1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


)Құзыреттік тұрғылар негізінде білім мазмұнын жетілдіру



бет42/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
5)Құзыреттік тұрғылар негізінде білім мазмұнын жетілдіру.

6)12 жылдық орта білім берудің мазмұны. Базистік оқу жоспары. Мектептің оқу жоспарының екі түрі.
12 жылдық білім берудің маңызды тұстарын жіктеп көрсек:
Біріншіден, мектептегі оқушылардың шығармашылық дамуына, тұлға болып қалыптасуына барынша ықпал етеді.
Екіншіден, әлемдік білім беру жүйесіндегі мықты бәсекелестікке қарсы тұрып, заманауи білікті мамандардың артуына өз септігін тигізеді.

Үшіншіден, мұғалімдердің өз салаларына деген жауапкершілігін арттыра отырып, оқушы мен ұстазды ортақ шығармашылық арнаға салады. (Бұрын бұндай ортақ арна болмады деп айтуға болмас. Алайда, жаңа жүйе әлемдік тәжірбиелерден толықтай өткендіктен де, біздің білім беру жүйесіне тереңірек еніп, оң нәтиже берері анық.)


Төртіншіден, жаңа жүйені меңгерген оқушы болашақ мамандығына тікелей жол алып, бағытталып шығады.
12 жылдық білім беру жүйесінің нәтижелі болуына басты себепкер - білікті мұғалім. Себебі, оқушы мұғалімнің айтқанымен шектелмей ары қарай өзін-өзі алып кете алатын деңгейге жету керек. Ол үшін әрбір ұстаз оқушы талабын қанағаттандыра отырып, кәсібиліктің биік шыңынан көріне білген жағдайда, жүктелген міндеттерді атқару жеңілге түседі. Қанша жылғы білім жүйесін енгізіп, қандай тәртіп орнатсақ та, білікті мамандар мен талапты шәкірттер қатары аз болған жағдайда кез-келген жүйе ілгері баспайтыны анық.
Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің алғашқы сатылары 2011-2014 жылдары қолға алынған болатын. Осы жылдардан бастап мектептерде оқулықтар жаңартылып, жаңа стандартқа икемделе бастады. XXI ғасырдың зерек жастарына жаңаша ойлау мен өзгеше жүйеде білім беру бүгінгі таңның басты талабы екенін ескерсек, бұл өзгерістер толығымен қолдауға ие болары сөзсіз.



7)12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері
1) 12 жылдық білім берудің мақсаты:
Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға дамытып қалыптастыру.

2) 12 жылдық мектептің негізгі міндеттері:


- Оқуға үйрету
- Өз тағдырын өзі шешіп, өмірін ұйымдастыруға үйрету
- Ойлауға үйрету

Міндет:1
-шығармашылықпен жұмыс істей алатын белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол адамгершілігі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру


Міндет:2
-өмірлік бағдарын белгілейтін әлемдік біртұтас көзқарасты, тұрақты, әлеуметтік мақұлданған құндылық бағдарын қалыптастыру;
Міндет:3
-Қазақстан халқының мемлекеттік рәміздеріне, тіліне, дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметке, адамның жеке құқығының бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;
Міндет:4
-оқушылардың сапалы білім алуға, біліктілігін көтеруге деген ынтасын арттыру
Төмендегілерді ескере отырып
- Оқушылардың нақты мүмкіндігі - оқушылардың жеке басының ерекшеліктері
- Оқушылардың ішкі өзіндік қажеттілігі

1-саты
Бастауыш білім.


1- 5 сыныптар.
Оқудың басталуы 6 жастан.
Оқу мерзімі 5 жыл
Негізгі міндет – жалпы білімдік іскерліктер мен дағдыларды меңгеру, өзін-өзі дамыту жолында білімдер мен біліктерді игеру, шығармашылық-зерттеушілік іскерліктерін дамыту, оқуға ынталандыру, тұлғалық жеке ерекшеліктерін ескеру

2-саты
Жалпы негізгі білім.


6-10 сыныптар.
Негізгі мектеп.
Оқу мерзімі: 5 жыл
Негізгі міндет – оқушыларды тұлғалық-даралық бағытта оқытып тәрбиелеу. Оқушыларды базалық білім негіздерімен қаруландыра отырып, оның жоғары мәдениетті, әдепті қарым-қатынас түзе алатын, мамандыққа деген көзқарасы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру. Алдын-ала бағдар беруге дайындық енгізіледі.
3-саты
Жалпы орта білім
11-12 сыныптар.
Бағдарлы мектеп
Оқу мерзімі 2 жыл
Негізгі міндет – бағдарлы білім беру.
Бағдарлы білім беру – оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік алады. Инварианттық компонент. Мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының барлық оқушылар меңгеруге тиісті бөлімі
Жеке тұлғалық бағыттағы компонент. Вариативтік бөлім. Оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты меңгеретін мектеп ұсынған арнайы таңдау курстары, оқу жоспары. Бағдарлы компонент Профильдік оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұнынға сәйкес тереңдетіліп оқытылатын оқу курстары мен таңдаулы курстар
Негізгі компетенциялар
1. Құндылық-бағдарлық компетенция
2. Жалпы мәдени компетенция
3. Мазмұндық-білімділік компетенция
4. Коммуникативтік компетенция
5. Ақпараттық компетенция
6. Әлеуметтік-азаматтық компетенция
7. Өзін-өзі жетілдіру компетенциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет