өзінің мәні, құндылығы және мақсаттылығы жағынан жеке тұлғаға
бағдарланған;
ұйымдастырылу үдерісі мен нәтижелерге анық қол жеткізудің кепілділігі
жағынан технологияландырылған;
үдерісті басқару әдістері мен оқыту сапасы тұрғысынан субъектішілік;
жеке элементтердің ішкі өзара байланысының жүйелендірілген;
ұйымдастырушылық-педагогикалық іске асыру нысандары, әдістері және
үлгілері жағынан вариативті;
субъектілерге және олардың маңайына қатысты экологиялық;
ғылыми дәстүрлерді сақтау мен мәдениеттің негізгі элементтерін
кіршіксіздендіру жағынан іргелі;
новациялар мен өзгерістерді енгізу жылдамдығы жағынан икемді.
Осылайша, қазіргі замандағы психологиялық-педагогикалық әдебиетте жеке
тұлғаға бағдарланған білім деп оқыту үдерісінің белгілі бір түрі саналады, онда
келесі жағдайлардың орнығуы шарт:
оқушы тұлғасы мен мұғалімнің тұлғасы оның субъектілері ретінде
қарастырылады;
білім берудің мақсаты баланың тұлғасын дамыту, оны бірегей және
қайталанбайтындай ету;
оқыту барысында баланың құндылықтарға бағдарлануы мен оның
сенімдерінің құрылымы ескеріледі, соның негізінде оның «ішкі әлемінің моделі»
қалыптасады, бұл ретте оқыту мен үйрету үдерістері оқушының таным
тетіктерінің, ойлау және өзін-өзі көрсету стратегияларының ескерілуімен
келісіледі, ал мұғалім-оқушы ара қатынасы өзара ынтымақтастық пен таңдау
еркіндігінің негізінде құрылады;
оқу үдерісінде оқушы балаға зор таңдау еркіндігі беріледі, осы еркіндіктің
шеңберінде оқушы мұғалімнің оқыту тәсіліне емес, мұғалім оқушының қарым-
қабілетіне қарай икемделуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: