Кеңістік пен уақытты қабылдау.
Кеңістік пен уақыт – материяның ӛмір сүруінің негізгі формалары. Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың кӛлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын, тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген сӛз. Кеңістікті қабылдау ӛте күрделі процесс. Мысалы: заттың кӛлемі мен түрін қабылдау – кӛру, сипай сезу, қимыл – қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Дүниедегі заттың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік немесе аласа т.б.). Сондай – ақ олар бізден түрлі қашықтықта тұрады.
Кеңістікте орналасқан заттың кӛлемін қабылдауда екі кӛзбен кӛрудің (биноқулярлық кӛру) маңызы зор. Ал бір кӛзбен кӛру (моноқулярлық кӛру) тереңдік жӛнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір кӛзді жұмып, екі қолды бір – біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады. Биноқулярлық қарауда екі кӛзге түсетін кескін қосылып кетеді де,
нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады.
Қашықтық пен заттардың кӛлемін қабылдауда кӛздің конвергенциясы, яғни екі кӛздің кӛрінетін затқа бір кӛздей болып әрекет етуі қажет болады (конвергенция – латынның конвергере деген сӛзі, қазақша жақындату деген мағынаны білдіреді). Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Кӛз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, кӛз ішке бұрыла береді. Кӛздің түрлі қашықтықтағы заттарды кӛруге бейімделу қабілеттілігін «аккомадация» деп атайды (Аккомадация – латынның аккомадатио деген сӛзі, қазақша кӛз үйрету деген мағынаны білдіреді). Кӛздің аккомадациясы хрусталь дӛңестігінің ӛзгеруіне байланысты жақын заттарды кӛргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.
Қашықтықты қабылдау ӛте күрделі процесс. Мәселен: іштен соқыр болып туған адам кӛзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның кӛзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды. Алыстағы заттар қозғалса да, ӛзі соқтығысып қалатындай кӛрінеді.
Уақытты қабылдау. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын ӛзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни ӛткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа ағады. Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер орын алады. Мысалы: ӛткен шақ адамға ӛте қысқа мерзімді болып кӛрінеді. Ӛткен шақты сағаттап санап отырмай, айлап, жылдап, ғасырлап есептейміз. Адам ӛмірінде оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем ӛтпей қояды. Ал адамның уақыты мағыналы, қызықты істерге толы болса, уақыттың қалай ӛткенін білмей қалады. Сол сияқты балалар үшін болашақ алыс, ӛтпейтін болады да, ересектер үшін тез ӛтіп кеткендей болады.
Қабылдау ойластырылған (ықтиярлы) және ойластырылмаған (ықтиярсыз) деп бӛлінеді. Ойластырмай қабылдау айналадағы заттардың ерекшеліктерін қабылдау. Мысалы: кӛшеде келе жатып машинаның гүрілін, адамдардың сӛзін естиді. Осы қабылдауда алдын – ала мақсат болмайды. Ойластырып қабылдауда адам алдына мақсат қояды. Объектіні таңдап алады. Мысалы: концерт тыңдау, баяндама тыңдау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |