1. Бекіту конференциясы Жеке тапсырмалардың орындалуы



бет11/12
Дата06.04.2023
өлшемі181,53 Kb.
#173902
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Садық А.Б практика бойынша есеп
Дәріс.19-20, Дәріс.№7-8.Doc3, Дененің еркін түсуі. 9-сынып2222222, Есептер шығару №2 Комбинаторика және ықтималдықтар теориясы, Соц паспорт учащегося (7)
Сабақ кезеңдері

Мұғалім пікірі

1


Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?





Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

2


Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?





Жаңа сабақ. Сабақта оқушыларға білім дайын түрде ұсынылмады, оны мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше алу қажет болды. Ішінара іздену арқылы берілген суреттер бойынша сабақтың тақырыбын анықтап, өздері білген ақпаратпен байланыстыра отырып, жұппен, ұжыммен жұмыс (белсенділіктерін арттыру үшін), ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту үшін) жүргізілді.

3


Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?


А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

А) Ақпарат туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу;
Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;
Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтыры тұрды.

4


Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?





өмірмен байланыстыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдермен, ойындар өткіздім.

5


Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс
болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

6


Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.



«Блум түймедағы», «Телебағдарлама жүргізушісі» әдіс – тәсілдері, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту», «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтері ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізе отырып оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды».

7


Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?





Өз ойын жетік жеткізе алатын оқушылармен жекелеген жұмыс жүргіздім, себебі ол оқушылар білімдік танымы жоғары деңгейдегі оқушыларым еді. Ал білімділік дағдысы төмен, ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға өз тарапымнан қолдау көрсетілді.

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)



Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар мен берген тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.

9


Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды?

Интербелсенді тақта, компьютерлер

10


Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Сабақ барысында тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың бір бірімен ақылдаса жұмыс жасауы, ұйымшылдыққа, бір біріне сенім білдірулеріне, бір бірінің жауабын сыйластықпен тыңдауы басшылыққа алынды.

11


Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма:113 бет, 5-жаттығуда сөйлемдерді оқу. Қатесін тауып, түзетіп жазу.

12


Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.

13



Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?

Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет