Бірінші ерекшелігі - тәрбиенің көп қырлы факторлы процесс екендігі. Тәрбие
мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, мектеп, орта,
жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін
сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдалану басты ерекшелігі.
Екінші ерекшелігі – тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір бойы
тәрбиеленеді. Тәрбие ұзақ уақытты, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жүргізуді
қажет ететіндігімен ерекшеленеді.
Үшінші ерекшелігі - тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы.
1-сатыда: отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің
бастапқы ұғымдарын игеру. Сезімдер мен мінез-құлықтың алғашқы дағдылары
бойға қалыптасады.
2-сатыда: этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами
бастайды. Қоғамда тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.
3-сатыда: дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастың қалыптасуы.