ІҚМ басын тексеру. Ерінің, танау тесігінің кілегейлі қабығын тексереді. Тілді бастан айырып бөлек алады .Пышақтың қырымен тілдің үстіңгі жағынан кілегейді қырып тастап, онда уытты жараның, эрозияның бар жоғын тексереді, мұқият қолмен басып қарайды. Еріндерді қолмен басып тексереді. Одан соң тілді қолмен ұстап, оны өзіне қарай төмендете тартады , ұлпаларды тілдің түбірінен ұзына бойына оң және сол жақтарына, ал көмекей жұтқыншақ маңынан көлддеңінен кеседі. Осылайша кескіндегеннен кейін екі ортаңғы жұтқыншақ түйін ашылады , оларды жарып тексереді.
Бастың оң және сол жақтарын сыртқы шайнау бұлшықеттерін 2 рет, ішкі шайнау бұлшық еттерін 1рет жарыстыра кеседі. Құлақтың төменгі жағнан, алқым және шеткі жұтқыншақ лимфа түйіндерін жарып кеседі . Сонымен қабат астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерді , тағы басқа сүйектерді қолмен басып тексереді. Осылай ретпен қоймен ешкі басында зерттейді.
Шошқа басын тексергенде жақ асты бездерін, сыртқы және ішкі күйіс бұлшық еттерін кесіп тексереді , алқым, құлақ қасы безін жарып зерттейді.
Жылқы, есек, қашар және түйе бастарын тексергенде, әсіресе танау қусын бөліп тұратын аралық шеміршекті, танау сүйектерін жарып кесіп, маңқаға қарсы тексереді. Шайнау бұлшық еттерін кеспейді.