1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


Мақсаты: Бағдарламаның мазмұнын әдістемелік қолдауды және мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Міндеттері



бет31/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
Мақсаты: Бағдарламаның мазмұнын әдістемелік қолдауды және мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
-балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру салаларын кіріктіру;
- мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектептің сабақтастық ұстанымын іске асыру;
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және ата-аналарға кеңес беру.


23)12 жылдық мектептің басты ерекшелігі. 1-саты, 2- саты, 3-саты.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі-баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашықжеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуметін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. 
Оның жаңа құрлымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
1-саты-бастауыш мектеп (1-5-сынып), білім алу 6 жастан басталады, ұзақтығы-5 жыл. Мектепке бала 6 жастан қабылданады. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар.Бүгінгі күні баланы 5 жастан бастап тәрбиелейтін мектепалды даярлық бағдарламасының мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибеге енгізілгеніне бес жылдан асып кетті.
Ал 6 жасар баланы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері мен практикалық тиімділігі жан-жақты зерттеліп оқу-тәрбие процесіне енгізудің нақты қадамдары жасалуда. Оларды мектепке қабылдаудың, оның жас және жеке ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері тәжірибеге енгізіліп, еліміздің 104 мектебінде сынақ-тәжірибеден өтуде. Білім берудің бастауыш сатыдағы оқыту кезеңін бес жылға ұзарту мәселесі баланың физиологиялық, психологиялық дамуы мен дене бітімінің қалыптасуындағы жас ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қарастырылды. 2-саты-(6-10-сынып) жалпы орта білім беру дайындығының негізін қалап , оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүнитанымын кеңейтуді, сондай-ақ жеке тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындықтың енгізілуімен ерекшеленеді.
Ал, 12 жылдық білім берудің 3-сатысында (11-12-сыныптар) - бейіндік оқыту енгізіледі. Мұндағы басты мақсат-оқытудың даралау мен саралауға бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау. Бейіндік оқыту идеясы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңде қоғамды демократилландыру процестерінің әсерінен туындап отыр. Елімізде біраз уақыттан бері білім беру жүйесіне еніп, өзіндік бағыт алған гимназия мен лицейлердің, дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің тәжірибесі осы бейіндік оқытудың қоғам үшін қажеттігін айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет