1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


Коммуникативті құзыреттілік



бет30/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
22)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жалпы мәдениетті қалыптастыруға, дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық және жеке қасиеттерін дамытуға, оқу әрекетінің алғы шартын қалыптастыруға, мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулықтарын нығайтуға және сақтауға бағытталған.Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқыту және балалардың қабілеттерін дамыту, балалар еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы болғандықтан қоғам үшін өте маңызды болып табылады.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеті Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту негізінде мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын жетілдіру және білім беру үдерісіне инновациялық әдістер мен технологияларды ендіру.Осы мақсатқа сәйкес жаңа технологиялар мен әдістерді қолданып, отандық шығармалардың көлемін арттырумен мектепке дейінгі білім беру мазмұнына бірыңғай талаптарды, жүйелілікті, тұтастықты, сабақтастықты және үздіксіздікті қамтамасыз ететін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.
АталғанМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына арналғанәдістемелік нұсқаулық Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) талаптарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына әдістемелік көмек көрсетуге арналған және Бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады. Нұсқаулық сабақтастық, жүйелілік, бірізділік, вариативтік, кіріктіру педагогикалық ұстанымдары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушы және оқыту мақсаттарының бірлігі негізінде жасалған. Осы құралда балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы мазмұнды іске асырудың түрлері мен әдістері берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет