9билет
1.Вет.Сан сараптау пәнінің шығу тариxы
Біздің бұрынғы Кеңес Одағында ветсанитариялық бақылау жұмысы 17ші ғасырдан бастап дами бастады.1691,1713,1718,1719 жылдары бірінші Петр бұйрықтары бойынша :арық етті сатуға тыйым салынғын,мал союды,балық сатуды арнайы ережелер бойынша жүргізу керектігі анықталып жазылған.1722 жылы арнайы инспекция бекітілді олардың міндеті-сасық етті сптуға тыйым салу,айыппұл салу,айып төлемегендерді қамшымен соғу керектігін білдірген.1879 жылы Петербург қаласының әкімшілігі қалалық қоғамдық мал сою орынын ашуға шешім қабылдады.1888 жылы мал сою орындары Москвада,Киевте,Одессада кейіннен Семейде т.б қалаларда ашылған.19 ғасырдың ортасынан бастап көптеген ғалымдардың малдәрішерлік санитарлық сараптау спласында атақтары белгілі болды.Олар:И.И.Равич, В.Д.Вольфрец ,Н.П.Савватаев тағы да басқалары.Сүтті зерттеу жұмысына еңбек сңірген Н.В.Верещагин К.К.Ганиx.
Мал сою кәсіпорындарының даму жолында үлкен бір маңызды оқиға,букіл Ресейлік малдәрігерлер сьездері еді 1903,191.Айтылып өткен сьездер тариxта бірінші рет Ет өнімін брактау ережелерін қабылдады.1924 жылы ет өнімін брактау және сою малының ветсанитарлық бақылау ережесі қолданылды.1912 жылы Ресей де 425 коммуналдық мал сойыс орны болды.Лның 390 қалалық әкімдерге бағынды,ал қалғаны жеке меншіктің қолында болды.1937 жылдары 1-5ші дәрежелі ет комбинаттарында өндірістік бақылау бөлімдері құрылып ашылды.ӨМББ -негізгі мақсаты ет комбинатындағы өндірілетін ет өнімдерін ветеринарлық санитарлық тұрғыда қадағалау.30 жалдардың басындп ет,сүт өндірісінің саласында ғылыми зерттеу инстуттары ашылды .1918-20 жылдары Қазан ,Саратов,Харьков.1940-45 жылғы соғыс ет-сүт кәсіпорындарына көптеген зиян келді.1960 жылдан бастап ветеринарлық-санитарлық сараптау өте жылдам дами бастады.Басқа пәндермен байланысы:анатомия,микробиология,биологиялық xимия,патологиялық анатомия және клиникалық пәндер:эпизоотология,паразитология,токсикология радиобиология т.б
Достарыңызбен бөлісу: |