«Тұлға», «жеке тұлға», «даралық» ұғымдарының ара қатынасы және
өзара байланысы
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, тұлға дегеніміз – ең жоғарғы
интегративтік жүйе, қандай да бір бөлінбейтін тұтастық деп айта аламыз. Солай
бола тұрғанымен, тұлға ұғымын зерттеушілер оның «Мен – жүйе» немесе «Мен»
деп белгілейтін өзіндік «ядросы» қалыптасатынын да мойындайды [6].
Тұлғаның аса маңызды белгілері оның саналылығы, жауаптылығы,
бостандығы, жеке қасиеті, жеке-даралығы болып табылады.
Тұлға өзінің қызметінде өзінің өн бойына қоғамдық ілгерілеушіліктің
үдерістерін қаншалықты көп сіңірсе, оның бойында әлеуметтік қасиеттер
неғұрлым анық көрінетін болса, оның қызметі қаншалықты шығармашылық
сипатта болатын болса, оның маңыздылығы да соншалықты арта түседі. Бұл
ретте «Адам» және «тұлға» ұғымдарының сипаттамасы «даралық» деген
ұғыммен толықтырылуы тиіс.
Даралық педагогикалық сөзіндікте тұлғаның бірегей, қайталанбас ерекшелігі,
тек соған ғана тән жеке-дара – психикалық қасиеттердің жиынтығы деп
анықталады. Адамның жеке даралығының қалыптасуының алғышарты оның
анатомиялық-физиологиялық негіздері болып табылады, олар тәрбие барысында
бірте-бірте өзгеріп, ашыла түседі [7].
Тиісінше, «даралық» ұғымы деп ерекше, ешкімге ұқсамайтын, рухани және
физикалық қасиеттермен толықтырылған тұлға сипатталмақ. Психологиялық
ерекшеліктері бірдей екі адамның болуы мүмкін емес – адамның болмысы өз
бірегейлігінде еш қайталанбайды. Бұл жәйт, мысалы, жаныңа жақын адамнан
айырылғандағы қайғырудың мәнісін анық түсіндіреді, өйткені сол адаммен бірге
адами қасиеттер мен ерекшеліктердің аса күрделі, ешқашан қайталанбайтын
және ешқашан орны толмайтын шоғырын жоғалтамыз. Міне, сондықтан да, тұлға
дегеніміз – ең алдымен, көзі тірі, өзінің жеке қасиеттері, ерекшеліктері,
кемшіліктері қатар жүретін нақты бір адам, оның күшті немесе олқы тұстары
қоғам өміріне белсене араласуынан, тәрбиесінен, білімінен туындайды. Мәселен,
мұғалімнің
бірегейлігі
оның
білімділігінен,
оның
педагогикалық
көзқарастарының тереңдігінен, балалармен жұмыс жүргізуінің ерекшеліктерінен,
жұмыстағы шығармашылық ұмтылыстарынан көрініп тұрады [8].
Осылайша, «даралық» ұғымы бір адамның екінші адамнан, бір тұлғаның
екінші тұлғадан айырмашылығын, олардың өзіндік әсемдігі мен қайталанбас
ерекшеліктерінің сыры неде екендігінің ортақ та бірегейлігін қамтиды.
Даралық әртүрлі тәжірибелердің, білімділік пен іскерліктің, ұстанымның
болуымен, мінез-құлық ерекшелігімен білінеді (біз өз даралығымызды
дәлелдейміз). Жеке-даралықтың негізгі өлшемдері мыналар болып табылады:
мотивация – салыстырмалы түрде алғанда орнықты және бірегей,
қайталанбайтын сарын жүйесі;
темпераменттілік – жеке тұлғаның жүйке қызметінің жүйке-серпін жағынан
алғандағы сипаттамасы;
қабілеттер – бір немесе бірнеше қызметтерді табысты орындауға қажетті
психикалық қасиеттер;
мінез – адамның өмір бойы қалыптасатын қасиеттерінің, әлемге, өмірге деген
көзқарастарының жиынтығы, олар оның барлық әрекеттері мен істеріне әсер
етеді.
Даралықтың құрамдас бөліктері:
индивидтің (бірегейліктің) (табиғи, туа біткен қасиеттердің) жиынтығы;
тұлғаның (қоғамдық, экономикалық, саяси, құқықтық қатынастардың т.с.с. )
жиынтығы;
қызмет субъекісінің (қызметтер мен олардың өнімділік өлшемдерінің)
жиынтығы.
Даралықтың тағы бір аса маңызды көрсеткіші – адамның игілікті,
шығармашылық қызметінің белсенділігі болып табылады. Белсенділіктің, ішкі
әлем қызметінің шиеленістілігі – жеке даралық пен руханилықтың көрсеткіштері.
Адам сипаттамасы неғұрлым толық болуы үшін біз «бірегейлік» ұғымын
сипаттап алуымыз керек.
«Индивид» (бірегей) ұғымы адамды биологиялық организм, Homo sapiens
биологиялық жаратылысының мұралық жалпы генотиптік қасиеттерін
жалғастырушысы деп түсіндіру үшін қолданады (біз бірегей болып туамыз).
«Индивид» - латын тілінен шыққан, мағынасы «бірегей» (қайталанбайтын).
Ұғым ретінде ол жеке адамды білдіреді. Бұл ретте әрбір ақыл-есі түзу адам
индивид болып табылады [8].
Индивид деп үлкенді де кішіні де, жаңа туған нәрестені де, тілді немесе
қарапайым ғана бір бейіндерді игере алмайтын мүгедекті де айта аламыз. Алайда,
осылардың алғашқылары ғана тұлға, яғни қоғамдық қатынастарға араласқан,
қоғамдық дамудың қайраткерлері болып табылатын әлеуметтік жаратылыстар
болып табылады.
Адам өмірге келгеннен-ақ индивид ретіндегі тұлғаға айналады, және бұл
үдеріс тарихи мәнге ие болады. Индивид бала жасынан бастап ендігі қалыптасып
үлгерген қоғамдық қатынастардың тарихи жүйесіне кірігеді [9]. Адамның
әлеуметтік топ ішіндегі одан әрі дамуы оны тұлға ретінде қалыптастыратын
қатьынастардың күрделі шырмауын тудырады. «Тұлға» ұғымының және оған
байланысты туыстық ғылыми санаттардың мәні осындай.
Сөйтіп, жоғарыда көрсетілген жағдайлар бізге мынадай қорытындылар
жасауға мүмкіндік береді:
адамға сырттан әсер ететін факторлардың барлығы түпкі мәнінде
орташаландырылған, әлеуметтік шарттарға байланысты жүйенің немесе
қызметтің ішкі шарттарының жиынтығымен өзгерістерге ұшырап, тұтастай
алғанда біз тұлға деп атап отырған құбылысқа айналады.
Қызметтің ішкі шарттарын әрекетсіз, өзгертуші құрал немесе қандай да бір
оптикалық призма ретінде қабылдауға болмайды;
Орташаландыру үдерісі тұлғаның объективті жағдайлармен өзара
әрекеттесуін, оларды өз қызметінде түрлендіруді көздейді, соның барысында
оның нысаны (қоршаған әлем) да, субъектісі де (тұлғаның өзі) өзгеріске
ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |