1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Шет мемлекеттер тәжірибесінде 12 жылдық оқытуды ұйымдастырудың тенденциялары



бет35/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
27) Шет мемлекеттер тәжірибесінде 12 жылдық оқытуды ұйымдастырудың тенденциялары
Алыс және жақын шетелдік мемлекеттердегі білім беру жүйесін зерттеу барысында соңғы он жылдың ішінде жалпы орта білім беру жүйесінің құрылымында, оқыту мазмұнында айтарлықтай өзгерістер болғанын байқадық. Дамыған елдердің басым көпшілігінде жүзеге асырылып жатқан 12 жылдық білім беру жүйесі заман талаптарына сай оқушы жастарға сапалы білім берудегі өз оңтайлылығын көрсетіп отыр. Әлем елдері тәжірибесінде әр елдің, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әрқайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері бар. Кейбір шет елдерде, атап айтқанда, АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда, Қытайда – 12 жыл екен. Жалпы мемлекеттердің 80%-ында 12 жылдық білім беру жүйесі енгізілген. Енді осылардың бірқатарының тәжірибелеріне тоқталып өтейік.
Америка Құрама Штатының білім беру жүйесін зерттеушілер «демократиялық», «барлығы үшін ашық», «білім беру мүмкіндіктері тепе-тең» деп атайды. Ал оның құрамындағы әрбір штат білім мазмұны және құрылымымен, оқу бағдарламаларымен айрықшаланады. Соңғы уақытта АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды дайындыққа көп назар аударылған. Әсіресе, ауылдық мектептерде 5 жасар балаларды мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді. Барлық штаттар үшін білім алу ұзақтығы 12 жыл, оқу мерзімі 6 жас пен 18 жас аралығын қамтиды. Жалпы орта білімнің құрылымы – 6+3+3 немесе 8+4 (мектептің қай штатта орналасуына байланысты). Білім беру мемлекеттік оқу орындарында тегін, жекеменшік мектептерде ақылы түрде жүзеге асырылады 


28) 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бастауыш білім
Бастауыш мектепте оқытудың ұзақтығы – 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді және балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алты жас – баланың ақыл-ойының дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі.
Осындай мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, іске асырмаса бала бойындағы қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.
Бастауыш мектептің басты міндеті – баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.
Бастауыш мектепте оқытудың басты мақсаттары мыналар:
Баланың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, оны тұлға ретінде үйлесімді түрде дамыту, білім беру және тәрбиелеу;
Негізгі оқу әрекеттерін меңгерту және бақылау, өзіндік бақылауды жүзеге асыру;
Әр адамды азаматтық, рухани және адамгершілік, танымдық іс-әрекетке, өз бетімен оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау;
Білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету жолында оқу әрекеттерін игеру – бастауыш мектептің негізгі міндетіне айналды.
1-саты
Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)
Оқуды бастау жасы — 6 жас
Оқыту ұзақтығы — 4 жыл
1-сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі салаларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер дағдыларды игеруге, оқу және жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет