№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар



Pdf көрінісі
бет163/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   293
Байланысты:
педагогика

Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар 
 
Тұлға  мәдениетінің  негізі  оның  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға 
қатынасынан көрінеді. «
Құндылық
» термині болмыстың белгілі құбылыстарының 
адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам 
қызметіндегі  заттар,  қоғамдық  қатынастар  және  олар  қамтыған  табиғат 
құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар 


сипатында іс-әрекетке қосылады, яғни бұлардың бәрі де жақсылық пен жамандық 
, шындық пен жалғандық, әсемдік пен ұсқынсыздық, әділдік пен әділетсіздік және 
т.б.  тұрғысынан  пайымдалады.  Белгілі  құбылыстарды  бағалауға  негіз  болған 
тәсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мәдениетте 
бекиді де адам әрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тәртіптік ұғым 
формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар және бағалар, бұйрықтар мен 
шектеулер, мақсаттар мен жобалар.  
Сонымен,  заттай  және  субъективті  құндылықтар  адамның  өзін  қоршаған 
дүниеге  болған  құндылықты  қатынастарының  екі  қарама-қарсы  (полярлы)  шегін 
аңдатады. Адам іс-әрекеті құрылымындағы құндылықты тараптар танымдық және 
еріктік құндылықтармен өзара тығыз байланысқан.  
Әрбір  тарихи  нақты  қоғамдық  құрылым  (формация)  өзіне  тән  құндылықтар 
жиынтығымен ажыралады. Ал одан түзілген жүйе әлеуметтік реттеудің аса жоғары 
деңгейі  сипатында  көрінеді.  Бұл  жүйеде  қоғам  не  әлеуметтік  топ  мойындаған 
өлшем-шек, талаптар (критерии) белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл 
талаптар  тұлға  қалыптастырудың  негізіне  алынып,  қоғамды  қалыпты  тәртіпте 
ұстауға жәрдемдеседі.  
Қоғам  өмірінің  кезеңдерінде  құндылықтар  жүйесі  өзгеріске  түсіп,  ауысып 
барады. Құндылықтар өзіне тән ерекшеліктерге ие. Олардың кейбірі тарихтың қай 
кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, ежелгі дүниенің тарих сахнасында 
өшкенімен,  онда  мұрат  етілген  эстетикалық  құндылықтар  әлі  күнге  дейін  өз 
маңызын  жоғалтқан  жоқ.  Ортағасырлық  ағару  (просвещение)  дәуіріндегі 
гуманистік, демократиялық идеялар бүгінгі заман қызметіне жарауда.  
Қоғамдағы  құндылықты  қатынастардың  аса  маңызды  элементтерінің  бірі  – 
құндылықты бағыт-бағдар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет