№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет165/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   293
Байланысты:
педагогика

Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру 
 


Соңғы  педагогикалық  зерттеулерде  «
тұлғаның  базалық  мәдениеті
»  түсінігі 
қабылданған. Адамның іс-әрекеті барысында жүзеге келетін білімдер , ептіліктер, 
дағдылар, ой-өріс, адамгершілік және эстетикалық даму деңгейі, ортақтасу әдістері 
мен формалары- бәрі қосылып, «тұлғаның базалық мәдениетін» құрайды. 
Тәрбие  тұлғаның  аталған  мәдениетін  дамытушы  әрі  қалыптастырушы  бірден 
бір құрал. Соңғы педагогикалық әдебиеттерде тұлғаның базалық мәдениетін түзуге 
көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:  
-  табиғатқа  бағытталған  құндылықтар  (адамгершілік  тәрбиесі,  тұлға  сапасы 
ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);  
- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын және оның құндылық 
мәнін  дәріптеу;  бақыт,  еркіндік,  ар-намыс,  әділдік-теңдік,  туысқандық  және  т.б. 
сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру);  
-  қоғамға  бағытталған  құндылықтар  (қоғамның  құқықтық  негізі  және  оның 
саяси  құрылымымен  танысу;  қоғамдағы  жеке  адам  проблемасын  зерттеу:  «Мен» 
және қоғам, отаншылдық тәрбиесі);  
- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету).  
Дәстүрлі  педагогикада  тұлғаның  базалық  мәдениетін  қалыптастыруға  орай 
жүргізілетін тәрбиелік іс-әрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Ғалымдардың 
көбі тәрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, 
М.П.Подласый, т.б.):  
- ғылыми дүниетаным қалыптастыру;  
- азаматтық тәрбие;  
- еңбек тәрбиесі;  
- адамгершілік тәрбиесі;  
- эстетикалық тәрбие;  
- дене тәрбиесі.  
Тәрбиелік істердің кейбір жетекші бағыттарының мазмұнын ашайық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет