Байқау және байқағыштық.
Айналадағы қоршаған дүниені тану процесінен қабылдау байқауға ауыса алады.
Байқау дегеніміз – адамдардың танып білгісі келген объектіні мақсатты жоспарлы түрде қабылдауы. Егер адам жүйелі түрде байқауға жаттықса, байқау мәдениетін жетілдірсе, онда оның бойында байқағыштық деген қасиет дамиды. Байқағыштық дегеніміз – кез – келген уақытта кӛзге ілінбейтін, ерекшеліктерді елей білу. Мысалы: бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың ұсақ түйектерін тек жақсы аңшы ғана байқай алады.Осы суретті А.Құнанбаев
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген ӛлеңінде жақсы кӛрсеткен:
«Біреуі кӛк, біреуі – жер тағысы Адам үшін батысып қызыл қанға. Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» -
деген ӛлең жолдарында кез – келген адамға байқала бермейтін кӛріністер сӛз болып отыр.
Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, оларды егжей – тегжейлі білуді, жіті кӛру мен қалтқысыз естуді, бір зат пен екінші заттың байланысын аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет – адамның ӛмір сүрген ортасына, алған тәлім – тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне байланысты.
Байқағыштық - ӛмірдің әр саласы үшін ӛте қажетті қасиет. Ол, әсіресе ғылыми жұмыста, мұғалімдік, дәрігерлік қызметте, ақын – жазушы, суретшілердің ӛмірінде ерекше орын алады.
Қабылдау мен байқаудың типтері.
Адамдардың барлығы бірдей қабылдай бермейді. Мұнда топ адамға тән типтік ӛзгешеліктер де болады.
Синтетикалық типтегі адамдар құбылысты жалпылап бейнелеуге тырысады. Олар ұсақ – түйектерге мән беріп талдамайды. Халық бұларды
«Кӛрмес түйені де кӛрмес» дейді.
Анализдік типтегі адамдар құбылыстарды жалпылама сипаттамайды. Олар бӛліп қарау, детальдарды, жеке жайларды талдайды, ұсақ – түйектен шыға алмағандықтан, олар тұтастай қабылдауға шорқақ келеді. Халық бұларды «түймедейді түйедей ететіндер» дейді.
Қабылдаудың ӛмірге ӛте икемді типі анализдік – синтездік түрі. Олардың қабылдауы мен байқауы жалпылай және жеке түрде болады.
Эмоциялық типтегілер құбылыстың бӛлшектерін кӛрсетуден гӛрі, сол құбылыстан алған әсерлерін білдіруге ұмтылады және қабылдауда долбарлау, қиялдап жаңа образдар қосу жағы басым болады. Оларға қабылданатын заттан гӛрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей, елжіреу, алдану т.б.) ерекше әсер ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |