақстан өз тәуелсiздiгін жариялағаннан кейін Кеңес одағының ядролық қару-жарақ қоймасы мен жаппай қырып-жою қаруларының (ЖҚЖҚ) едәуір бөлігін мұрагерлікке алды. Осындай жағдайда жас мемлекеттің алдында атом қаруын сақтай отырып, әлемдегі төртiншi ядролық держава болу немесе кеудемсоқтықтан бас тартып, ядросыз әлемге қадам басу секілді өте үлкен таңдау тұрды.
Президент Н. Назарбаевтың сол кезеңде жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту туралы шешiмі әлемдік қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Республика басшылығының өз еркімен ядролық қарудан бас тарту мен Семей ядролық полигонын жабу арқылы ядролық қарусыз, қауiпсiз әлем құру жолындағы табанды шешімі ЖҚЖҚ-дан өз бастамасымен бас тартқан ел ретінде құрметті алғашқы орынды иемденуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тағы да атап өтетін өте маңызды бір жайт – ол бiздiң Елбасымыздың ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 29-тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық әрекеттер күні етіп жариялау болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзін халықаралық қатынастардың маңызды мүшесі ретінде көрсете білді. Бүгінгі таңда еліміз жетекші интеграциялық құрылымдар мен әлемдік қауымдастық өміріндегі өзінің сындарлы қызметiнiң арқасында заманауи әлемiнiң экономикасы мен саясатында белсендi рөл атқаруда. Республикамыздың халықаралық мәртебесiнің жоғары екендігінің мысалы ретінде Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, ЕҚЫҰ және ИКҰ сияқты беделді халықаралық құрылымдарға төраға ретiнде сайлануын алуға болады. Сонымен қатар өз кезегінде Қазақстанның бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдауын тауып отыр.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-шi сессиясындағы Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы әлем елдерінің қолдауына ие болды. Жаһандық саяси кеңiстiктің жаңаруы жағдайындағы Н. Назарбаевтың бұл ұсынысы ерекше өзектi болды. Елбасының Еуразиядағы бейбітшілікті сақтау мәселелері мен халықаралық қауіпсіздіктің кең белдеуін қалыптастыру жолындағы белсенді саясаты әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретіндегі жағымды беделінің қалыптасуына ықпал етті.
Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына жиырмадан астам азиялық ел мүше- мемлекеттер ретінде кірсе, әлемнің түрлі құрлықтарының оннан астам мемлекеттері бақылаушылар болып табылады. Сонымен бiрге Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралы жөніндегі кеңес жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ және АЕЛ секілді халықаралық ұйымдар ат салысуда. Республикамыздың азиялық және еуропалық қауіпсіздік құрылымдарында жауапты мүше ретінде араласуы оның беделін арттырып, түрлі пікіралмасу алаңдарындағы өкілеттілігін кеңейтті. Еліміздің басшылығы мен дипломатиялық кешенінің ерен еңбегінің негізінде еліміз көп жақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейiне шықты.



  1. Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған Евразиялық идеясы мен оның жүзеге асырылуы. Кеден Одағынан ЕвразЭО дейін.

Назарбаев мемлекеттердің Еуразия одағы атты жаңа интерграциялық бірлестік құру жөнінде алғаш рет 1994ж айтқан болатын. Әлемдегі ондаған мемлекеті Еуразия одағымен ынтымақтасу,оның ішінде еркін сауданы құру арқылы біріккісі келіп отыр.Осы мақсаттарда 2015ж 1 қаңтарда «Еуразия экономикалық одағы» туралы келісім күшіне енді.ЕАЭО туралы келісімге 2014ж мамырда Беларусь,Қазақстан,Ресей Президенттері қол қойды.Осы мемлекеттен басқа,Одаққа қосылуға қарашада Армения және желтоқсанда Қырғыз Республикасы мүше болады.Осы мемлекеттердің өз халықтарының өмір сүру деңгейін көтеру,экономикаларын тұрақты дамыту,бәсекеге қабілетін көтеру мақсаты болып саналады.
Еуразияшылдық идеяның негізі екі кезеңі бар ол біріншісі Савицкий,Вернадскийдың ой пікірлері,екіншісі Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы.Біріншіден Ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленеді,ал Қазақстандық батыстан алыстау емес,керісінше мемлекетаралық қарым қатынас орнатуға мән береді.Қазақстанның 2008ж қабылданған «Еуропаға жол» бағдарламасы осының дәлелі бола алады.Екіншіден Назарбаевтыкы орыстардыкіндей тар ауқымды емес,кең ауқымды жоба болып табылады.

  1. ҚР әлемдік қайшылықтарды реттеудегі бітімгершілік саясаты. ҚР Президентінің «Әлем ХХІ ғасырда» Манифесі мен оның маңызы.

2016ж Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммитте Н.Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» деген манифесті жариялады.Бұл манифестте «ХХІ ғасыр:Соғыссыз әлем» деген бағдарламасы болды.Бірінші бағыты: ядролық қарудан арылу арқылы бейбіт өмірге ұмтылу.Екіншісі тұрақты даму географиясын құрастыру,яғни тұрақты даму дегеніміз бір елдер озық,бір елдер кейін қалып жатады,озық елдер артта қалған елдерге қысым көрсетед деген мәселер еді,осының бәрінің тұрақтылығын қалыптастыру еді.Үшіншісі милитаризммен күресу,яғни қару жарақ сату,соғыс құмарлықтан бас тарту (милитарим соғыс деген мағынаны білдіреді).Төртіншісі қару жарақтан арылуды жаңа тарихи жағдайға бейімдеу.Және соңғы бесіншісі халықаралық қаржы,сауда және даму саласында әділеттіліктің болуы.Міне осылардың барлығы Қазақстанның бүгінгі кездегі экономикалық дамуы ғана емес,саяси дамуындағы бейбітсүйгіш мемлекет екенін көрсетеді.

  1. «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы: мәні мен маңызы. «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының негізгі құндылықтары

Тарихи сана- сезімнің қалыптасуы жолындағы келесі қадам- «Мәңгілік Ел» патриоттық акт идеясы болды. «Бес институтционалдық реформаны ісуе асыру бойынша 100 нақты қадам» деп аталатын ұлт жоспарындағы 85 ші және 89 ыншы қадамдар патриоттық әрекет жобасын құру міндеті түрінде «Мәңгілік Ел» идеясына арналған. «Мәңгілік Ел» идеясын Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған « Қазақстан- 2050 Стратегиясы» деген Жолдауында таныстырды. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылдың желтоқсанында жария етілгенімен, ол 2010 жылғы желтоқсанның 15 інде_- ақ « Қазіргі Қазақстанның жаңа нышаны және өз елінің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы көпғасырлық арманын жүзеге асырған Қазақстан халқының салтанаты» ретінде жарияланған сол аттас Салтанат қақпасында көрініс тапқан болатын.
«Мәңгілік Ел» идеясы Президентіміздің 2014 жылғы қаңтардың 17 індегі « Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауында толығырақ түрде айтылды: «Мәңгілік Ел»- ол біздің ортақ қазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата- бабаларымыздың арманы. Егемен дамуымыздың жиырма екі жылы ішінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін, еліміздің болашағының іргетасын құрайтын басты құндылықтарымыз жасалды. Олар іске аспайтын теориялардан алынған жоқ. Бұл құндылықтар- уақыт санынан өткен қазақстандық жолдың тәжірибесі.
Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана. Екішіден, ұлттың бірлігі, қоғамымыздағы бейбітшілік пен татулық. Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және биік руханият. Төртіншіден, индустрияландыру мен жаңғырту негізіндегі экономикалық өрлеу. Бесіншіден, бұл- жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Алтыншыдан, қауіпсіздік және еліміздің жалпыәлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге жахандық қатысуы. Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық,, ұлы жеңістерімізді мемлекет құратын жалпыұлттық құндылықтарымызда жатыр».
Бұл идеяның өзі қалыптасуы барысында мазмұны мен нышан белгісі жағынан да, жеке дара көзқарас тұрғысынан да белгілі бір өзгерістерге ұшырады. Идеяны ілгеріліткен Қазақстан Халық Ассамблеясы болды.
«Мәңгілік Ел» идеясы: жаңа қазақстандық отансүйгіштік қасиетке; барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігіне; қазақ тілінің жәнп тілдердің үш бірлігіне; мәдениет пен дәстүрлердің және өзіндік ерекшеліктің қайта жандануына тәрбиелейді.
Қазақстан өзін күллі әлемде танымал ететін нышандарды іздеуді жалғастырып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республиканың бүкіл дүние жүзіне танылатын, оны басқа елдерден қалыптастыратын белгі нышанын құру жайында ұсыныс жасады. Астанада сөйлеген сөзінде Елбасы: «Тіпті менің өзім де осы мәселе жайында ойлай бастадым. Мысалы, Жапония- Күншығыс елі, Корея- Таң самалы елі, Нидерланды- қызғалдақтар елі, Қытай- Аспанасты елі деп аталады. Ал біз- Ұлы дала еліміз!»- деді.
Президенттің сөзі бойынша, егемен ел болып, дамудың жиырма бес жылы ішінде бізде барлық қазақстандықтарды.біріктіретін және еліміздің болашағынң іргетасын қалайтын басты құндылықтар құрылды:
1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана
2. Қоғамдағы ұлттық татулық пен бірлік, бейбітшілік пен келісім.
3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық
4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу
5. Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы
6. Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы
7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы



  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен оның басымдықты бағыттары.

Қазақстанның бірінші жаңғыруы - осыдан 25 жыл бұрын, Елбасының егеменді демократиялық ел құрып, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу, тіпті дүние жүзінің картасында болмаған «Қазақстан» дейтін елдің тәуелсіз ел болып әлем алдында мойындалуын қамтамасыз ету жұмыстарының толығымен атқарылуы.
Еліміздің екінші үдемелі жаңғыруы – Елбасының 1996-2012 жылдардағы атқарған жұмыстары. Тұрақты экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Қазақстан әлемдік дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірді. Әлемдік екі ірі дағдарыстан аман өтіп, жас мемлекеттің әл-аухатын көрсетті. 2030 Жоспары мерзімінен бұрын орындалды.
Ендігі кезекте Қазақстанның үшінші жаңғыруы Елбасы тапсырмасымен қойылды. Ол жаңа жаһандық даму жолындағы халықтың әл-аухаты мен Қазақстанды дамыған 30 елің қатарына сенімді де нық кіруіне жол ашатын экономикалық өсімнің жаңы үлгісін құруы қажет.
«Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз» - деп сөзін бастаған Елбасымыз Қазақстан халқына егеменді ел болғалы аяққа тұрған жас мемлекетіміздің қазіргі таңдағы әлемдік дамыған алпауыт елдермен терезесі тең, әлем алдындағы беделінің артуының жолын саралап кезең - кезеңімен талдап айттқан еді.
Қазақстанның үшінші жаңғыруының қағидалары олар:
- қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін дамудың сапалы да жаңа технологиялық дәрежесіне өту;
- жаһандық мамандандыруды жоғардату арқылы әлемдік экономикаға толыққанды бірігу;
- жеке секторлар мен кәсіпкерліктерді экономикалық өсімнің негізгі жылжу күші ретіндегі жетекші рөлін мойындау;
- адами капиталдар сапасын көтере отырып еліміздің барлық азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер құру;
- ұлт бірлігі мен берекесін бұдан әрі нығайту.
Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз.
Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет