1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Бейіналды даярлық. Бейіналды даярлығының міндеттері



бет26/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
15) Бейіналды даярлық. Бейіналды даярлығының міндеттері.
Бейіналды даярлықтың мақсаты «Оқушыларды бейіналды даярлау және жоғары сыныптағыларды бейіндік оқыту тұжырымдамасында» көрсетілген. «Окушыға өзін-өзі анықтай алуына жағдай жасау, жалпы білім беру мектебінің сыныптарында, кәсіби мамандандырылған мекемелерде де бейіндік оқуды таңдауларын қамтамасыз ету» мәселесі де тұжырымдамада айтылады. Соған сәйкес оқушының бейіналды даярлығына келесі талаптар қойылады: түрлі бейіндік оқуды таңдаудағы өзінің қабілетін объективті түрде бағалай алуы; қызығушылығы мен қабілеттілігіне сәйкес бейіндік оқуды таңдай алуы; таңдаған бейін бойынша оқу мотивациясының жоғарғы деңгейінің қалыптасуы. Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін бейіналды дайындықты іске асыру моделі жасалды «1 сызба». Бейіналды дайындықты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады: бейіналды дайындықты психологиялық-педагогикалық; теориялық-әдіснамалық; ғылыми-әдістемелік; құқықтық-нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету.


Бірінші ұстаным бойынша бейіналды дайындықты психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін, психологтың оқушымен ғана жұмыс істеуімен тынбай, оқу-тәрбиелеу үрдісіне мұғалімдер мен ата-аналарды қатыстыра отырып, жұмысты ұйымдастыру талабы туындайды. 
Екінші ұстанымда бейіналды оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздеріне сүйенудің қажеттігі көрсетіледі. Бұл мәселеге орай, бүгінгі күні оқушыларды бейіналды даярлау және жоғарғы сыныптағыларды бейіндеп оқыту тұжырымдамасы жасалып отыр.
Үшінші ұстанымда бейіналды дайындықты ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету көзделеді. Оған мұғалімнің әдістемелік даярлығын жетілдіру (тақырыптық семинарларға қатысу, тәжірибе алмасу), өзіндік білім алуы; бейіналды даярлықты тиімді іске асыру үшін оқушылардың танымдық қызығушылықтарына негізделген элективті курстарды іріктеп алу немесе оларды оқушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен икемдерін, аймақ ерекшеліктерін ескере отырып, модификациялау; өздігінен курс бағдарламаларын жасау кіреді.
Төртінші ұстаным бойынша бейіналды дайындықтың құқықтық-нормативтік жағынан қамтамасыз етілуі бірқатар құжаттармен белгіленеді. 
Жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысы қазіргі білім беруде негізгі орын ала отырып, көбіне кәсіби білім беру жүйелерінің мүмкіншіліктеріне және жас адамдардың кәсіби әрекетінің сапасына үлкен әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет