1. Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз не



бет6/6
Дата14.03.2023
өлшемі48,17 Kb.
#172386
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дәрістер

Дәріс тезисі
Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі ту- ралы» 2007 жылғы 21 шiлдеде қабылданған N:301 заңына сəйкес тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалар тағам өнімдеріне жатқызылған.
Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалар түсінігі (ағылшынша food supplements) қазіргі заманғы медицина жəне технологияға аз уақыт бұрын енді. Бірақ, өсімдік, жануар жəне ми- нералды текті əртүрлі табиғи компоненттерді эмпирикалық жəне діни бағытта іздеу, оларды аурудың алдын алу жəне емдік мақсатта қолдану əрекеттері ежелден белгілі. Жаңа эраға дейін Египет, Қытай, Тибет, Үндістан жəне басқа Шығыс елдерінде өсімдік, минералды жəне жануар препараттарының көмегімен əртүрлі ауруларды ем- деу жүйесі қалыптасқан, ал біздің эраның II ғасырында ежелгі Рим дəрігері Клавдий Гелен алғаш рет табиғат шикізатынан (тұнбалар, экстракттар, ұнтақтар) дəрілерді дайындау технологиясын ойлап тапқан.
XIX ғасыр аяғында жəне XX ғасыр басындағы химияның, əсіресе, органикалық синтез саласындағы жетістіктері фармаколо- гия саласында төңкеріс жасады жəне табиғи дəрілік құралдарды артқы жоспарға ығыстырды. Белгілі құрылымы бар таза химиялық қосылыстар, олардың жоғары тиімділігі жəне мөлшерінің дəлдігі, бір жақты бағытта əсер етуі, қазіргі заманғы химияның дерлік шек- телмеген мүмкіндігі фонындағы минималды жанама əсерлер – міне, осылар, осы уақытқа дейін дəстүрлі медицина деп аталатын салада біршама оптимистикалық болжамдар жасауға мүмкіндік бермеген жеткілікті сенімді аргументтер болып табылады.
Бекіту сұрақтары:
1.Тағамға арналған биологиялық қоспаға мысалдар келтіріңіз
2. Биологиялық белсенді қоспалардың заңнамалық жəне нормативтік базасына мысалдар келтіріңіз
3. Пробиотикалық өнімдер туралы айтып кетіңіз.
4. Биологиялық белсенді қоспалардың жіктелуі мысалдар келтіріп, маңызын түсіндіріңіз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.15.Тақырыбы: Биологиялық белсенді қоспалардың қолданылуын бақылау
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
2. Қазақстанда алғаш немесе жаңа енгізілген ББҚ
3. ББҚ-дың қаптамасына қойылатын талаптар.
Дәріс тезисі
ББҚ-ды дəрі ретінде емес, жоғарыда сипатталған қолдану бағыттары бар тағам өнімдерінің жеке топтары ретінде қарастыру қажет.
Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспаларды құрғақ жəне сұйық концентраттар, экстракттар, тұнбалар, бальзамдар, изолят- тар, ұнтақтар, сироптар, таблеткалар, драже, капсула жəне басқа түрлерін техникалық шарт, технологиялық инструкциялар жəне рецептураларға сəйкес əзірлейді.
Қазақстан Республикасында қолданыстағы ББҚ-ды мемлекеттік тіркеу жүйесі, олардың сапасын жəне қауіпсіздігін бағалау əрекеттері əлемдік тəжірибеге, жекелеп айтқанда, «Кодекс Али- ментариус» комиссиясының ұсынымдарына жəне Канада, Германия, Ұлыбритания жəне басқа елдер, соның ішінде АҚШ-тың тағам өнімдері, медициналық препараттар жəне косметикалық құралдар жөніндегі 20.01.1999 жылғы федералдық актісіне сəйкес келеді
Əлемдік жəне отандық тəжірибені ескере отырып, Қазақстанда БАҚ өндірісін жəне өткізілуін бақылау жүйесі əзірленген. Қолданыстағы нормативтік құжаттар негізінде сапасын жəне қауіпсіздігін анықтайтын ББҚ – ның тұтыну қасиетін бағалайтын əдіснама бекітілген.
Бекіту сұрақтары:
1.ББҚ-ға анықтама беріңіз. Қазіргі заманғы адамның тамақтануында ББҚ қандай мəнге ие?
2.Арнайы тағайындалған өнім ретіндегі БАҚ-дың қазіргі заманғы жіктелуі.
3.ББҚ сапасы жəне қауіпсіздігін бағалауға қойылатын ерекшеліктер.
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет